2008-2015 жылдардың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі

 

Астана қаласы мәслихатының

2015 жылғы 18 наурыздағы

48-інші сессиясында

қаралған

 

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдарына, қалалық мәслихаттың Регламенті мен перспективалық  жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Тұрақты комиссияның құзыретіне жататын және Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасындағы бірқатар                         іс-шараның орындалуы тұрақты комиссияның бақылауында. Атап айтсақ, олар: елорданың инженерлік - коммуникациялық, коммуналдық - қызмет көрсету және көлік инфрақұрылымын дамыту, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері және бірқатар басқа да мәселелер.

Мәслихат сессиясы депутат ой-пікірін білдіретін және оның депутаттық қызметінің негізгі орны болып табылады. Өзінің депутаттық сауал салу құқығымен пайдалана отырып, депутаттар қала тұрғындарынан келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды жариялап жеткізеді, қаланың әлеуметтік пен экономикалық  дамуын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Есепті кезеңде 2014 жылғы наурыз айы - 2015 жылғы наурыз айы аралығында тұрақты комиссияның бастамашылығымен қалалық мәслихаттың сессияларында «Қаладағы қоғамдық көлік жұмысының жай-күйі және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы», «Елордадағы энергетика кәсіпорындарының жай-күйі және олардың тиімділігін дамыту мен арттыру жөніндегі шаралар туралы» сияқты мәселелер қаралды. Көрсетілген мәселелерді сессияға дайындау депутаттар, осы салалардағы мамандар, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ішінен жұмыс тобын құрудан, елордадағы көлік кәсіпорындарына, жылу-энергетикалық кешен объектілеріне  бару кестесін бекітуден, қалалық қоғамдық көлік көзғалысы бағдарларында рейдтер жүргізуден және басқа да іс-шаралардан басталды.

Қоғамдық көліктің жұмысы туралы мәселені талқылау кезінде депутаттар мен сессияға қатысушылар бағдарлардың қайталануына, қала көшелері бойынша автобустар арасындағы болатын жарыстарға, қалалық қоғамдық көлікте тұрғындарға қызмет көрсету мәдениетіне назар аударды. Автобус қозғалыстарының бағдарлары бойынша депутаттар өткізген рейдтер бірқатар проблема бар екендігін көрсетті, олардың барысында қала тұрғындары қалалық көліктің жұмысына қатысты депутаттарға өз ой-пікірлері мен арыздарын білдірді. Сессия қабылдаған шешімде депутаттар мен қала тұрғындарының ұсыныстары ескерілді. Уәкілетті органдарға қоғамдық көлік жұмысын жақсарту жөнінде нақты ұсынымдар берілді.

Тұрақты комиссия өз қызметінің бір бағытын, атап айтқанда - мәслихат қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды пайдалана отырып, ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен комиссия отырысында жоғарыда аталған шешімнің орындалу барысын қарады. Талқылау барысында депутаттар өткен кезеңде көптеген мәселе шешімін тапқанын атап өтті, бірақ көлік кептелісі, жолға түсетін үлкен жүктеме, жаңа бағдарлық желіні ендіру мәселесінің баяу қарқынмен шешілуі әлі де күрделі мәселе болып қалуда. Автомашиналар тұрағының мән-жайы да күрделі, ол апатты жағдайларға әкеп соқтыруда.

Бағдарлық  автобустардың  технологиялық тұрағы мен соңғы аялдамададан қайта шығуы үшін арнайы бекеттер салу мәселесі тиісті түрде шешілмеуде, қала шетінде жол салу мен оны қайта жаңарту, уақытында жол шұңқырларын жөндеу, қалалық қоғамдық көліктің бағдарлық желісі бойындағы жол учаскелерін жөндеу мәселесі де өзекті болып қалуда. Мәслихат сессиясының орындалмаған барлық ұсынымдары комиссия қабылдаған қаулыда көрсетілген.

Мәслихат депутаттары энергетика кешені объектілеріне бару және сессияда энергетика кәсіпорындарын дамыту мен олардың тиімділігін арттыру мәселесін талқылау барысында қаланың жылу - энергетикалық  жүйесінде бар бірқатар кемшіліктер мен шешілмеген проблемаларды атап өтті. Мысалы, жылуды есептеу құралдары мен жүйелеріне қызмет көрсету және олардың сақталуы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Ақмола АРЭК кәсіпорындарына тиесілі электр желілерін беру мәселелері шешімін таппауда. ЖЭО-1, ЖЭО-2 қайта жаңарту мен ЖЭО-3 салудың жұмыс кестесі орындалмауда.

Сонымен бірге сессияда қаланың ескі бөлігінде өтетін темір жол бойындағы бірқатар тұрғын алқапты электр энергиясымен дұрыс қамтамасыз етпеуге және сапасыз қамтуға байланысты мәселелер көтерілді,  жылу желілерін салуға, иесіз қалған жылу трассаларын жөндеу мен күтіп ұстауға уақтылы ақша қаражатын салуды қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ энергетика кешенінің кеңеюіне байланысты білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мемлекеттік органдар өкілдерінің назарын аударды.

Барлық жоғарыда аталған мәселелер орындарға барумен зерделенді, жылу - энергетикалық  кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартумен «дөңгелек» үстел отырысында талқыланды.

Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың халыққа қызмет көрсету жөніндегі қызметін жақсарту мақсатында тұрақты комиссия өзінің отырыстарында басшылардың есептерін тыңдайды және тиісті қаулылар қабылдайды. Осылайша, есепті кезеңде 2014 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін тұрақты комиссияның отырыстарында сәулет және қала құрылысы басқармасы, тұрғын үй басқармасы, тұрғын үй инспекциясы басқармасы, аудан әкімдері аппараттары басшыларының есептері тыңдалды. Барлығы 14 отырыс өтті, соның ішінде бір көшпелі отырыс, 20 мәселе қаралды.

Олар:

- Қала аумағында абаттандыруды, санитарлық күтіп ұстауды және тазалықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы;

-  Сәулет және қала құрылысы басқармасының қалада құрылыс жүргізудің бас жоспарын іске асыруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы;

- Астана қаласында «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы;

- Тұрғын үй инспекциясы басқармасының Астана қаласының тұрғын үй қорын және кондоминиум объектілерін күтіп ұстау ережесінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

Тұрақты комиссия қызметі бағыттарының бірін - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне сәйкес ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген ережелерді әзірлеу мен орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуды пайдалана отырып,  есепті кезеңде депутаттар комиссия отырыстарында Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау, серуенге шығару қағидаларының, Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларының жобаларын, Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу қағидаларына,   Астана қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп ұстау, тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына, Астана қаласында жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларына енгізілетін өзгерістерді қарады. Сонымен қатар, комиссия отырыстарында жолаушыларды тұрақты қалалық тасымалдау тарифтері, «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар бағдарларының тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының                        2012 жылғы 6 маусымдағы шешіміне өзгерістер енгізу және басқа да мәселелер қаралды.

Әкімшілер депутаттарға Қағидаларды уақытында қарауға ұсынбау мәселесі де бар. Мысалы, бірнеше ескертуден кейін ғана 2014 жылдың маусым айында Астана қаласында жылу маусымына дайындалу мен оны өткізу қағидалары бекітілді. Бүгінгі күні ұқсас жағдай Астана қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп ұстау, тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету қағидаларымен болуда. Жоғарыда көрсетілген Қағидаға енгізілген көптеген өзгерістер мен толықтырулардың қолданыстағы заңнамаға бірқатар қайшылықтары бар және де олар жұмыста айтарлықтай қиындықтар туғызуда. Коммуналдық шаруашылық басқармасы оларды екі рет тұрақты комиссия қарауына енгізген, алайда олар екі рет те пысықтауға қайтарылды. Бүгінгі күні біздің Коммуналдық шаруашылық басқармасына бірнеше жасаған  аталған өзгерістер мен толықтыруларды комиссия қарауына қайта ұсыну жөніндегі өтініштеріміз оң шешімін таппады. Ұқсас жағдай Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларымен де болуда. Депутаттардың ескертулерінен кейін Ауыл шаруашылығы басқармасы осы уақытқа дейін Қағиданың пысықталған нұсқасын ұсынған жоқ. Бағдарламалардың әкімшілері жақын арада мәслихат сессиясына жоғарыда аталған Қағидаларға енгізілетін өзгерістерді немесе Қағидаларды жаңа редакцияда ұсынады деген үмітімізді білдіреміз.

 

Аса маңызды және қоғам үшін мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында тұрақты комиссия өз қызметінде  жұмыстың Көпшілік тыңдау, Депутат күні сияқты тиімді түрлерін пайдалануда. Есепті кезеңде комиссия мынадай мәселелерді қарады:

- қаланың атқарушы органдары мен қоғамдық бірлестіктердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іке асыру жөніндегі бірлескен жұмысы туралы;

- Құрылыс басқармасының Астана қаласында салынатын әлеуметтік, мәдени және тұрғын үй - азаматтық мақсаттағы объектілердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы;

- 2020 жылға дейінгі перспективамен ортамерзімді кезеңде Астана қаласының шет аймақтарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы.

Қаланың шет аймақтарын дамыту мәселесі депутаттарда көптеген сұрақ туғызатынын жеке атап өткім келеді. Тұрақты комиссияның бастамашылығымен қолданыстағы Қаланың шет аймақтарын дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы 2014 жылдың қазан айында өткен көпшілік тыңдауда қаралды, онда Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Энергетика басқармасының басшылары атқарған жұмысы туралы есеп берді. Ұсынылған ақпаратты тыңдап және талқылап депутаттар қаланың қарқынды дамуын және қала тұрғындары санының жыл сайынғы өсуін ескерумен Тұжырымдаманы жаңартуды, тиісті қалалық басқармаларға жұмысын үйлестіруге және елорданың шет аймақтарының мәселелерін тиімді және жедел шешуге мүмкіндік беретін кейбір түзетулер енгізуді ұсынды. Бірақ, өкініштісі, осы уақытқа дейін жаңа Тұжырымдаманы әзірлеу мәселесін бағдарламалар әкімшілері шешпеуде. Аталған мәселе тұрақты комиссияның бақылауында.

 

Депутат күнінде «Қаланың атқарушы органдары мен қоғамдық бірлестіктердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іке асыру жөніндегі бірлескен жұмысы туралы» мәселесін талқылау  кезінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің басшысы депутаттарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді. Отырыс қорытындылары бойынша депутаттар елордадағы шағын және орта бизнес өкілдерін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша оқыту жөнінде                                  оқу-профилактикалық  жұмысты  ұйымдастыруға қатысты ұсыным жасады.

 

Комиссияның бастамасы бойынша қаланың энергетикалық кешенін, көше-жол желісін дамыту, оны күтіп ұстауды қамтамасыз ету мен елордада көлік қызметін көрсетуді жақсарту мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек» үстелдер өтті.

Еліміздің негізгі заңында белгіленген өзінің мәртебесіне сәйкес мәслихат депутаттары халық өкілдері болып табылады және олардың халықпен, яғни сайлаушылармен өзара байланысы тығыз және тұрақты болуы тиіс. Сондықтан депутаттар - комиссия мүшелері қала тұрғындарымен тұрақты негізде кездеседі, олардың қабылдау кестелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Азаматтардың сұрақтары, арыздары мен өтініштері тұрақты бақылауда және де сайлаушыларға мүмкіндігінше олардың туындаған және өзекті мәселелерін шешуге көмек көрсетіледі. Депутаттар өз округтерінде түрлі акциялар өткізеді. Мысалы, жаңа оқу жылы қарсаңында «Портфель мен оқушы киімі сыйлыққа» деген акция өтті, әрбір сайлаушының проблемасына депутаттар жеке назар аударуда.

 

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауының жұмысына қатысу комиссия мүшелері қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Азаматтардың өтініштерін талдау көрсеткіндей, тұрғын үй беру, мектепке дейінгі мекемеден орын алу, білікті медициналық қызмет көрсету, жол сапасы, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы және көптеген басқа да мәселелері ең жиі кездеседі.

Сонымен бірге, комиссия мүшелері: Шекенов Мирас Ерғалиұлы, Богатырев Сергей Николаевич, Хахазов Шакир Хусаинович, Жауһанов Қайрат Кеңесбекұлы, Ким Алмаз Феликсович, Егінбаев Төкен Жылқайдарұлы сессия мен тұрақты комиссия отырыстарының жұмысына қатысуымен бірге елорданың әлеуметтік-экономикалық өміріне, қала әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңестерінің, қалалық пен ведомствоаралық комиссиялардың мүшелері бола тұра қала тұрғындарының өмір деңгейін жақсартуға тікелей қатысады, жеке бастамалары бойынша меншік қаражаты немесе демеушілік көмекті тарту есебінен қалалық акцияларды қолдайды, мұқтаждыларға, көпбалалы, табысы төмен отбасыларға атаулы көмек көрсетеді.

Соңында тұрақты комиссияның мүшелеріне жемісті және белсенді жұмысы үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер, сонымен бірге алдағы уақытта да комиссия қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мәселелерін шешу үшін өз қызметін жандандырады деген сенім білдіремін.

 

 

Астана қаласы мәслихатының 

2014 жылғы 27 наурыздағы

31-сессиясында қаралды

 

 

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі

 

Сіздердің назарларыңызға құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың наурызына дейінгі жұмысы туралы есепті ұсынып отырмыз.

Өз құзыреті шегінде тұрақты комиссия аясында құрылыс, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй қорын пайдалану, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету мәселелері қарастырады, құрылысты басқару, инженерлік-коммуникациялық, коммуналдық-қызмет көрсетуші, қаланың көлік минфрақұрымын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруға бақылауды жүзеге асырады.

Есептік кезеңде 12 отырыс өткізілді, оның ішінде жоспарлы 5 отырыс өткізілді, онда 16 мәселе қаралды, оның ішінде бүгін талқыланған проблема қарастырылды. Сессияға аталған мәселені дайындау кезеңде біз қаланың көлік кәсіпорындары мен таксомотор компанияларына барып қайттық, дөңгелек үстел ұйымдастырылды, автобустар қозғалыстарының бағыттары бойынша рейдтер жүргізілді, қаланың қоғамдық көлігінің жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірленді, олар қабылданған шешімге енгізілді.

Бүгінгі жұмыстың процесінде тағы бір ұсыныс енгізгім келеді – бұл бұрыннан бар қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі комиссия жұмысын қалпына келтіру, өкінішке орай ол қазір жұмыс істемейді. Өйткені баяндамадан біз қоғамдық көлікті және жалпы алғанда, қалада апаттылықтың артқанын білеміз және сондықтан бұл комиссияның жұмысы қажет.

Келесі мәселелер талқыланды:

-          қаланың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту;

-          қала аумағында жер ресурстарын тиімді пайдалану;

-      кәріздік-тазалау құрылғыларын және «Талдыкөл» су жинақтағышын қайта жөндеу бойынша іс-шараларды іске асыру және тағы басқалары.

Мысалы, депутаттық корпустың барлығының «Талдыкөл» ағынды су жинақтағышын жою» жобасын іске асыру аясында салынған нысандарға  барып-қайтуы бірнеше жыл қатарынан көтеріліп келе жатқан проблемаларды шешу бойынша жұмыс барысымен сол орында танысуға мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстар ауа беру жүйесін, аэротен ішінің аумағын өзгерту, аэротенкте ұсақ көбікті аэрация енгізу енгізу арқылы электр энергиясын 21 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Нысандарға барып-қайтуда суды тазалағаннан кейінгі судың сапасына, жобаны іске асырудың нақты мерзімдері, орнатылатын жабдықтың сапасына қатысты  көптеген сұрақтар айтылды.  Барып-қайту қорытындысы бойынша депутаттар басқа мемлекеттердің тазалау құрылғыларын салу саласындағы тәжірибесін пайдалана отырып, ғылымды қажетсінетін технологияларды кеңінен пайдалану, алдағы уақытта лай тұнбаларын пайдалану нұсқаларын ұсынды. Қарастырылған  мәселелер бойынша қаулы қабылданды, онда жұмысты жақсару және көзделген іс-шараларды, оның ішінде елорданың тіршілік әрекетінің басқа бағыттарындағы іске асыру ұсыныстар берілді.

Комиссия жұмысының маңызды учаскесі – мәслихаттың қабылданған шешімдерін, жеке қаулыларының орындалуын бақылау. Оған растау ретінде комиссияда келесі мәселерді қарастыру:

-   «Елордадағы тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оларды дамыту перспективалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі шешімінің орындалу барысы туралы»;

-   «Қаржы басқармасының Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді тиімді басқару бойынша жұмысы туралы» қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қаулысының орындалуы туралы».

Сонымен, мысалы, елордада тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша мәслихаттың шешімдерін іске асыру барысы туралы мәселесін қарастыру кезінде көптеген мәселелер оң шешім тапқандығы, бірақ кредиттік тұрғын үйлерді кейбір бас мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты уақытылы пайдалануға беру жоспарының орындалмауы өзекті мәселелердің бірі болып қалып отырғандығын атап өтті. Техникалық, сметалық құжаттамалардың болмауы, жер учаскелеріне тыйым салу түрінде ауыртпалық салу, пайдаланушы ұйымдардың нысанды қабылдау кезіндегі ескертулері нысандарды қаланың коммуналдық меншігіне уақытылы тапсырмаудың негізгі себептері болып табылады.

Барынша өзекті және көкейтесті мәселелерді талқылау үшін көпшілік тыңдауды пайдаланады. Мәслихат жұмысының аталған форматтарында комиссияның бастамасы бойынша депутаттар келесі мәселелерді талқылады:

-   Астана қаласы аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі;

-   алғашқы кезектегі нысандарды салу жоспарларын іске асыру;

-     тұрғын үй қоры мен көп пәтерлі үйлердегі орын-жайлардың меншік иелерінің жалпы мүлкінің техникалық күйін қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстау және қолданыстағы нормативтік және жобалау құжаттамаларына сәйкес жөндеу бойынша жұмыстарды уақытылы орындау;

-   елордада экологиялық жағдайдың жай-күйін жақсарту және оларды алдағы уақытта жақсарту шаралары.

Көпшілік тыңдау қатысушыларының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, тұрақты комиссия тиісті ұсыныстарды қабылдады, оларды іске асыру үшін  қала әкімдігі, басқармалары мен департаменттер, қоғамдық бірлестіктер мен басқа қала құрылымдарының атына жолданды.

Сессияда мәселені қарастырудың алдында қандай да бір қоғамдық өмір саласының проблемасын зерттеу бойынша маңызды жұмыс аспектісі - дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Сессияға бүгінгі мәселені дайындау аясында дөңгелек үстел өткізілді, жоғарыда атап өткендей, онда ағымдағы жағдайды және көше-жол желісін дамыту мен қала тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту жұмыстарындағы бар проблемалық мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша көлік саласындағы және жол инфрақұрылымындағы проблемаларды дамыту және шешу бойынша ұсыныстар берілді.

Тұрақты комиссия мүшелері Қағиданы әзірлеуге тікелей қаысады, Қағиданы бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2012 жылы тұрақты комиссияның есебінде біз атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Астана қаласындағы жылыту маусымына дайындау және өткізу қағидасы ұсынылуы тиіс болған. Екі жыл өтті, бірақ бүгінгі күнге дейін аталған Ереже екі рет қайта өңдеуге қайтарған соң мәслихатқа ұсынылған жоқ.

Қала аумағында қолданылатын қолданыстағы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар уақытылы енгізілмейді: Иттер мен мысықтарды ұстау қағидасы, Абаттандыру, санитарлық ұстау және Астана қаласының аумағында жинастыру және тазалықты қамтамасыз ету қағидасына уақытылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді. Атқарушы органдар біздің айтқан ескертулерімізді ескереді және мәслихатқа жоғарыда аталған Қағидаларды ұсыну бойынша шараларды қабылдайды деп үміттенеміз.

Депутаттық сұрау салу құқығын пайдалана отырып, депутаттар ішкі орамдық аумақтарды абаттандыру, жолдарды салу және қайта жөндеу, көшелерді жарықтандыру және т.б. мәселелерді шешуге жәрдем көрсетеді. Сайлаушылардың сұрау салуын орындау депутаттардың ерекше бақылауында.

Өз қызметінде тұрақты комиссия мүшелерін азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерімен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Сонымен есептік кезеңде тұрақты комиссия мәжілістерінде қаланың жолаушылар көлігі кәсіпорындары басшыларының қалалық қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру қызметін жақсарту мәселелері бойынша өтініш жасады, оның қорытындысы бойынша 2013 жылы азаматтардың жеңілдікті санатты азаматтарын тасымалдау бойынша тасымалдаушының шығындарын жартылай өтеу мәселесі шешілді. Сондай-ақ, Бұланты көшесі, 4 мансард құрылысы үлескерлерінің мәселесі бойынша «Жеңіс» ЖСК және құқық белгілейтін құжаттарын ұсыну мәселесі бойынша «Алтай» ТК тұрғындарының өтініштері қаралды. Қаралған өтініштер бойынша қаулылар қабылданды.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауындағы жұмыс, депутаттардың атқарушы органдар жанындағы түрлі комиссияларға қатысуы негізгі жұмыс нысандары болып табылады, олар депутаттарға халық қалаулысының өкілеттерін табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

Әрбір депутат азаматтарды тұрақты түрде қабылдауды жүргізеді, сайлаушылармен кездеседі, сондықтан олардың күнделікті қажеттіліктері мен келелі мәселелерін жақсы біледі, сайлау алды бағдарламасында берілген уәделерінің орындалуын бақылауда ұстайды. Тұрақты комиссия мүшелері қаланы дамыту салаларының басшылары болып табылады және өзінің айналысып жүрген қызметіне орай қала халқының проблемаларын күнделікті шешеді.

Қорытындылай келе, комиссия төрағасы Мирас Ерғалиұлы Шекеновке, комиссия мүшелері Қайрат Кеңесбекұлы Жаухановқа, Төкен Жылқайдарұлы Егінбаевқа, Шакир Хусаинович Хахазовқа, Алмаз Феликсович Кимге жемісті жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді және тұрақты комиссия алдағы уақытта да қала халқының өмір тіршілігін жақсарту мәселелері қарастыру үшін өз қызметін алдағы уақытта да жандандыра түсетініне сенімдімін.    

 

 

 

 

Астана қаласы мәслихатының

2013 жылғы 28 наурыз

14 сессиясында қаралды

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2012 жылға арналған есебі

 

Бесінші шақырылым депутаттарының шақырылғанына тура бір жыл өтті және өткен жыл еліміздегі ғана емес, сонымен қатар елордадағы ауқымды саяси, экономикалық оқиғаларға толы болды, оған құрылыс, экология, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның белсенді қатысқандығын атап өтуге болады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына сәйкес, сіздер білесіздер, бірінші ұйымдастырушылық сессиясында елордалық мәслихаттың жанынан төрт тұрақты комиссия құрылған болатын, олардың қызметі сессия қарауына шығарылатын мәселелерді алдын-ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдем көрсету, өз өкілеттері шегінде бақылау қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған.

Олардың бірі қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы болып табылады. Оның қызметінің түрлі бағыттары туралы осы комиссияның аталуынан көруге болады. Бұл – елорданың өмір тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері, құрылыс мәселелері, көлік, сауда, халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету мәселелері, қоршаған ортаны қорғау мәселелері және тағы басқалары. 2012 жылға арналған оның қызметін талдай отырып және қорытындылап, комиссия үлкен жұмыс жүргізгендігін атап өтуге болады.

Есептік кезеңде тұрақты комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, қалалық мәслихаттың регламентіне және перспективалық жоспарына сәйкес жүргізуде.

Басымдылықты сақтай отырып, тұрақты комиссия қала әкімдігімен, бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп қалалық жоспарларды және құрылысты дамыту, инженерлік-коммуникациялық, коммуналдық қызмет көрсететін, көлік инфрақұрылымы және т.б. бағдарламаларын іске асыруда.

Өткен жылы тұрақты комиссия мүшелерінің «Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары туралы» шешімінің орындалу барысы туралы» тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту перспективалары туралы» мәселе қаралды. Оны дайындау барысында комиссияның бастамасымен тұрғын үй құрылысы объектілерін барып-қайту ұйымдастырылды. Бұл – тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан кешендер, «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ желісі бойынша азаматтардың барлық санаттарына арналған тұрғын үй кешендері.

Сонымен қатар, Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысының проблемалары Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің, Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының, Тұрғынүйжинақбанкі филиалы өкілдерінің, атқарушы органдар және ірі құрылыс компаниялары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел форматында талқыланды. Аталған мәселені қарастыру қала үшін халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу мәселесінің өткір мәселелердің бір болып отырғандығын көрсетті. Жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына тиісті деңгейде бақылаудың болмауы пайдалануға берілетін объектілердің сапасына, оларды тапсыру мерзімдеріне ықпал етеді. Аталған мәселенің өзекті болуына байланысты 2013 жылы комиссия мәжілістерінің бірінде «Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары туралы» шешімінің орындалу барысы туралы» мәслихат шешімінің орындалу барысын қарастыру жоспарланып отыр.

Өзекті мәселелерді талқылауда мәслихат жұмысының барынша қызықты және тиімді нысаны көпшілік тыңдаулар болып табылады. Тұрақты комиссияның бастамасы бойынша және өзектілігіне байланысты көпшілік тыңдауларда келесі мәселелер ерекше қызығушылықпен талқыланды:

- Астана қаласы тұрғын үй қорының жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық салада халыққа ұсынылатын қызметтердің сапасы және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін жұмыс туралы;

- атқарушы органдардың қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және қала аумағын санитарлық күтіп ұстау жұмысы туралы;

- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қала автожолдарының желілерін және тұрақ инфрақұрылымы объектілерін дамыту және кеңейту бойынша жұмысы туралы.

Көпшілік тыңдаулардың қатысушылары тиісінше қалалық құрылымдарға осы бағыттарда жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

Комиссиялардың белсенділігі жайында цифрлардан көруге болады. Барлығы есептік кезеңде 17 мәжіліс өткізілді, онда 33 мәселе қарастырылды. Сонымен, есептік жылы комиссия мәжілістерінде қала тұрғындары үшін маңызды мәнге ие мәселелер қарастырылды. Бұл энергиямен жабдықтау кәсіпорындары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы, қамтамасыз ететін қалада сумен жабдықтау және суды бұру жүйесін жақсартудың жай-күйі мен шаралары, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сапасы, Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді тиімді басқару мәселелері. Мәжілісте осы мәселелерді дайындауда тұрақты комиссия мүшелері белсенді қатысты. Қарастырылып жатқан мәселелер бойынша қаулылар қабылданды және орындаушыларға тиісті ұсыныстар берілді.

Тұрақты комиссия мүшелері елорданы дамыту жоспарларын іске асыру, сапалы орындау, осы мақсатқа бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы талдауға ерекше назар бөлді. Көптеген инвестициялық жобалар тізбесінің үлесі келетін бағдарламалар әкімшілері - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, құрылыс басқармасының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің жобаларын талқылау кезінде, тұрақты комиссия мүшелері қала аумағында бағдарламаларды табысты және уақытылы іске асыруға жолдарды салу және қайта жөндеу, инженерлік коммуникацияларды төсеу, мемлекеттік қажеттілік үшін бұзу бойынша іс шараларды іске асыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өзара келісілген әрекеттерінің болмауы кедергі келтіретінін атап өтті. Комиссия қаланың шеткері аймақтарына жолдарды салу, сол жағалауға нөсерлік кәріздерді, парктер мен скверлерді салуға, жолдар мен инженерлік жолдарды салу үшін мемлекет мұқтажына жер учаскелерін сатып алуға қажетті қаражаттарды бөлу туралы ұсыныс жолданды.

Өнеркәсіп, Теміржол тұрғын алаптарында ПСПМ құрылысы, 1200 орынға мектеп салу объектілер тізбесіне енгізу туралы депутаттардың ұсыныстары назарға алынғанын атап өткіміз келеді және олардың құрылысына бюджеттен қаражаттар бөлінетіндігіне үміт артқымыз келеді. Сонымен қатар, Интернациональный тұрғын алабында балабақшаның құрылысы аяқталуда.

«Астана қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары туралы» мәселесін комиссия мәжілісінде қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелерінің ұсынысы бойынша табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталудың ұсынылған нормаларын талқылау бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ПМИ қауымдастығы және басқа ұйымдардың өкілдерін шақырумен дөңгелек үстел өткізді. Талқылау қорытындысы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілді.

Комиссия мәжілістерінің бірінде қалада инженерлік желі картасының болмауы мәселесі көтерілді. Сәулет және қала құрылысы басқармасы депуттарға мұндай картаның бар екендігі және оны депутаттарға көрсетуге уәде берді. Бірақ бұл осы уәде күйінде ғана қалды.

Сондай-ақ, халықта бұрын қолданыста болған сынаптан тұратын аспаптарды демеркуризациялау және кәдеге жарату бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың қалада болмауы туралы мәселе депутаттардың алаңдаушылығын туындатты. Бұл бұрыннан көтеріліп келе жатқан өзекті мәселе және оны бірлесе отырып шешу керек.

Үлесі жыл санап артып келе жатқан тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлерді бұзуға, сондай-ақ әлеуметтік сала объектілерін аяқтау, зиянды организмдермен күрес және басқа да іс-шараларға қосымша қаражатты бөлу қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қосымша қаражат бөлу туралы ұсыныстары жинақталды және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияға жинақтау үшін жолданды.

Тұрақты комиссия қызметінің тағы бір бағытына тоқталғым келеді – бұл қағидаларды әзірлеуге және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыруға қатысу, оны бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылығы туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оған Астана қаласында құрылыс салу қағидасы, Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары, Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі, Астана қаласында жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау қағидасы, Астана қаласында тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау қағидасы.

Бұл мәселеде бір проблема бар. Әкімшілердің қолданыстағы Қағидаларға енгізген өзгерістері мен толықтырулары олармен жұмыс жасау кезінде белгілі бір қиындықтарды туындатады. Оларға атап айтқанда, Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларын жатқызуға болады. Осыған байланысты олардың әкімшілеріне осы жұмысты ретке келтіруге баса назар аударуды сұраймын.

Жаңа қағидаларды әзірлеуге қатысты. 2012 жылы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес, комиссия қарауына Астана қаласында жылыту маусымын дайындау және жүргізу қағидасын екі рет шығарылды. Депутаттар Қағиданың тиісінше деңгейде дайындалмағандығын атап өтті және оны қайта комиссияда қарау үшін қайта жетілдіруге жіберген болатын. Міне, жылыту кезеңі өтті, ал Қағида содан әлі жоқ. Біздің бірнеше рет жасаған сауалымызға «біз өңдеп жатырмыз» деген жауап алдық. Оны қашан өңдеп бітіреді деген сауал туындайды? Бұл орын алған жағдай нормативтік құқықтық актіні дайындау сапасы, сол және басқа Қағиданы дайындаушы әкімшілердің жауапкершілігін көрсетеді. Дайындаушылардың міндеті Қағиданы қабылдау, ал орындаушыларға ол Қағидамен қалай жұмыс жасайды, оларды бұл мәселе толғандырмайды. Біздің ойымызша, бұл барлық депутаттардың пікірі деп ойлаймын, атқарушы органдар қала үшін маңызды Қағидаларды әзірлеуге барынша жауапкершілікпен қарауы қажет, тиісті органдар қолданыстағы Қағидаларды сақтауды күшейтіп және оларды бұзушыларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тарту қажет.

Тұрақты комиссия қызметінде азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерімен жұмысқа ерекше назар аударылады. Өткен кезеңде В.А. Ломакиннің қалалық қоғамдық көлікте «Елордада жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын» сақтамау туралы өтініші қаралды. Сонымен қатар, өтініште автобусқа мүгедектер, зейнеткерлер, аяғы ауыр әйелдер мен мектепке дейінгі жастағы балаларымен жолаушыларды алдыңғы есіктен отырғызу жүргізілмейтіндігі, ол көбінесе ашылмайтындығы көрсетілді. Автобус салондарында аталған азаматтардың санаттарына арналған орындар екендігін көрсететін ақпараттық таблолар жеткіліксіз. Тұрақты комиссия мүшелері жекелеген бағыттар бойынша рейдтерді ұйымдастырды, өтініште көрсетілген фактілер анықталды.

Тұрақты комиссияның автобусқа мүгедектер, зейнеткерлер, аяғы ауыр әйелдер мен мектепке дейінгі жастағы балаларымен жолаушыларды алдыңғы есіктен отырғызу үшін бірыңғай үлгідегі көрсеткіштерін әзірлеу және автобустардың алдыңғы есіктеріне орнату бойынша ұсыныстары орындалғанын атап өтуімізге болады. Сонымен қатар, автобус салонының алдыңғы бөлігінде азаматтардың жоғарыда аталған санаттарына арналған орындарды көрсетумен ақпараттық табло орнатылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл жұмысты жалғастырып, алдағы уақытта да бақылауда ұстауы тиіс.

Өткен жылы тұрақты комиссиялардың мәжілістерінде «Зодиак» ӨК Және ПМК төрағасы М.П. Завалийдің газгольдердің жұмысын ұйымдастыру туралы өтініші, «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.К. Закаряновтің жинақтау нормаларын арттыру мәселесі бойынша өтініші, Оңтүстік-шығыс шағын ауданының тұрғыны И.Ф. Маркштедердің аталған ауданның тұрғындары үшін есептегіштердің көрсеткіштерін сәйкестікке келтіру мәселесі бойынша, «Алтай» ТК тұрғындарының құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну мәселесі бойынша өтініші, «Гранд-Әділет-2» ЖСК төрағасы К.Е. Шәріповтің «Гранд-Астана» ТК тұрғындарына F блогындағы паркингте машина орнын беру, кешенмен шектес аумақта автомашиналарға қосымша тұрақ орындарын бөлу, құрылысты аяқтау үшін паркингті «Гранд-Әділет-2» ЖСК пайдасына беру туралы шешім қабылдау мәселесі бойынша өтініші қаралды. Барлық өтініштер бойынша қаулылар қабылданды, кейбір мәселелер оң шешім тапты, кейбіреуі тұрақты комиссияның бақылауында.

Депутат қызметінде сайлау округінде жұмыс маңызды орын алады, онда халықпен кездесу өткізіледі, сайлаушыларды бекітілген кестеге сәйкес қабылдау жүргізіледі, азаматтардың өтініштері мен арыздары қаралады. Комиссия мүшелері қызметтерінің маңызды бағыттарының бірі «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауының жұмысына қатысу болып табылады. Азаматтардың өтініштерін талдау көрсеткендей, тұрғын үй беру, балалардың мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі, білікті медициналық қызмет көрсету, мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алғанға өтемақы төлеу және тағы басқа мәселелермен көп өтініштер келіп түседі.

Тұрақты комиссия мүшелері қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысады, Астана қаласы әкімдігі жанындағы жер учаскелерін беру жөніндегі, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласында салынған қолжетімді тұрғын үйді өткізу жөніндегі, Астана қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттама беру және мерзімдерін ұзарту жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, Астана қаласы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссиялардың құрамдарына енеді.

Тұрақты комиссиялар өмірге маңызды проблемаларды депутаттық сұрау салу арқылы да шешеді. Бұл, негізінен, ішкі аулалық аумақты абаттандыру, жолдарды салу және қайта жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жұмысқа орналастыру, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдем көрсету және тағы басқалары. Депутаттар сайлаушылар сұрау салуларының мүмкіндігінше оң шешілуіне барлық күштерін салады.

Атқарушы органдар басшыларынан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының депутаттық сұрау салуларға уақытылы және сапалы жауап беруге қатысты талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет.

Тұрақты комиссия мүшелері Мирас Ерғалиұлы Шекенов, Сергей Николаевич Богатырев, Шакир Хусаинович Хахазов, Жарқын Жанғожаұлы Жұмағұлов, Қайрат Кеңесбекұлы Жауханов, Төкен Жылқайдарұлы Егінбаев елорда мәслихаты өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады, «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» қалалық газеттерінде мақалалары жарық көрседі.

Өткен кезең көрсеткендей, тұрақты комиссия жұмысын жетілдіру үшін көптеген резервтер бар. Алдағы уақытта да тұрақты комиссия мәжілістерінде өз қаулыларының орындалуын тыңдау, қаланың шалғай аймақтарының проблемаларына ерекше назар аудару, қоршаған ортаны қорғау проблемасын, жолдарды, коммуникацияларды салу және жөндеу және тағы басқа мәселелерді шешуге тиімді ықпал ету практикасын жалғастыру қажет.

Тұрақты комиссияның барлық мүшелеріне жемісті жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді және тұрақты комиссияның қызметін жетілдіру мәселесі тұрақты бақылауда болатынын және тұрақты комиссия мүшелері алға қойған міндеттерді сапалы, кәсіби және жауапты орындауға қол жеткізу үшін бірлесіп барлық күшін салады деп сендіремін.

 

Астана қаласы мәслихатының

2011 жылғы 30 қыркүйектегі

30 сессиясында қаралды

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ЕСЕБІ

 Комиссия мүшелері есептік кезеңде мәслихат сессияларының, тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілістерінің жұмысына, Жария тыңдауларға, «Депутат күніне» белсенді қатысты. Бұдан басқа, есептік кезеңде Комиссияның жоспарлы мәжілістерінде келесі мәселелер қарастырылды:

Астана қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы;

- кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару және инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысы туралы;

- кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Астана қаласын жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы;

- Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы «Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» шешімін орындау туралы;

- Елорданы тұрақты дамыту орталығының жұмысы туралы.

Комиссия қызметіндегі басымды бағыттар бюджетті және оның орындалуы туралы есептерді бекіту болып табылады. Комиссия талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялардан келіп түскен ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асырады және оны қала әкімдігіне жолдайды. Жан-жақты талқылау нәтижесінде қаржылау көлемі анықталды, алдағы уақытта халықтың деңгейін көтеру үшін қалалық шаруашылықтың барлық салаларын теңгерімді дамытудың оңтайлы негіздері салынды. 2011-2013 жылдарға арналған бюджеттің жобасын талқылау кезінде сайлаушылармен көтерілген проблемалық мәселелер тиісті қалалық құрылымдарға жіберілді. Негізінен, бұл әсіресе қаланың шеткері аймағын абаттандыру, жолдарды жөндеу және қайта жөндеумен, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу, бюджеттік құрылымдардың қызметкерлері үшін тұрғын үй, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмек көрсетумен  байланысты мәселелер.

Өкілдік және атқарушылық биліктің өзара тиімді әрекеті нәтижесінде бұл мәселелер көп жағдайда оң шешім тапты. Қала экономикасы дамуының оң серпінінің дәлелі өткен кезеңде қала бюджеті 5 рет нақтылаудан өтті және 221 427 млн-нан 277 712 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды, оның ішінде дамыту бюджеті 127 095-тен 179 906 (практикалық жағынан 30 пайызға) арттырылды. Әрбір нақтылау кезінде депутаттардың ұсыныстары бойынша қаражаттар халық әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге,  аудандық әкімдіктерге қала аумағын абаттандыруға, жолдарды жөндеуге және қайта жөндеуге, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға, жылу энергетикалық кешен желілерін салуға және қайта жөндеуге және тағы басқаларға жіберілді.

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін қарастыру комиссия қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сонымен, өз құзыретін шегінде Комиссия өткен кезеңде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Астана қаласын жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы, Астана қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару және инновациялық технологияларды енгізу туралы есебі тыңдалды. Талқылау барысында жалпы алғанда және Астана қаласындағы жеке көлемнің индексі бойынша өндіріс көлемінің өсімі бойынша оң серпін атап өтілді.  

«AstanaInnovations» АҚ құрылымдық бөлімшесі құрылды, жергілікті бюджет осы құрылымды капитализациялауға ақша салды, құрылым Астана қаласында инновацияны дамытудағы локомотивтің рөлін атқаратын болады. Индустриаландыру картасы аясында іс-шаралар іске асырылуда, қаланы жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды және белсенді әрекет етеді. «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру үшін инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізіледі. Бірақ сонымен қатар, Комиссия бұл бағытта іс-шараның табысты іске асырылуына ықпал ететін бірқатар проблемалар туындайды. Атап айтқанда, инновациялық жобаларды түрлі объективті және субъективті себептер бойынша уақытылы қаржыландырмау, объектілердің құрылыс мерзімдерін сақтамау, инженерлік желілерді өткізу және және «Астана» ӘКК» АҚ қайта өңдеу цехымен, «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС жылыжай кешенімен көкөніс сақтау қоймасын салу мерзімдерін ұзаққа созады және тағы басқалары.

Елорданы тұрақты дамыту орталығының қызметіне назар аударғым келеді. Компания директоры кәсіпорынның немен айналысатынын егжей-тегжейлі айтып өтті. Компания иелері 100 пайыздық үлесімен Астана қаласының әкімдігі болып табылады. Орталық қала экономикасы қалай және қандай деңгейде дамитын болатынын түсіндіретін негізгі болжамды мекеме болып табылуы қажет екендігін тілек ретінде айтқым келеді. Біз әрқашан «артынан қуып жетуші» рөлінде қалатындай жағдай қалыптаспауы қажет. Бұл болашақтар мен болжамды анықтауы үшін орталықтың негізгі міндеті, осыдан бағдарламаны іске асыру бойынша алдағы уақыттағы әрекеттерімізді дұрыс қалыптастыру қажет.

Кәсіби мамандарды дайындау мәселесі бойынша. Біз кеше тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілістерінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын егжей-тегжейлі талқылаған болатынбыз. Бүгін Аида Ғалымқызының баяндамасында бұл туралы айтып өтілді. Қыруар жұмыстар жасалды және кәсіби мекемелердің, колледждердің, лицейлердің материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторымен қызметті үйлестіру бойынша алдағы уақытта жұмысты күшейту қажет, яғни бүгін айтып өткендей нақты кәсіпорындар бар, атап айтқанда, Қазақтелеком, нақты сұраныс бар, бұл сұраныстар жұмысшыларды түрлі бағыттар бойынша дайындау бағдарламаларында көрініс табуы қажет.

Әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын жоюға байланысты 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамытудың бірыңғай бағдарламасы қабылданды, бұл Комиссияның бақылауында. Комиссия «Электронды әкімдік» өңірлік бағдарламасына ерекше көңіл бөледі және жіті бақылап отыр. Комиссияның бастамасы бойынша  барлық депутаттардың қатысуымен қала әкімдігі бұл тәсім қалай жұмыс жасайтындығы туралы көрнекілік таныстыру рәсімі өткізілді. Айтып өткім келеді, Аида Ғалымқызының баяндамасы шеңберінде ақпараттандыру және ақпараттық технологиялардың біздің өмірімізге еніп келе жатқандығын жақсы түсінеміз, бұл шынайылық және бұл көлем күрт артуына әкеле жатыр. Біз қазір әлемнен оқшау тұра алмаймыз, өйткені бұл бүгінгі және ертеңгі күннің шынайылығы. Сондықтан «Электронды әкімдік» бағдарламасын дамыту шеңберінде бүгінгі күні қол жеткізілген табыстарға қарамастан, бағдарламалар әкімшілерінің базасы өзара оқылатындай және олар шын мәнінде табыс әкелуін барынша нақты үйлестіру қажет. Қарапайым ғана мысал келтірейік, әрқайсысымыз, әсіресе автокөлік иесі тап болатын жағдай, бұл қалалық жол инспекциясы мен салық инспекциясы араласында өзара әрекет. Мысалы, мынадай жағдайлар болып жатады, автомобиль бұрын сатылған немесе өткізілген, бірнеше жыл бұрын,  көлік салығын төлеген кезде, бұл салық құралдары салық инспекциясының деректер базасында бұрынғы меншік иесінің атына тіркелген. Мұндай жағдайлар жалпы туындамауы үшін барынша нақты және түсінікті үйлестіру қажет болса екен деймін.  Бұл дамудың өте үлкен серпіні екені сөзсіз, бірақ бұл ақпараттық ортаның дамуы, мұндай қызметтер тек бизнес шешімдерді ғана емес, жалпы алғанда мемлекеттік басқаруды тиімді, әрі жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Астана қаласын дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, қалада әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және мәдени-ағартушылық орталықтар және спорттық құрылыстар желісін ұлғайтуға ерекше назар аударылғанын атап өткім келеді. Біз Азиада объектілерін салуға үлкен ақша қаражатын салдық және бұл инфрақұрылым өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығы үшін ғана емес, барлық қала тұрғындары үшін де тиімді пайдаланылатын болады деп үміттендік. Орасан жұмыстар жүргізілді, бірақ сонымен қатар біз өз комиссиямызда бірнеше рет талқылаған мәселе де бар. Мәселе активтерді уақытылы коммуналдық меншікке тапсыру және алдағы уақытта нақты бағдарламалар әкімшісіне немесе меншік иесіне бекітумен байланысты болды. Яғни, біздің ірі объектілер  - Тәуелсіздік сарайы, «Шабыт» шығармашылық сарайы, «Қазақстан» киноконцерт залы, коньки тебу стадионы бойынша пайдалануға беру туралы актілер бар, бірақ оларды түпкілікті меншікке тапсыру бойынша рәсімдік сәттерімен байланысты мәселелер де бар. Бұл объектінің кім меншік иесі болып табылады сияқты нақты заңды негізі болмайынша, объекті күтімсіз қалуы мүмкін, біз оларды пайдалануда тиімді күтіп ұстау бойынша мәселелерін шеше алмаймыз.

Өздерінің депутаттық жұмысында Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, депутаттық сұрау салуы арқылы түрлі келелі мәселелер бойынша азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін іске асыруға үлкен көңіл бөледі. Мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларымен, аудандардың әкімдерімен, меншік нысанына қарамастан, басқа мүдделі кәсіпорындармен өзара тығыз қарым-қатынаста келелі мәселелер мүмкіндігінше шешіледі. Өтініштердің тақырыптары өте кең – бұл мектепке дейінгі және мектеп жасындағы білім беру, медициналық қызметтер көрсету, әлеуметтік қорғау, жер учаскелерін бөлу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық проблемалар, жұмысқа орналастыру және халықтың жұмыспен қамтылуы. Комиссия мүшелері өз құзыреті шегінде, қаланың дамуы және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін барынша өзекті және қажетті мәселелерді қарастыра отырып, оларға жүгінген, көмек сұраған мәселелерді шешуге барынша жәрдем көрсетуге тырысты.

Атап айтқанда, мәслихат комиссияларының бірлескен мәжілістерінде «Жеңіс даңғылы мен Иманов көшесін қайта жөндеу барысы туралы» мәселесі қаралды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының есебін тыңдап, депутаттар қалада көшелерді қайта жөндеу және жаңарту бойынша орасан жұмыстар жасалып жатқандығын атап өтті. Қаланың шеткері аймақтарының барлық көшелері осы іс-шаралармен қамтылады. Бұл туралы депутаттар комиссиялар мәжілістерінде айтты. Бұл Затаевич, Конституция, 85 көше және тағы басқалары.  Осы мәселеге барынша мұқият қарауды ұсынамын, өйткені ол жақта біз сияқты қала тұрғындары тұрады.

Тағы көтергім келіп отырған мәселе – мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту мәселесі. Біз бүгінгі күні объективті факторлар бар екендігін түсінеміз, олар бір жағынан алғанда елордамыз Астана қаласындағы тұрмыс жағдайының шынайы растауы ретінде барынша оң көзқарас береді. Бүгінгі күні айтылып өткен цифрларды қараймыз. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде нақты тапшылықтың өсуі Астананың бүгінгі күні өте тартымды орынның бірі екендігінің дәлелі. Көші-қонның орасан көп ағыны, біз оны тоқтата алмаймыз. Бірақ, сонымен қатар, біз бұл мәселені түпкілікті шешу үшін пәрменді шаралар қабылдауымыз қажет. Біз мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі, өкінішке орай, түпкілікті заңнамалық нақты шешілмегенін талқылаған болатынбыз, сонда да ол бүгінгі таңда орын алып отырған келелі мәселелерді шешу үшін қажетті құралдардың бірі болып табылады.

«Нұр Отан» ХДП мүшелері ретінде Комиссия мүшелері-депутаттар «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады. Есептік кездесуді өткізу тәжірибесін пайдалана отырып, аудандар әкімдері, қалалық құрылымдар басшыларымен бірлесіп, қала тұрғындары алдында жиналыстарда және азаматтардың жиылыстарында есеп береді, қалалық мәслихаттың аппаратына және «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалына айлық және тоқсандық есептерді тапсырады.

Қорытындылай келе, комиссия мүшелері Сайфудин Султанович Хамхоевқа, қазір мәслихат хатшысы лауазымындағы Ермек Сабырбекұлы Оспановқа, Алмаз Феликсович Кимге және Есенжол Түскенұлы Бекішевке жемісті және бір ізге қойылған жұмыстарына, комиссияға енгізілген мәселелерді талқылауда үлкен қызығушылық танытып, қалалық мәслихаттың комиссиясы мен сессия жұмыстарына белсенді қатысқандарына алғыс білдіремін.

Назарларыңызға рахмет. 

Астана қаласы мәслихатының

2010 жылғы 17 маусымдағы

49 сессиясында қаралды

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ЕСЕБІ

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, Регламентті және болашақты жоспарды басшылыққа алады.

Қаралып жатқан мәселе бойынша нормативтік құжаттарды қабылдауда комиссияның қызметін талдай отырып, комиссия бірқыруар жұмыс бітіргенін атап өтуімізге болады.

Алдыңғы есеп бергеннен кейін өткен бір жарым жылда мәслихат сессиясында тұрақты комиссия мүшелерінің белсенді қатысуымен оның құзыретіне енетін мәселелер қаралды: «Астана қаласы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы», «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы». Сессияда Астана қаласында тұрғын үй құрылысын дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселені талқылауда халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын, үлестік және мансард құрылысына қатысушылардықолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тозығы жеткен және апатты тұрғын үйді бұзу проблемалары әлі де күрделі мәселелердің бірі болыпқалады.

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы мәселе де қызу талқылауға алынды. Сессияға аталған мәселені дайындау шеңберінде тұрақты комиссиямен тұрғын үй құрылысы мен көліктік даму сияқты барынша өміршең мәселелерді талқылау бойынша жұмыстың барынша тиімді және оңтайлы нысаны ретінде жариялы талқылауларөткізуге бастамашылық жасады. Жариялылы талқылауларға қатысушылар тиісті қалалық құрылымдарға осы бағыттарда жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Комиссияның аталуының өзі де оның қызметінің әртүрлі бағыттылығын білдіреді: бұлардың барлығы елорданың өмір тіршілігі мәселелері:құрылыс, бас құрылыс салу, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй қорын пайдалану, көлік, сауда, халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету болып табылад.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар бағдарламаларын орындалу мәселесі тұрақты комиссияның бақылауында. Есептік кезеңде Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2088 жылдарға арналған бағдарламасының, Астана қаласында автопаркингтер желісін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының, Астана қаласында 2010 жылға  дейін нөсерлік кәріздерді дамыту  бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Нөсерлік кәріздерді дамыту бағдарламасының іс-шараларын қала әкімдігі, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы орындауда. Менің қолымда энергетика және коммуналдықшаруашылық басқармасының анықтамасы, онда қалада қазіргі күнде 132 км нөсерлік кәріз бар екені көрсетілген. Бұл бұрынғыға қарағанда екі есе көп. Егер бұрын бізде 67 км кәріз болса, қазір шамамен 140 км. Тек соңғы 4 жылда ғана 2005-2009 жылдары 67 км, 3 тазалау құрылғысы, 21 дренаж сорғы станциясы, 31 кмнауа-арық жүйесі салынды. Аудан әкімдіктерімен науа-арық жүйелерін қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Аталған желілерді бүгінгі күні «Астана-Тазалық» ЖШС қызмет көрсетеді, оның құрамында пайдалану жөніндегі учаскеұйымдастырылған. Жағдай қазіргі уақытта біршама жақсарғанын атап өткеніміз абзал, қар көптеп шығарылатын болды, бұлҚалалықсуарнасының шаруашылық фекальды кәріздеріне жүктемені төмендетті және жеке тұрғын үй секторынан су басып қалғанды туралы шағымдар да аз түсе бастады. Сонымен қатар, әсіресе қатты жауын-шашын жауып өткен соң, күзгі-көктемгі су тасқыны кезеңінде осы мәселе күрделі болады және жалпы алғанда, нөсерлік кәріз барлық жұмысын атқара алмайды, өйткені пайдалануға берілген нөсерлік кәріздердіңжартысы жұмыс істемейді немесе толық көлемде жұмыс істемейді. Сондықтан 2010 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен автомобиль жолдарын салуда 20 км нөсерлік кәріз желілері салынды. Егер бұл бағдарлама орындалатын болса, алдағы жылдары да нөсерлік кәріздердің жай-күйі барынша жақсаратын болады. Біздің комиссия бірнеше рет бастамашылық жасаған мәселені көтергім келеді, нөсерлік кәріздерді дербес басқару және пайдалану жөніндегі заңды тұлғаны жеке бөлу керек. 5-10 жыл өткеннен кейін бұл кәсіпорын да Жылу желісі, Су арнасы, Электр желісі сияқты дербес, қалыпты инженерлік кәсіпорынға айналады. Оның материалдық базасынқолдау керек, өндірістік база бөлу қажет немесе басынан бастап құру керек, сонда ғана сауатты, инженерлік қызмет көрсету болады. Инженерлер, мамандарқажет, өтйкені бұл басқасы сияқты гидравлика.

Автопаркингтер желісін дамытудың өңірлік бағдарламаларының іс-шаралары Бағдарлама өзінің қолданысын 2009 жылы аяқтағанынақарамастан, толық көлемде орындалып болған жоқ. Автопаркингтерді орналастыру орындарын анықтауға, жер учаскелерінің пайдаланылуын бақылауға жүйелі келістің және техникалық-экономикалық негіздеменің болмауы  қазіргі уақытта 480 машина орнына 3 объектінің ғанақұрылысы аяқталды, 13 объекті бойынша шектес аумақта тұратын тұрғындардың жаппай қарсылық білдіруіне байланысты қаулы күшін жойды,қалған объектілер бойынша жұмыстар «тоқтатылған».

Тұрақты комиссия орындалмаған іс-шараларды жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының Стратегиялық басқару жоспарына енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, ірі сауда үйлері аумағында түнгі уақытта автомашиналарды қоюға рұқсат ету жөніндегі комиссияның бірнеше ретқойылған ұсыныстары оң шешімін тапты. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен ірі сауда объектілерінің басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі күні «Мега-Строй», «Гарант», «Азия-Парк» сауда объектілері түнгі уақытта автомашиналарды қою үшін өз аумақтарын ұсынуға әзір.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес алдағы қаржы жылына бюджет жобасын жыл сайынғы талқылау тұрақты комиссияның жеке, кейіннен бірлескен мәжілістерінде өтеді. Алғаш рет бюджет үш жылға қабылданды. Сонымен, қаланың 2010-2012 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау кезінде комиссия мүшелерімен ЖЭО-2 күл үйіндісін шығарудың қайта құрылысын аяқтау бойынша жұмысты аяқтауға, бұзып алынған саяжай мен тұрақтардың жер учаскелерінің меншік иелеріне берешекті төлеу, магистраль желілерін оның ішінде  сумен жабдықтау желілерін, кәріздер мен ішкі кварталдың желілерін дамытуға қаржы бөлу бойынша қосымшақаржыландыру мәселесі көтерілді. Магистраль желілерін дамыту бойынша мәселелерді шешу үшін энергетика және коммуналдық меншік басқармасына қаланың дамуының бас жоспарын ескере отырып, аулалардың абаттандырылуын, жолдарды бұзбайтын жаңа технологияларды, жылу мен судың шығынын біршама қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа материалдарды қолдана отырып, инженерлік-коммуникациялықжелілерді ауыстыру бойынша іс-шараларды әзірлеу қажет екенін айтамын. Республикада Президенттің тапсырмасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың үлкен бағдарламасы әзірленіп жатыр. Өткен жылы үкіметтік деңгейде тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықты дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осыған байланысты, нақты жай-күйі мен тозуын білу үшін барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін толық түгендеуді жүргізу қажет, сондай-ақ 2009 жылғы мамыр айында № 778 болып қабылданғанҮкіметтің қаулысы бізді бұл мәселеге міндеттейді.

Берешекті төлеу бойынша жұмыс аяқталды десек те болады. «Квартирное бюро» АҚ-ның ағымдағы жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша жеке тұлғалар алдындағы жалпы берешегі 948 532 993 теңгені құрайды, 741 473 312 теңге төленді.

Есептік кезеңде комиссияда аудан әкімдіктерінің, тұрғын үй, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары басшыларының, меншік иелері кооперативтерінің аудандық қауымдастықтары төрағаларының абаттандыруды жақсарту, санитарлық тазалау және көгалдандыру, 2009-2010 жылдары жылыту маусымына дайындау, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Таза қоршаған орта» бағдарламасы шеңберінде ЖЭО-2 күл үйіндісін рекультивациялау, қалалық қоғамдық көлікте студенттердің жеңілдікпен жүруі және т.б. бойынша есептері тыңдалды. Барлық қарастырылған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды, көптеген мәселелер тұрақты комиссияныңбақылауында. Атап айтқанда, қалалық қоғамдық көлікте студенттердің жеңілдікпен жүруі. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, «Қазақстан жастар альянсы» республикалық студенттер қозғалысымен бірлесіп осы мәселеқаралып жатыр.

Өз мәжілістерінде тұрақты комиссия тұрғын үй құрылысы, қолданыстағы тұрғын үй қорын жөндеу, апатты және тозған тұрғын үйлерді бұзу мәселелерін бірнеше рет қарастырды. Қаланың бір бөлігіндегі қалыптасқан тұрғын үй қорының бүгінгі таңдағы жай-күйі барынша тозғандығымен сипатталады, апатты және тозған тұрғын үйлердің саны көбейіп келеді. Елордада шамамен 2 мың көп қабатты үйлер, 30 мыңнан аса бір қабатты үйлер бар.   Тұрғын үй қорының көп бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді немесе ресми түрде апатты деп танылған.Құрылыс салушылардың мәліметтері бойынша тұрғын үй қорының 60-тан астам пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді, өйткені олардың барлығы 60-90 жылдары салынған. Өкінішке орай, үйлерді бұзу қарқыны да төмен. Мысалы, комиссияда Тұрғын үй басқармасы бастығының орынбасары Р.А. Ахметовтың «Астана қаласында тозған және апатты тұрғын үйді бұзу мәселесін шешу бойынша шаралар туралы» мәселесі бойынша ақпаратын тыңдап және төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында, тұрақты комиссия Астана қаласында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу бойынша іс-шаралар әзірлеуді ұсынды.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Астана қаласының қалыптасқан бөлігіндеқайта жөндеу және елорданың әлеуметтік қорғалатын қабатын тұрғын үймен қамтамасыз етудің 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасықабылданғанын атап өткеніміз жөн. Құрметті, Иманғали Тасмағамбетұлы, бұл бағдарлама «ауада қалқып қалды». Әрине бұл жерде әкімдік пен мәслихаттың кінәсі жоқ. Қаржы қаражаттары болмады. Дағдарыс дәл келді, инвесторлар табылмады. Бірақ бұл күрделі мәселе шешілмегенқалпы қалып отыр. Комиссия бұл үйлерді, атап айтқанда Карл Маркс, Иманов, Жуковка көшелеріндегі үйлерді бұзған саяси және экономикалықжағынан да дұрыс деп есептейді. Оны іске асыру шеңберінде атап айтқанда, осындай санаттағы азаматтарды, мансард құрылысынақатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі күрделі мәселелер күн тәртібінен алынуы керек. Алайда, қаржыландыру болмағандықтан, Бағдарламаның іс-шаралары мүлдем дерлік іске асырылып жатқан жоқ, қала тұрғындарынан мансардтар бойынша шағым-арыздары келіп түсіп жатыр. Атқарушы органдарды осы мәселені қарауға қайта оралуға және аталған Бағдарламаны іске асыруды ерекше бақылауға алуды өтіндік.

Көліктік қызмет көрсету бойынша тоқталып өтейік. Қазіргі уақытта қалада жолдарды салу және қайта жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілгенін көріп отырмыз. Бұл жұмыстарды жүргізгеннен кейін қөліктік қызмет көрсету де біршама жақсарады деп ойлаймын. Көлікқозғалысындағы бүгінгі күні орын алып отырған бөгелістер – уақытша құбылыс. Жалпы алғанда, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы бір ізгеқойылған және соншалықты күрделі сын-ескертпелерді туындатпайды. Алайда, біз автомобиль-такси жұмысы туралы бұлай айта алмаймыз. «Астана» журналында жарияланған «.....Бензин газына тұншығып такси ұшып келеді» деген мақала қаладағы такси жұмысын дұрыс сипаттаған. Қалада «такси» тұрағы деген көрсеткіштер мүлдем дерлік жоқ десе болады. Қалада мемлекеттік таксомоторлық кәсіпорынныңболмауы, тасымалдаушылармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы қараша айындағы қаулысымен бекітілген автомобиль-таксилермен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидасын сақтамауы жеткіліксіз қызмет көрсету сапасын білдіреді және күрделі сынғаұшырайды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль-таксимен жолаушыларды тасымалдау бойыншақызметтерді көрсетуге тасымалдаушылармен шарттар жасасу жөнінде ешқандай шаралар қабылданбайды. Басқарма тек «КаzGazPower LTD» ЖШС (такси «Экипаж +») компаниясымен ғана шарт жасасқан. Көлік құралдарының 1500-ден астам бірлігі күн сайын тіркелмеген жеке тасымалдауды жүзеге асырады, олар автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидасы, атап айтқанда лицензиялықережелер мен қызмет көрсету саласындағы нормаларды сақтау, автокөлік құралын бірыңғай экипировкамен қамтамасыз ету, белгіленген тәртіпте Салық органында тіркелген таксометрлермен жарақтандыру, жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету бөлігінде талаптарды сақтамайды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау блігінде, автомобиль-таксилердің техникалықжай-күйі мен жабдықталуы тиісті стандарттар, техникалық пайдалану ережесі талаптарына жауап бермейді. Автомобиль-таксилерменұсынылатын қызметтердің сапасы мен сервисі алдағы уақытта жетілдіруді талап етеді. Осы мәселені комиссияда талқылау оң нәтиже бермеді. Осы күрделі мәселені кім және қашан шешетінін білгім келеді. Елордада күн сайын халықаралық деңгейдегі әртүрлі іс-шаралар өтеді, қысқы Азия ойындары жақындап қалды, такси жұмысының сервисі халықаралық стандарт деңгейіне жауап бермейді. Жолаушылар көлігі басқармасы, Салық департаменті, Көліктік бақылау басқармасы, жол полициясы басқармасы сөзден және түсіндіру жұмыстарынан шұғыл түрде нақты іске ауысуы керек. Такси жұмысын жақсартуларыңызды сұраймын.

Тұрақты комиссия өз жұмысында Астана қаласы аумағында қолданылатын қағидаларды басшылыққа алады және оларды бұзғаны үшінӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл - абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету, Астана қаласында құрылыс салу, Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау қағидалары. Бұл жұмыс әр уақытта қала әкімдігінің, аудан әкімдіктерінің назарында болды. Бұл жұмыс соңғы кезде жандандырылғанын атап өткеніміз жөн. Бүгінгі күн тәртібінде Астана қаласында ғимараттарды және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағықұрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды ұстаудың жаңа қағидасы ұсынылып отыр. Бұл уақытылы Қағида, сондықтан оларды насихаттауымыз керек. Қағидада пәтерлер меншік иелері кооперативтерінің, қалалық және аудандық ПМК қауымдастығыныңбарлық ұсыныстары қабылданған. Бұлар көп пайда әкеледі деп үміттенемін. Алайда, не аудан әкімдіктерімен, не уәкілетті органдармен қағида талаптарының сақталуын бақылау мүлдем жүзеге асырылмайды. Мысалы, барлық жерлерде автомашиналарды гүлзарлар, жүргіншілер жолынақойып кетеді. Аудан әкімдіктері, Астана қаласы ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы, көліктік бақылау басқармасы бұзушыларды жауапкершілікке тартпайды. Атқарушы органдар Астана қаласы аумағында қолданылатын Қағидалардың сақталуын бақылауды күшейтіп, бұзушыларды Әкімшілік бұзушылықтар кодексіне сәйкес жауапкершілікке тарту керек. 

Сонымен қатар, қолданыстағы Қағидаларға әкімшілер тұрақты түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады, бұл қағидалармен жұмыс істеуде белгілі бір қиындықтар туындатады. Барлық өзгерістер мен толықтыруларды ескеру мүмкін болмайтын жағдайлар туындайды. Бұл жұмысты реттеу қажет деп санаймыз.

Қала тұрғындары мен қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа бірнеше рет шағым-арыз білдірген мәселеге тоқталғым келеді, бұл халыққақызмет көрсету бойынша «Астана Энергосбыт» ЖШС қанағаттанарлықсыз жұмысы. Тұтынылған электр энергиясына есептеу, есептегіштер көрсеткіштерінің асыру көрсетуі қала тұрғындарының наразылығын туындатты. Тұтынушыға энергияны тұтынғандығы туралы толтырылған мәліметтермен, есептеу құралдарының нақты көрсеткіштерінен асыра көрсетілген сомасымен түбіртектер әкелген. Қалалық маслихатқа қала тұрғындары мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен шағым-арыздары бойынша тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық орын алған. Тұрақты комиссия мәжілісінде «Астана Энергосбыт» ЖШС директоры А.В. Зинкевичтің анықтамасын тыңдап, «Қалалық электр желілер» АҚжанынан еншілес энергиямен жабдықтау ұйымын құру және аталған еншілес кәсіпорынға «Астана Энергосбыт» ЖШС-мен атқарылатын электр энергиясын өткізу бойынша барлық қызметтерді тапсыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Еншілес кәсіпорынды құру бойыншаұсыныстар шешілмеген болып қалады.

Комиссия мәжілістерінде қатысудан басқа тұрақты комиссия мүшелері мәслихат жұмысының регламентіне және бекітілген графикке сәйкес өз округінде азаматтарды қабылдау жүзеге асырылады. «Нұр Отан» ХДП мүшелері бола отырып, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтардың көкейтесті мәселелерін талқылау және шешу бойынша тұрғындармен кездесу өткізеді.

Қорытындылай келе, тұрақты комиссия белгілі бір жұмыс тәжірибесін алды деп айтқым келеді. Алдағы уақытта депутаттар, тұрақты комиссия мүшелері Сергей Николаевич Богатырев, Әбдел Исаұлы Қыпшақбаев, Валерий Анатольевич Кушнаренко, Василий Николаевич Петрущактың белсенді жұмысы қаланың және әрбір қала тұрғының өмір тіршілігі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік береді.

Тұрақты комиссия төрағасы Ж. Нұркенов   

 

 2008 жылғы 18 желтоқсандағы

 Астана қаласы мәслихатының

 сессиясында қаралған

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық

 шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты 

комиссияның есебі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес өзінің өкілеттік мерзімдеріне тұрақты комиссиялар сайланады. Қалалық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын –үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша құрамында Ж.Е. Нүркенов, С.Н. Богатырев, В.Н. Петрущак, Ә.И. Қыпшақбаев, В.А. Кушнаренко сияқты депутатардан тұрақты комиссия құрылды.
Тұрақты комиссияның қызметіндегі негізгі бағыттары қалалық мәслихаттың сессияларында қарастыру үшін енгізілетін құрылыс, қала құрылысының бас жопары, қоршаған ортаны және табиғатты пайдалануды қорғау, мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану, халықты көліктік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету мәселелері бойынша қарастыру және қорытындылау.
Өзінің жұмысын тұрақты комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, басқа да заңнамалық актілеріне, қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарына және Регламентіне сәйкес жүргізеді.
Тұрақты комиссиялардың мүшелері қала аумақтарында әрекет ететін Ережелердің, бағдарламалардың құрылу кезеңіне тікелей қатысады, олардың орындалу барысына бақылау жүргізеді.
Өткен жылы тұрақты комиссиялардың мүшелері қалалық мәслихаттың 16 тұрақты және тексеру комиссияларының біріккен отырыстарына қатысты. Сабақтастықты сақтай отыра, комиссия, қалалық әкімдікпен, бағдарламалар әкімгерлерімен бірігіп коммуналдық қызмет көрсету, көлік инфрақұрылымы, қаланың экологиялық жай-күйін дамыту бойынша қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жасады.
Аббаттандыру, көгалдандыру, елорданың санитарлық және экологиялық жай-күйі, жылу-, су-, газ-, электрмен қамтамасыз ету сұрақтары, осы бағыттар бойынша мәслихаттың сессияларында бекітілген бағдарламаларды іске асыру барысы комиссияда қарау үшін қалалық мәслихаттың жыл сайынғы жұмыс жоспарына енгізілген.
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және мәслихат жұмысының Регламентіне сәйкес тұрақты комиссияның отырыстарына барлық қарастырылып жатқан мәселелер бойынша қаулылар қабылданып және тиісті органдарға кеңестер беріледі.
Қалалық мәслихаттың депутаттарымен аббаттандыру, қаланы санитарлық тазарту, халыққа көліктік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша мәселелер қалалық мәслихаттың сессияларында ұдайы көтеріліп отыратынымен байланысты, тұрақты комиссияның қатысуымен: қоммуналдық салалар нысандарына бару арқылы «Аббаттандыру, көгалдандыру және қала аумағында тазалықты қамтамасыз ету жағдайы және жақсарту бойынша шаралар туралы», «Қалада көлік коммуникацияларын дамыту және халықты көлікпен қамтамасыз етуді жақсарту туралы» сұрақтар қарастырылды. Мәслихаттың сессиясында қабылданған шешімдер тұрақты комиссияның ұдайы бақылауында.
Қалалық мәслихаттың сессияларында қабылданған, нормативтік кесімдердің орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету шеңберіндегі комиссия отырысында: «Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары туралы» шешімін орындау бойынша» сұрақты қарастыру нәтижесінде, көпшілік халықты сапалы және қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, «Ильинка» тұрғын алабында коттедждер құрылысы бойынша пилоттық жобаны орындау барысында, жоғарыда аталған бағдарламалар жөнінде шараларды аяқтау бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.
Тұрақты комиссияның ұсынысы бойынша: «Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы «Аббатандыру, көгалдандыру және қала аумағында санитарлық күтіп ұстаудың жай-күйі және жақсарту бойынша шаралар туралы» шешімін орындау барысы туралы мәселені қарастыру нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың 14 қазанында ішкі саясат басқармасымен қаланың тиісті кәсіпорындарын және мекемелерін шақыра отырып қала аумағын аббаттандыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Тұрақты комиссияның отырысында Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Ортамерзімді жоспары және тиісті жылға арналған қала бюджеті жыл сайын талқыланады.

Өткен кезең бойынша комиссияда келесі Бағдарламалардың орындалу нәтижелері және іске асу барысы қарастырылды:
- 2005-2007 жылдарға арналған «Астана қаласының салауатты қоршаған ортасы»;
- «2007 жылға дейін Астана қаласын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту»;
- «2005-2007 жылдарға арналған Астана қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту»;
- «2005-2007 жылдарға арналған Астана қаласында автопаркингтер жүйесін дамыту».
Бағдарламаларды қарастыру нәтижесі бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдады және кейбір Бағдарламалардың мерзімдерінің аяқталуына байланысты келесі кезеңдерге ұқсас Бағдарламаларды қабылдауды ұсынды.
Тұрақты комиссияның «2007-2009 жылдарға арналған Астана қаласында автопаркингтер жүйелерін дамытудың Өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы» мәселе бойынша қаулысы бақылауда, өйткені осы уақытқа дейін гараж кооперативтері құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу, автоматтандырылған және уақытты диспетчерлік есепке алу арқылы ақылы парковкалардың аймағын белгілеу мәселелері соңына дейін өңделмей қала береді. Түңгі уақытта авткөліктерді уақытша қою үшін алып сауда орталық аумақтарын үйлестіру мәселесі шешілмеген. Осы мәселені қарастыруға тұрақты комиссия алдағы жылда қайта оралады.
Осы уақытта тұрақты комиссияның бақылауында 13 Бағдарлама бар:
- 2010 жылға дейін Астана қаласында нөсер канализация жүйесін дамыту;
- 2010 жылға дейін Астана қаласында көшелерді және жолдарды қайта жөндеу және құрылысы;
- 2005-2010 жылдарға арналған Астана қаласында сумен жабдықтау және су қашыртқы жүйесінің құрылысы, қайта жөндеу және техникалық қайта жабдықтау;
- 2006-2008 жылдарға арналған Астана қаласындағы апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу;
- 2006-2008 жылдарға арналған Астана қаласының коммуналдық меншігіне жататын мемлекеттік активтерді басқару;
- 2007-2009 жылдарға арналған Астана қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- 2007-2011 жылдарға арналған Астана қаласының қалыптасқан бөлігін жаңарту және елорданың халқын әлеуметтік-қорғалатын топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- 2007-2009 жылдарға арналған Астана қаласында автопаркингтер желілерін дамытудың Өңірлік бағдарламасы;
-2008-2010 жылдарға арналған «Астана қаласының салауатты қоршаған ортасы»;
- 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту;
- 2008-2010 жылдарға арналған Астана қаласында қалдықтарды басқару жүйесін еңгізу жөніндегі Өңірлік бағдарлама;
-2008-2010 жылдарға арналған Астана қаласы аумағында мақсатты тағайындауларды оңтайландыру.
Қала кәсіпорындарында өндірістік жарақат алудың өсуіне байланысты және қала әкімінің ұсынысы бойынша тұрақты комиссияның отырысында: «Қала кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және еңбек туралы заңнаманы сақтау туралы» мәселе, құрылыс мекемелерінің өкілдерін шақыра отырып қарастырылды. Талқылау нәтижесінде, тұрақты комиссия қаулы қабылдады, оның ішінде мердігерлерді тарту арқылы жұмыстарды жүргізген кезде құрылыс алаңында қауіпсіздік техникасын сақтау және мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігін күшейту, еңбекақыны уақтылы төлемегендері үшін жұмыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жасау, еңбек туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушілерге жұмысшылар үшін қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету, жұмыс және демалыс уақытын, жұмыс жағдайын, кепілдемесін және қызметтерін сипаттай отырып уақтылы келісім шарттарға қол қою.
Тұрақты комиссияның қызметіндегі тағы бір бағытқа тоқтала кетейік – ол Ережелердің құрылу барысына қатысу және орындау барысына бақылау орнату. Сонымен қала аумағында 6 Ереже қолданыста.
- Астана қаласының аяқталмаған құрылыс нысандарынан тұрғын үйлерді сатып алуды ұйымдастыру;
- Астана қаласы аумағының құрылысы;
- Астана қаласы аумағын аббаттандыру, санитарлық күтіп ұстау, тазалықты ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету;
- Астана қаласында жасыл отырғызғыларды ұстау және қорғау;
- Астана қаласында ит пен мысықтарды ұстау;
- Астана қаласының өндіріс, халықты әлеуметтік, тұрмыстық қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғын үй қоры нысандарын санитарлық-техникалық күтіп ұстау.
Тұрақты комиссия мүшелерінің белсенді қатысуымен Астана қаласы аумағында құрылыс салу Ережелеріне, Астана қаласы аумағында аббаттандыру, санитарлық күтіп ұстау, тазалықты ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету Ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, тұрақты комиссия қала аумағында әкімшілік жауапкершілікті қамтамасыз ететін қолданыстағы Ережелердің сақталу барысына атқарушы органдар жағынан тиісті бақылаудың жоқтығын белгілейді.
Осы мәселеге аса назар аудару керек. Тұрақты комиссияның қызметінде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен арыздары бойынша жұмыс айтарлықтай көп орын алады. Комиссия қоғамдық бірлестіктермен тығыз қарым қатынаста. Сонымен, өткен кезеңде қалалық қоғамдық көлікте халыққа қызмет көрсетудің сапасы және мәдениеті, жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйлерде және коммуналдық-тұрмыстық тағайындауы бар нысандарда көгілдір отын қолдану қауіпсіздігі бойынша мамандандырылған газо-техникалық инспекциясын құру мәселелері, «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық» Ақционерлік қоғамының қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша қалалық полигонға, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарып және орналастырғаны үшін табиғатты пайдаланушылардан қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді төлеу мәселесін шешуге ықпал ету мәселесі бойынша «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестігінің арызы қарастырылды.
Тұрақты комиссияның ұсынысы бойынша қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениеті бойынша мәселелер қалалық мәслихаттың сессияларында қарастырылды. Осы бағыттағы жағымды қозғалыстарды белгілеп кету жөн.
Тұрақты комиссияның және мәслихат сессияларының ұсынысы бойынша аялдамалардағы павильондарды жабдықтау, оқу мекемелерінің және емдік-алдын алу мекемелерінің жанында орналасқан жолдарды бағдаршамдармен, жолаушыларға арналған өтпе жолдарымен, жылдамдықты өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асырылуда.
Тұрақты комиссияның ұсынысы бойынша бюджет есебінен арнайы мамандандырылған газо-техникалық инспекциясын құру бойынша мәселені қарастыру барысында Астана қаласының «Орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету» ЖШС-гі есеп жүргізіп, оны Астана қаласының әкіміне ұсынған болатын. Тұрақты комиссияның ұсынысын қарап, қала әкімдігі жергілікті бюджет есебінен газотехникалық инспекциясын құру мүмкіндігі жоқ екенідігін хабарлады, өйткені, қалада, қолдарында рұқсаты бар 13 ұйым жөндеу жұмыстарымен айналысады. 
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылық» Ақционерлік қоғамының ұсынысын қарау нәтижесі бойынша тұрақты комиссия қоршаған ортаға эмиссия үшін экологиялық төлемдердің көлемін ескере отырып, табиғатты пайдаланушылармен келісім шартқа отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарғаны үшін, жеке және заңды тұлғалардан төлемдерді жинау бойынша жұмысты жақсарту бойынша шараларды қолдануды ұсынды.
Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, өзекті мәселелерді уақтылы шешу және қала тұрғындары үшін тиісті жағдайларды жасау мақсатында тұрақты комиссияның атқарушы органдарымен және олардың құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыс қалыптасқанын белгілеп кету керек.
Сонымен қатар, шешімі табылмаған сұрақтарға да тоқтала кетсек, ол сұрақтар шақырылым бойы тек біздің комиссияның мүшелерімен ғана емес, барлық депутаттармен көтеріледі. Қала үшін апатты және ескірген үйлерді бұзу, нөсер канализациясының күйі, автокөліктер үшін парковкалардың жетіспеушілігі, егесіз жануарларға арналған тәлімбақтар мәселесі өзекті болып қала береді. Қалалық қоғамдық көлікте халыққа қызмет көрсету мәдениеті, қаланың сыртқы аумақтарындағы көшелердің сапасы, елордадағы экологиялық климаттың күйін жақсартуды талап етеді.
Өзіміздің құзыретіміздің шеңберінде күнделікті маңызды, өзекті және қаланың дамуы мен қала тұрғындарының тұрмыстық деңгейін жақсарту үшін қажетті мәселелерді қарастыра отырып, бізге келіп айтылған мәселелерді шешуге ықпал етуге және тиісті көмек көрсетуге тырыстық.
Біздің комиссияның төрағасы Жаңбыршы Есетұлы Нүркеновқа және тұрақты комиссияның мүшелері – Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевқа, Василий Николаевич Петрущакқа, Валерий Анатольевич Кушнаренкоға жемісті және бірігіп жасаған жұмыстары үшін рақмет айтып, комиссияға енгізілген мәселелерді талқылау барысына аса қызығушылықты білдіріп және қалалық мәслихаттың комиссиялары мен сессия жұмыстарына белсене қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, тұрақты комиссия осыдан ары өзінің жұмыс барысына жаңа тәсілдерді енгізіп, қабылданып жатқан қаулыларға бақылау орнату бойынша тиісті назар аударып отырады.