Алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты колмиссиясының 2017 жылғы наурыз – 2018 жылғы наурыз кезеңі бойынша қызметі туралы ЕСЕП

Алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты колмиссиясының 2017 жылғы наурыз – 2018 жылғы наурыз кезеңі бойынша қызметі туралы

ЕСЕП

 

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, оның құрамындағы депутаттар Шайдаров М.З., Абден К.Ж., Гаипов З.С., Солодовников С.П., Табулдина А.Ж, Умербаева Р.Ф. бекітілген жоспары аясында жұмыс жүргізді.

 

Басты назар аударылған сұрақтар – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелер.Жолдаудың негізгі бағытының бірі –адами капитал сапасын жақсарту. Білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістермен қатар әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру (Ұлт жоспарының 84-қадамы).

Осыған байланысты тұрақты комиссияның отырыстарында талқыланған мәселелер:

* халыққа бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету және жедел медициналық көмек көрсету;

* жетім балаларға, аурудың ауыр түрлеріне шалдыққан балаларға, патронаттық және көп балалы отбасыларға көмекті ұйымдастыру;

* мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз қозғалуын және әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;

* жастарды мемлекеттік қолдау және оларды астананың қоғамдық өміріне тарту жұмысының ахуалы және қолдауды қамтамасыз ету шаралары;

* тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастыру.

 

Көпшілік алдында қоғамдық тыңдауларда келесі мәселелер талқыланды:

-отбасындағы және қоғамдағы мәдени және гендерлік қарым-қатынасты қалыптастыру іс-шаралары;

- Астанада саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары.

«Депутат күнінде» денсаулық сақтау мекемелерінде «SmartAstana» ақылды қала жобасын енгізу бойынша атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі есеп тыңдалды.

Сонымен қатар, «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы» қаралып, бекітілді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

Құрметті әріптестер! Уәкілетті органдардың жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмысындағы барлық оңтайлы үрдістерді айтпай-ақ қояйын.

Біздің комиссиямыздың ұсынымдарына ғана тоқтауға рұқсат етіңіздер.

Амбулаториялық-емханалық көмек бойынша:

- «Денсаулық сақтау» атты денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;

- кешенді жан басына шаққандағы нормативтің негізінде амбулаториялық-емханалық кешеннің бюджетін адал бөлу мәселесін қарау;

- амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және мектеп медицинасын дамытуға бюджет қаражатын бөлуді қарастыру;

- әлеуметтік саланың жаңадан енгізілген объектілерін, оның ішінде жедел медициналық көмектің қалалық станциясын, Астана қаласының № 12 емханасын Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру бойынша кідірмей шара қабылдау;

- «Жағалау» шағын ауданында кезек күттірмейтін жедел медициналық жәрдем бөлімшесін ашу бойынша шара қабылдау;

- № 1 емханаға қосымша құрылыс салу, «Өндіріс» тұрғын алабындағы емхананы кеңейту;

- Ильинка тұрғын алабында орналасқан № 12 емхана ғимаратына тиісті құжаттар ресімдеу;

- амбулаториялық-емханалық қызметтің штаттық бірліктерін сәйкес келтіру;

- елорданың маңындағы елді мекендердегі пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- орта медициналық персоналды даярлау бойынша білім беру үдерісінің жоғары нәтижелілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне Астана қаласының Жоғары медициналық колледжінің басшылығы мен оқытушы құрамының назарын аудару;

- Астана қаласының салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру орталығының қызметін жандандыру, денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, салауатты өмір сүру және дұрыс тамақтану салтын құру үшін қажетті өткізіліп жатқан іс-шаралардың сапасын жақсарту;

- «Астана Медициналық университеті» АҚ «әлеуметтік психология» мамандығы бойынша медициналық кадрлар даярлау туралы ұсынысқа бастамашылық жасау;

- әлеуметтік роликтер көрсетуге және медициналық теле және радиобағдарламалар шығаруға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жолымен бұқаралық ақпарат құралдарының салауатты өмір сүру салтын насихаттау жөніндегі қызметін жандандыру.

 

Тұрақты комиссия депутаттарының халыққа қызмет көрсету, мәдениет, спорт, білім жүйесінің бірқатар объектілеріне баруы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруі үшін объектілерді бейімдеу жөніндегі жұмыста елеулі жетіспеушіліктер бар екенін көрсетті.

Осыған байланысты, қала әкімдігіне төмендегі ұсынымдар берілді:

- қажеттіліктерін барынша ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға еркін жүруі және ортақ пайдаланудағы көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен орын-жайларға кедергісіз кіру үшін жағдай жасау бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;

- мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жеке автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгісін орнатумен, орындар бөлуді қамтамасыз ету;

- тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық объектілерді пайдалануға берген кезде қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;

- халықтың төмен мобильді топтарына қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп болатын жерлерде синхронды дыбыстық және жарық сигналдары бар арнайы бағдаршамдар, жол беглілерін және сілтеуіштер, дыбыстық және жарық құрылғылармен жабдықталған жаяу жол жүру өткелдерін орнатуды қамтамасыз ету.

 

Жетім балаларға, қатты аурулармен ауыратын балаларға, патронатты және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысында ақылы кем балаларға арналған, бейімделмеген орын-жайда орналасқан арнайы түзету мектеп-интернаттың шамадан тыс жүктемесі проблемасы бар.

Медициналық сала мамандарының жетіспеушілігі денсаулық жағдайында ауытқулар бар балаларға оларға қажетті даму үшін мүмкіндік бермейді.

Психологиялыө-педагогикалық түзету кабинеттерінің желісін жыл сайын кеңейту қажет, жетім балалар мен табысы аз отбасылар санындағы балалар санатына жатпайтын мүгедек балалар мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген.

Осы шешілмеген мәселелер және тағы да бірқатар проблемалар уәкілетті органдарға төмендегіні ұсыну үшін негіздеме болып табылды:

- коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға арналған мекме түлектеріне тұрғын үйдің бөлінуін қатаң есепке және бақылауға алуды қамтамасыз ету;

- мамандандырылған сәби үйінің балаларға арналған кедергісіз ойын алаңын салу мүмкіндігін қарастыру;

- халықтың қорғалмаған жіктеріне тұрмыстық, материалдық, моральдық және құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастырумен айналысатын әлеуметтік қызметкерлер үшін жатақхана салу мәселесін қарау;

Мектеп жасындағы мүгедек балаларды жалпы білім беру үдерісімен қамту бойынша мониторинг өткізу, аутизммен ауыратын, сөйлеу қабілеті бұзылған және психикалық дамуында проблемалар бар балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін және сауықтыру орталықтарын кеңейту, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тегін тамақтанумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, ата-аналарын естімейтін оқушылар, балалар үшін ұзартылған күн тобын ашу;

- мүмкіндіктері шектеулі балалармен бірге жүретін адамдар үшін жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігін зерттеу;

- Мамандандырылған сәби үйінің 13 баласы үшін ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алименттерді мәжбүрлі түрде өндіріп алу бойынша шара қабылдау.

Елорда жастарының шығармашылық қабілетін анықтауға және дамытуға ерекше назар аударылуда. Өткізілген мәдени шаралар этносаралық келісімді нығайтуға, толеранттылықты насихаттауға, шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға және жастар бірлестігін дамытуға ықпал етеді. «Жасөспірімдерді девиантты мінез-құлықпен және қылмыстық жазаға ұшыраған жастарды бейімдеуге көмек көрсету», «Жастар категориясы бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу», «Шектеулі жастар үшін шығармашылық фестиваль» атты жобалар шеңберінде әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жүргізілуде.

Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органына осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.

 

Мәслихаттың тұрақты комиссиясы қалада тұрмыстық зорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары санының көптеген мөлшерін балалар құрайтыны үрейлендіреді. Қызмет ету күнінен бастап Дағдарыстық орталық қабылдаған 810 адамның 534 – балалар.

Осыған байланысты, қала әкімдігіне Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп төмендегі ұсынылды:

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары жүгінген кезде жедел және өзара келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау;

- қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде әкелер, аналар, ақсақалдар кеңестерінің, қоғамдық кеңестердің ролін жандандыру;

- өсіп келе жатқан ұрпақты интеллектуалды, рухани және дене тәрбиесі бойынша тәрбиелеу жұмысын күшейту;

- қала тұрғындарында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру және темекі шегу, есірткі мен ішімдік тәуелділіктерінен айырылу бойынша жұмысты жалғастыру;

- БАҚ, әлеуметтік жарнама арқылы мемлекеттің әйелдерді зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау бойынша қолданатын шаралары туралы, сондай-ақ балаларға қатысты құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған ата-аналар мен адамдардың жауапкершілігі туралы халыққа хабарлау.

 

Гендерлік және отбасы-демографиялық саясат туралы

Гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілетуге, салауатты өмір сүру салтын құруға, жаппай еңбек ету қоғамын құруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы күшейтілді.

Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру және жандандыру мақсатында төмендегі қажет:

- жас отбасыларға балаларды жоспарлау және тәрбиелеу, айырылысудың алдын алу бойынша, отбасылары жоқ жалғыз басты адамдарға, оның ішінде психологтарды, медициналық қызметкерлерді, мұғалімдерді тартумен, психологиялық және консультациялық көмек көрсету бойынша қалалық атқарушы органдар қызметінің кешенді жоспарын құру;

-отбасылық және гендерлік жобалардың мемлекеттік-жекешелік әріптестігі негізінде жұмысты жандандыру, оның ішінде жетім балаларға және атан-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға жоғары білім алу үшін, денсаулық, отбасылық құндылықтар, адамдар саудасының құрбандары болған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шалдыққан әйелдер үшін

құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша тегін тренингтер мен консультациялар өткізу;

- ішкі істер органдары қызметкерлерін отбасы мен баланың нашар жағдайы тәуекелдерін ерте анықтау бойынша алдын алу жұмысының озат тәжірибесіне қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселесін қарау;

- әйелдер бизнесін дамыту және әйелдерді қаржылық және қаржылық емес құралдармен қамтамасыз ету қызметін жетілдіру;

- «Өз-өзін тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтар, әлеуметтік қызметкерлерді, ішкі істер қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тартумен, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу, жұмыс мамандықтарының мәртебесін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- халықтың әртүрлі санаттарын, оның ішінде тәуекел топтарынан балаларды, жасөспірімдерді және жастарды спорт секцияларымен, көпшілікке арналған қолжетімді спорт түрлерімен қамту жұмысын өткізу.

 

Тұрақты комиссия денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қалада өткізіліп жатқан жұмыс жеткіліксіз деңгейде екенін хабарлайды.

Сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекеттерді қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында салауатты өмір салтын құру бойынша кешенді бағдарлама әзірлеп, енгізу қажет.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» ЖШС-ның халықты салауатты өмір салтын жүргізуге уәждеме жөніндегі қызметін

үйлестіру қажет. Жұмыс оқушылар мен жастар арасындағы проблемаларды талдаусыз жүргізілуде.

Осыған байланысты, комиссия төмендегі қажет деп есептейді:

- дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу және бұған халықтың қалың жіктерін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тарту үшін қаланың спорт алаңдарын түгендеу және паспорттауды өткізу. Архитектуралық-жоспарлау шешімдерін қабылдаған кезде қаланың салауатты жоспарлануы қағидаттарын ескеру;

- елорданың алыстағы аудандарында тротуарларды, жаяу жүру өткелдерін, көлік жүретін бөлігін жарықтандыру бойынша шара қабылдау. Алдын ала ескертетін жол белгілерін орнату, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің аумағында және балалар көп жиналатын басқа да жерлерде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын фото бейне тіркейтін қондырғылар орнату;

- жалпы білім беретін мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының аумақтарында тәтті газдалған сусындарды, фастфуд, темекі өнімдерін сатуға тыйым салу мүмкіндігін қарастыру;

- Астана қаласында салауатты өмір салтын құру бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеу;

- бұқаралық ақпарат құралдарымен салауатты өмір салтының әртүрлі аспектілерін жариялау, сондай-ақ қажетті ақпараттық-жарнамалық өнімді әзірлеу және шығару, әлеуметтік жарнаманы дайындау және тарату, халықтың әртүрлі топтары арасында мониторинг өткізу жөніндегі жұмыстың сапасын арттыру;

- балалардың спорт, спорт-техникалық, спорт-туристік қалалық және республикалық жарыстарға қатысуын жандандыру.

 

Атқарушы органдардың денсаулық сақтау мекемелерінде «SmartAstana» ақылды қала жобасын енгізу бойынша жұмысының ұйымдастырылуына жеке тоқтағым келеді.

Бүгінгі күні «Smart Астана» тұжырымдамасы шеңберінде «Smart Медицина» жобасы енгізілуде, оның мақсаты медициналық мекемелердің жұмысын автоматтандыруды және пациенттердің деректерін дербестендіруді қамтамасыз ететін медициналық ақпараттық жүйе енгізу болып табылады.

Жұмыс тобы құрылды, Жобаның тұжырымдамасы, Жобаның паспорты және Жобаны іске асыру бойынша жол карта әзірленіп, бекітілді.

Денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылы Жоба шеңберінде № 2 қалалық балалар ауруханасының, № 3 перинатальдық орталықтың және № 10 қалалық емхананың базасында медициналық ақпараттық жүйе бойынша пилот енгізілді.

Жобаны толық енгізу үшін тиісті инфрақұрылым құруды ескерумен, жобаны іске асыруға кешенді тәсіл қаралуда.

2021 жылға дейін барлық аталған компоненттерді Денсаулық сақтау басқармасының барлық ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарында кезең-кезеңімен енгізу жоспарланады.

 

Құрметті әріптестер!

Атқарылған жұмыстар туралы бүгінгіесеп – жұмыстың кейбір қорытындыларын шығару ғана емес, сонымен қатар болашаққа жоспарды белгілеудің негізі. Заңнамамен берілген өкілеттікті пайдаланып және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында баяндалған стратегиясын қолдай отырып, атқарушы билікпен, әлеуметтік объектілердің басшыларымен, бизнес құрылымдармен біздің қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша бірлес

Назарларыңызға рақмет!