Ақмола қаласының құрметті азаматтар

  Тегі, аты-жөні,туған жылы

Марапаттау сәтіндегі лауазымы, құрметті атағы, жоғары мемлекеттік наградалары

Құжаттың атауы, атақ берілген күні

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы

12.12.1960 ж.

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі. Яссауи атындағы халықаралық сыйлықтың және Баубек Бұлқышев атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты

Ақмола қалалық мәслихаты депутаттар жиналысының 1995 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен «Ақмола» энциклопедиясын шығаруға жеке өз үлесін қосқаны үшін «Ақмола қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Дубицкий Андрей Федорович 30.10.1915 -2005

Ұлы Отан соғысына қатысушы, Журналист, публицист,тарихшы-өлкетанушы. Ақмола қалалық мәслихаты депутаттар жиналысының 1995 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысымен өлкетану саласында, Ақмола қаласы мен далалық Есіл маңы тарихын зерттеудегі жемісті еңбегі, белсенді журналистік, публицистикалық және әдеби қызметі үшін «Ақмола қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Қадыров Нұрғали Тәсілұлы 31.12.1916 -17.08.2001

 

 

 

Ұлы Отан соғысына қатысушы, ветеринарлық ғылымдарының докторы, профессор.

Ақмола қалалық мәслихаты 18 сессиясының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен ветеринарлық ғылымын жетілдіру, Ақмола қаласының санитарлық мәдениетін жақсарту және 80-жасқа толған мерейтойына байланысты «Ақмола қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

 

 

Казанцев Александр Петрович 02.09.1906-13.09.2002

Ұлы Отан соғысына қатысушы, белгілі жазушы-фантаст.Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, БҰҰ ассоциативтік мүшесі.

 

Ақмола қалалық мәслихаты 18 сессиясының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен әдебиет саласындағы жоғары жетістіктері, белсенді мәдени-ағартушылық және қоғамдық қызметі және 90-жасқа толған мерейтойына байланысты «Ақмола қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Мейірманов Мұқат Мейірманұлы 1906 - 1999
Ұлы Отан соғысына қатысушы, кеңестік кәсіподақтық органдардарында қызмет атқарды

 

Ақмола қалалық мәслихаты 18 сессиясының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен Ақмола қаласының тарихын насихаттау жөніндегі орасан еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Ақмола қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

Бөлекпаев Аманжол  Қуанышұлы

01.01.1941 - 24.12.2013

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. «Құрмет белгісі» , «Достық» ордендерімен марапатталған.

 

Қалалық мәслихаттың 1997 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен Ақмоланың дамуына, Елорда ауысып қаланың қайта қалыптасуына қосқан орасан еңбегі үшін «Ақмола азаматының құрметті азаматы» атағы берілді.