2017 жылдың 23 мамырындағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қаулысы

Отбасы мен қоғамдағы

гендерлік қарым-қатынас

пен мәдени қалыптасу

жөніндегі іс-шараларды

өткізу жөніндегі атқарушы

органдардың жұмысы туралы 

         Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы Р.А.Имангазинованың отбасы мен қоғамдағы гендерлік қарым-қатынас пен мәдени қалыптасу бойынша жұмыс жағдайы туралы есебін тыңдап, талқылай келе, қалалық атқарушы органдармен қалада гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша жүйелік жұмыс жүргізілуде.

         Отбасылық қарым-қатынасты, моральді-этикалық, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға арналған 2015-2020 жылдарға жалпыұлттық жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасында гендерлік тепе-теңдік, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру қағидаттарын алға жылжытуға бағытталған 2030 жылға дейін отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының жүйелік жұмысы жүргізілуде.

         Елордада әйелдер саны 453 335 адамды құрайды, олар қаланың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында белсенді қатысады. Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылған. Отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы бағытталған отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайтуға бағытталған шаралар қабылданады. Барлық мемлекеттік органдарда «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы мемлекеттік кепілдіктер» және «Тұрмстық зорлықтың алдын-алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес гендерлік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыратын жауаптылар анықталды.

Отбасы мен қоғамда гендерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу үшін бюджеттен қаражат бөлінуде. Бұл мақсатқа бюджеттен 2015 жылы-1 494, 0 мың теңге, 2016 жылы - 2 090 мың теңге бөлінген. Отбасылық құндылықтарды мәдениет, ұлттық дәстүр және рухани ұстаным негізінде нығайту мақсатында "Отбасы – бақыт мекені" іс-шараларын өткізу үшін 2016 жылы бюджеттен 4 500, 0 мың теңге, 2017 жылы – 9 000, 0 мың теңге бөлінді. Әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Қаланың ішкі істер департаментінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімше құрылған, онда әйелдер ісі бойынша 5 инспектор жұмыс істейді.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды қолдау, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жобалар ҚР үкіметтік емес ұйымдармен іске асырылуда. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ведомствоаралық жоспар әзірленіп, бекітілген. "Қазақстан" зорлық-зомбылықсыз отбасы"жобалары, "Балаларды бірге қорғаймыз» жол картасы жүзеге асырылуда. 2016 жылғы қазанда Астана қаласында отбасылық тәрбие мәселелеріне тиісінше қоғамның назарын арттыру мақсатында, алғаш рет әкелер Республикалық форумы өтті.

Отбасын сақтап қалу, өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдер мен балаларды оңалту мен қолдау мақсатында,  2013 жылдың қараша айынан бастап "Дағдарыс орталығы- зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірдің қиын жағдайларына тап болған адамдар үшін баспана" жұмыс істейді. Осы кезең бойына 500-ден астам адамға, соның ішінде 200-ден астам балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Адам саудасының құрбандары болғандар  уақытша тұратын "Қорғау Астана" орталығы жұмыс істеуде.

Азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және ыңғайлы болу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің саясатымен астананың сауда үйлерінде жұмыспен қамту орталығының 5 өкілдіктері ашылды. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі мобильді топ жұмыс жасауда. Жаңадан құрылған  жұмыс орындарының саны 2015 ж. - 16 704 адам, 2016 ж. - 17 263 адам, оның ішінде әйелдер саны -10 005 -2015 ж., 10 340 - 2016 ж. қамтиды.

Әйелдер мен балаларға қатысты тұрғындар арасында құқықтық жұмыстарды жүргізу мақсатында, оқу орындары мен өзге де мекемелер мен ұйымдарда да кездесулер өткізілуде. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық және кемсітушілік мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, проспектілер және брошюралар шығарылған.

"Жұмыспен қамту жол картасы-2020", "Бизнестің Жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ, халықаралық қаржы институттары мен «Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қоры сияқты әр түрлі бағдарламалар арқылы  әйелдер бизнесін дамыту жүзеге асырылуда.

Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жандандырылуда, олардың 20-дан астамы әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерімен мақсатты түрде айналысады. "Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығы", "Кәсіпкер әйелдердің Одағы", "Право" ҚҚ, "Женский институт культурно-нравственного воспитания «Қазақ қызы" ҚБ,  "ҚТ" ҚҚ, «Көмек» уақытша тұру Орталығы, «Әлем әйелдері достығының Орталығы" ҚҚ, "Психологический центр "Келешек" ЖШС-і, "Салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы" сияқты ұйымдардың қызметін атап өту қажет.

Сонымен бірге, ана болуды, әке болуды және балалықты қорғауға, отбасыны жан-жақты дамытуға ықпал ететін, отбасыны нығайту және қорғау үшін жүргізілген жұмыстарға қарамастан, одан әрі жетілдіруді талап ететін мәселелер бар.

Мүдделі мемлекеттік органдардың төмендегі мәселелер бойынша үйлесімді  қызметін  жандандыру қажет:

- Отбасы және бала үшін қолайсыз жағдайлар туу қаупін ерте анықтау.

- Бұқаралық ақпарат құралдарында отбасы және қоғамда мәдени және гендерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға негізделген ақпараттық мәліметтерді көбейту.

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне отбасындағы тұрмыстық зорлықпен жұмыс жасауға үйрететін арнайы  семинарлар  өткізу қажет.

Талқылау қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында көпшілік тыңдауға қатысушылар ҰСЫНАДЫ:

  1. 1.    Астана қаласының әкімдігіне: 

 - Отбасылы, моральді-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін гендерлік саясатты жүзеге асыруға мүдделі қалалық органдардың жұмысын үйлестіру қамтамасыз етілсін.

- Отбасы институтын дамытуға, отбасылық құндылықтарды бағалауға, репродуктивті денсаулықты жақсартуға, сондай-ақ, гендерлік тепе-теңдікті сақтап, нығайтуға бағытталған қалалық әлеуметтік жобалар толықтай жүзеге асырылсын.

- Жас отбасыларға балалы болуды жоспарлау және балаларды тәрбиелеу, ажырасудың алдын-алу, отбасы жоқ жалғызбасты жандарға психолог, медицина қызметкерлерін, мұғалімдердің қатысуымен психологиялық және кеңес беру көмегін беру бойынша қалалық атқарушы органдары қызметінің  кешенді жоспары жасалсын;

 - Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде отбасылық және гендерлік жобаларды құруды жандандыру, оның ішінде жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға жоғары білім беруді жүзеге асыру қажет.

- Адам саудасы мен тұрмыстық зорлық көрген әйелдерге денсаулық сақтау, отбасылық құндылықтар, құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша тегін оқулар ұйымдастырылып, кеңестер берілсін.

2. «Астана қаласы ішкі істер Департаменті» ММ:

- Отбасы және бала үшін қолайсыз жағдайлар туу қаупін ерте анықтау және алдын-алу бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибе жинау үшін ішкі істер қызметкерлерін  қашықтықтан оқыту қарастырылсын;

- Балалар мен әйелдерге қатысты зорлықты болдырмау, құқықтарын қорғау мақсатында балалар үйін, интернат және басқа да мекемелерді тұрақты түрде мүдделі органдармен бірге араласын;

3. «Астана қаласы ішкі саясат басқармасы»ММ «Астана қаласы білім беру басқармасы» ММ бірге, «Астана қаласы жастар саясаты мәселесі бойынша басқармасы» ММ:

- «Мәңгілік ел» ұлттық идея негізінде қарт адамдарды сыйлау, қазақстандық патриотизмге баулу, азаматтық жауапкершілік пен рухани-адамгершілік даму сияқты қалалық оқу орындарында адамгершіліктің жоғары сатылы бағдарын қалыптастыру бойынша тиімді қызмет қамтамасыз етілсін.

- Отбасы мен қоғамда отбасылық құндылықтар мен гендерлік тепе-теңдікті нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мәдени және гендерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған отбасы туралы ақпараттық мәліметтерді жариялау күшейтілсін.

- Жоғары оқу орындарында бітірушілерді жұмысқа тұрғызу мәселесі қолға алынсын; 

4. «Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ :

- «Бизнестің жол картасы 2020», нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламалары аясында әйелдер бизнесін дамыту мен әйелдерді қаржылай және қаржылық емес құралдармен қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсетілсін.

5. «Астана қаласы білім беру басқармасы» ММ:

- «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша жалпы адамзаттық құндылықтар, оның ішінде отбасылық құндылықтар мен гендерлік саясат мәселелері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру қамтамасыз етілсін.

-  Оқу-тәрбиелік мақсатта әлеуметтік қызметкерлерді, ішкі істер қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен отбасылық құндылықтар, тұрмыстағы зорлық мәселелері бойынша сынып сағаттары жүргізілсін;

- Жұмысшы мамандығының дәрежесін көтеру бойынша іс-шаралар жүргізілсін;

6. «Астана қааласы денсаулық сақтау басқармасы» ММ:

- Астана қаласының тұрғындарын өмір жасын ұлғайтуға бағыттау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығының қызметіне гендерлік тәсіл енгізуді қамтамасыз етілсін;

       7. «Астана қаласы мәдениет, архив және құжаттама басқармасы» ММ:

- Балалар үйі мен арнайы интернаттарда тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған қайырымдылық концерттері, спектакльдер, кәсіптік бейімделген кездесулер ұйымдастыру жұмыстары жандандырылсын;

         8. «Астана қаласы дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ:

- Әртүрлі санаттағы тұрғындарды, оның ішінде қауіп-қатер тобындағы балалар, жасөспірімдер мен  жастарды спорттық секциялар, спорттың қолжетімді түрлерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілсін.

 

Әлеуметтік-мәдени даму

мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссия төрағасы                                               М. Шайдаров

 

Құрылыс, экология, көлік,

сауда және тұрғын үй-коммуналдық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссия төрағасы                                                         С. Жунусов

 

Заңдылық, құқық тәртібі

және қоғаммен жұмыс

жасау мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссия төрағасы                                                   Г. Касенов

 

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және

кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссия төрағасы                                                   М. Шекенов