2020 жылға дейінгі перспективасымен Астана қаласының шет аймақтарын ортамерзімді кезеңде дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы

Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының ұсынымдары

 

 

Астана қаласы                                                                        2014 жылғы 17 қазан 

 

 

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары көпшілік тыңдауда 2020 жылға дейінгі перспективасымен Астана қаласының шет аймақтарын ортамерзімді кезеңде дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысын қарап және талқылап, елорданың шет аймақтарын абаттандыру және олардың инженерлік, көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде қалада айтарлықтай жұмыс жүргізілетінін атап өтеді.

Қаланың шет аймақтары аумақтарын сумен қамтамасыз ету, су өткізу, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сыртқы жарықтандыру, жылумен қамтамасыз ету, телефондандыру, абаттандыру мен көгалдандыру саласындағы проблемалар шешімін табуда.

Елорданы дамытудың бас жоспарына сәйкес инженерлік желілерді, автомобиль жолдарын жобалау, салу, қайта құру мен жөндеу жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Тұжырымдамада 20 тұрғын алаптың инфрақұрылымын кезең-кезеңмен дамыту көзделген, оларда 232, 38 км жол және 900,9 км инженерлік желі салу жоспарланған. Оларға Өндіріс, Промышленный, Железнодорожный, Заречный, Тельмана, Комсомольский, Пригородный тұрғын алаптары, Қараөткел, Оңтүстік -Шығыс, Достық, Қазақ ауылы шағын аудандары және басқалар жатады.

2011 - 2013 жылдар аралығында 65,34 км жол және 136,01 км инженерлік желі салынды, оларды орындауға 18,9 млрд. теңге бөлінген,  соның ішінде республикалық бюджеттен 18,0 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 849,0 млн. теңге. Тұжырымдама шеңберінде Күйгенжар, Қазақ ауылы, Пригородный, Казгородок және Қараөткел тұрғын алаптарында жүргізілген жұмыстар аяқталды. Интернациональный, Мичурино және Железнодорожный тұрғын алаптарында жолдарды асфальттау, инженерлік желілер (нөсерлі, шаруашылық-тұрмыстық кәріз, телефондандыру), жаяу жүргіншілер жолдарын салу және сыртқы жарықтандыру жөніндегі жұмыстар орындалды.

2014 жылы 11 тұрғын алапта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, олар:   Н. Тілендиев даңғылының оңтүстігіндегі Достық, Көктал - 1, Көктал - 2,  Оңтүстік - Шығыс (сол жағы), Комсомольский, Өндіріс, Тельмана, Заречный, Промышленный және Оңтүстік - Шығыс (оң жағы). Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 15,07 км 38 көше салынды.   

Абылайхан даңғылы бойында орналасқан тұрғын алаптарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін ұзындығы 15 км су құбырын, 15 км электр желілерін, 14 км шаруашылық-тұрмыстық кәріз  салу жобаланған. Қазіргі уақытта Ақбұлақ тұрғын алабында шаруашылық-тұрмыстық кәріз салу мен жолдар жобалау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бұрыннан келе жатқан тұрғын алаптарында электр желілерін салу, қайта жаңарту мен жаңғырту, сумен қамтамасыз ету және су беру жүйелерін дамыту жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде  Промышленный, Заречный, Комсомольский, Қараөткел және Оңтүстік - Шығыс (оң жағы) тұрғын алаптарында электр энергиясымен және сумен қамту желілерін салу аяқталды. Ағымдағы жылы Кирпичный кентіндегі Қамысты, Көксеңгір көшелері бойындағы су құбырлары желісін қайта жаңарту, Өндіріс және Көктал тұрғын алаптарындағы Жезді, Тастақ, Сусамыр көшелеріне сыртқы жарықтандыру желісін салу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге, көпшілік тыңдауға қатысушылар қаланың шет аймақтарын абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымын дамыту және қала тұрғындарының қолайлы және ыңғайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан Тұжырымдаманың іс-шараларын іске асыруда бірқатар проблемалық мәселе бар. Тұжырымдама қабылданған уақыттан бастап 2010 жылдан бері нақты жағдай мен уақыттың талабына қарамастан оған ешқандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген.

Қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелері арасында өзара іс-қимылдың, белгіленген жобаларды жоспарлау мен іске асыру барысында іс-қимылды үйлестірудің болмауы жолдарды және инженерлік-коммуникациялық желілерді жөндеу мен салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде келісілмеген іс-әрекеттерге әкеп соқтырады.

Жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан Достық, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар тұрғын алаптарында инженерлік желілер салу, Көктал және Өндіріс тұрғын алаптарындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, әсіресе әлеуметтік объектілер (мектептер, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер) жанында орналасқандарды жөндеу мәселелері толық көлемде шешілмейді.

Объектілерді пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына, орындалған жұмыстардың сапасына тиісті бақылаудың болмауы жол төсемесінің, жаяу жүргіншілер жолдарының мерзімінен бұрын істен шығуына әкеп соқтырады.

Абаттандырылуы аяқталған объектілерді, инженерлік желілерді, жолдарды есепке алып қою жөніндегі іс-шаралар уақытында жүзеге асырылмайды, бұл  иесіз объектілер санының ұлғаюына әкеп соқтырады және елордада коммуналдық мүліктің уақытында құрылмауы мен есепке алынбауының себебі болып табылады.

Тұжырымдама шеңберінде көпшілік жеке құрылыс аудандарында жылумен қамту желілерін  жобалау мен салу жөніндегі іс-шаралар көзделмеген. Атап айтқанда, Тельмана тұрғын алабында салынып жатқан коттедждерді (Президенттік саябақ ауданында), Көктал түрғын алабындағы көпқабатты үйлерді жылумен қамту, 39-разъезд тұрғын алабын сумен қамту желілерін салу мәселесі де шешімін таппауда.

Техникалық сипаттамалары тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұранасын қанағаттандыратын электр энергиясымен жабдықтаудың жаңа желілерін жобалау мен салу, иесіз электр желілерін және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желілерін «Астана - РЭК» АҚ теңгеріміне беру мәселелерін шешу қажет.

Күйгенжар, Өндіріс, Интернациональный тұрғын алаптарының тұрғындарынан қалалық қоғамдық көлік қозғалысының реттелмеуіне қатысты көптеген арыз келіп түсуде. Елорданың шет аймағында орналасқан барлық тұрғын алапта еңбекақы мен зейнетақы алу үшін екінші деңгейдегі банктердің терминалдары жоқ.

Қаланың шет аймағындағы тұрғын алаптарды жеке меншік секторларға бөлу және тұрғындарды жайғастыруға, олардың ағымдағы мәселелерін шешуге жауапты тұлғаларды бекіту мәселесін зерделеу қажет.

Жылдан жылға қаланың ескі бөлігіндегі, Өндіріс және Ильинка тұрғын алаптарындағы үйлерді су басуда.

Осы уақытқа дейін Ильинка тұрғын алабына дейін жол, инженерлік-коммуникациялық желілерді салу жөніндегі жұмыстар аяқталмаған.

Қаланың шет аймақтарындағы тұрғын алаптарда металл люктердің және су құбыры мен электр энергиясымен жабдықтаудың инженерлік желілері құралдарының, сыртқы жарықтандыру тіректері мен шамдардың ұрлану фактілері жиі кездеседі.

Жоғарыда жазылғанның негізінде, көпшілік тыңдауға қатысушылардың ой-пікірі мен ұсыныстарын ескере отырып, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҰСЫНДЫ:

 

1. Астана қаласының әкімдігі:

- қаланың шет аймақтары тұрғындарының қолайлы және ыңғайлы өмір сүруіне жағдай жасау, олардың абаттандыруды қамтамасыз етудегі, инженерлік инфрақұрылымды дамытудағы проблемаларын шешу  мақсатында қазіргі уақыт талабын ескерумен қаланың шет аймақтарын дамыту тұжырымдамасын қайта қарасын және жақын арада мәслихатқа Тұжырымдаманың жаңа редакциясын немесе Елорданың шет аймақтарын дамыту бағдарламасын ұсынсын;

-   жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігіне қол жеткізу үшін жол салу және оларды қайта жаңарту, инженерлік-коммуникациялық желілерді салу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өзара келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдасын;

- Ильинка тұрғын алабы тұрғындарының проблемаларын шешуді ерекше бақылауға алсын.

 

2. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Энергетика басқармасымен және Коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп:

- бөлінген бюджет қаражатының уақтылы игерілуін қамтамасыз етумен Тұжырымдамадағы іс-шаралардың белгіленген мерзімде іске асырылуы жөнінде шара қабылдасын;

- өз құзыреті шеңберінде объектілердің пайдалануға берілу мерзімінің сақталуына ерекше назар аударумен жол төсемесі мен жаяу жүргіншілер жолдарының сапасын қамтамасыз ету, сыртқы жарықтандыруды уақытында орнату, инженерлік-коммуникациялық желілерді салу жөнінде кешенді                     іс-шараларды жүзеге асырсын;

- қаланың шет аймақтарында жүргізіліп жатқан жеке құрылыс объектілері үшін сумен жабдықтау және кәріздің орталықтандырылған желілерін жобалау мен салу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;

- Достық, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар тұрғын алаптарында инженерлік желілер салу, Көктал және Өндіріс тұрғын алаптарындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу, әсіресе әлеуметтік объектілер жанында орналасқандарды, сыртқы жарықтандыруды өткізу жөнінде шара қабылдасын.

 

3. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы:

    - 2020 жылға дейінгі перспективасымен Астана қаласының шет аймақтарын ортамерзімді кезеңде дамыту тұжырымдамасының іс-шараларын аяқтауға бюджет қаражатын уақтылы бөлу жөнінде шара қабылдасын.

 

4. Қаржы басқармасы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, Коммуналдық шаруашылық басқармасымен және Энергетика басқармасымен бірлесіп:

         - елордада коммуналдық мүлікті қалыптастыру мен есепке алу және оны одан әрі күтіп ұстау мақсатында пайдаланушы ұйымдарға абаттандыру объектілерін, инженерлік-коммуникациялық желілерді уақтылы беру жөнінде қосымша шара қабылдасын.      

 

5. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы:

- қаланың шет аймақтарындағы тұрғын алаптарға қалалық қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз ету, аялдама павильондарында қалалық қоғамдық көлік қозғалысы туралы ақпаратты орналастыруды ретке келтурі жөнінде шара қабылдасын.

 

6. Энергетика басқармасы: 

- Ильинка тұрғын алабында жол және инженерлік-коммуникациялық желілер салу жөніндегі жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау бойынша жедел шара қабылдасын.

 

7. Энергетика басқарамсыҚаржы басқармасыЭкономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы: 

- тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұранасын, иесіз электр желілерін және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желілерін «Астана - РЭК» АҚ теңгеріміне беруді ескерумен қаланың шет аймақтарындағы тұрғын алаптар тұрғындарының сенімді пайдаланылуы және оларды электр энергиясымен сапалы қамтамасыз ету үшін электр энергиясымен қамтамасыз етудің жаңа желілерін жобалау мен салу мәселелерін қарастырсын.

 

8. «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары: 

- қаланың шет аймағындағы тұрғын алаптардың жеке меншік секторын орамдарға бөлу және көрсетілген аудандардың тұрғындарын жайғастыруға, олардың ағымдағы мәселелерін шешуге жауапты тұлғаларды бекіту жөніндегі мәселелерді зерделесін және ұсыныстарын енгізсін;

- екінші деңгейдегі банктерге қаланың шет аймағындағы тұрғын алаптар аумағында банк терминалдарын орнату туралы өтінім жасасын.

 

9. «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттарына «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының ішкі істер басқармаларымен бірлесіп: 

- қолданыстағы заңнама шеңберінде металл люктердің және су құбыры мен электр энергиясымен жабдықтаудың инженерлік желілері құралдарының, сыртқы жарықтандыру тіректері мен шамдардың ұрлануына жол бермеу үшін  құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шара қолдануды қатаңдату ұсынылсын.

 

Ұсынымдар 2014 жылғы 17 қазанда өткен  көпшілік тыңдауда қабылданды.

 

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                         С. Есілов