Астана қаласы мәслихатының 2012 жылға арналған жұмыс Жоспары

Астана қаласы мәслихатының

2012 жылғы 28 наурыздағы

№22/2-V шешімімен

бекітілген

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылға арналған жұмыс Жоспары

Астана қаласының мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Астананың мәртебесі туралы» заңдарына және өкілдік органдардың жұмысын реттейтін басқа да заңнама актілеріна сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың негізгі міндеті елорда халқының еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды анықтау және оны жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарушы органдармен, барлық меншік нысанды шаруашылық етуші субъектілермен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген әрекеттерді негізге ала отырып, Астана қаласының мәслихаты өз күшін келесіге бағытталған іс-шараларды орындауға шоғырлайды:

- елорданы әлеуметтік-экономикалық дамытудың деңгейін алдағы уақытта арттыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, өндіріске жоғары тиімділікті инновациялық технологияларды енгізу, шағын және орта бизнесті және жалпы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;

- қалалық бюджеттің қалыптасуына, орындалуына, бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

- халықты қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды іске асыру;

- елордада заңдылық және құқық тәртібін нығайту, қала тұрғындарының құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз ету;

- азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауға жәрдемдесу;

- қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бағдарламаларды іске асыру;

- мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық принциптерді сақтау, қалалық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссиялары, аппараты жұмысының тиімділігін арттыру.

Көзделген іс-шараларды іске асыру үшін 2012 жылы келесі мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр:

 

Мәслихат сессияларында қарауға арналған мәселелер:

Астана қаласындағы мәдениет саласының жай-күйі мен оны дамыту туралы.

I тоқсан

- Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

- Астана қаласының 2011 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есебі.

IIтоқсан 

- Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары туралы. 

IIIтоқсан 

- Астана қаласы ішкі істер департаментінің елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстылықтың алдын алуды күшейту бойынша жұмысы туралы. 

- Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы.

IV тоқсан 

Сессия қарауына бұрын қабылданған шешімдердің, сессияларда айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпаратты тұрақты енгізу.

Сессияларда тұрақты комиссиялардың есептерін, депутаттық сұрау салуды және жергілікті өкілдік органдардың құзыретіне енетін басқа мәселелерді қарастыру.

II. Тұрақты комиссиялардың мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер: 

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

 - Білім басқармасының балалар мектепалды мекемелеріне есепке қою және орынды бөлуді ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы.

 сәуір 2012 жыл 

- Тұрғын үй басқармасының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алуды ұйымдастыру және бөлінетін пәтерлерді тарату тәртібі бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан

- «2011-2013 жылдарға арналған «Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу» өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы. 

IIIтоқсан 

- «Сарыарқа» ауданы полициясы учаскелік инспекторларының қоғамдық тәртіпті қорғау және аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы туралы.  

IV тоқсан 

Қажеттілігіне қарай сессияның қарауына мәслихаттың қызметіндегі заңдылық, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді енгізсін. 

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия: 

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы. 

сәуір 2012 жыл 

- «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшіліктендіру басқармасының Астана қаласының аумағында индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысы туралы. 

II тоқсан 

- Астана қаласында мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамытудың жай-күйі мен оларды дамыту келешектері туралы. 

IIIтоқсан 

- Жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы.

IV тоқсан

Қажеттілігіне қарай сессия қарауына қала бюджетін нақтылау, оның орындалуы мәселелері бойынша мәселелерді енгізу. Комиссия мәжілістерінде тоқсан сайын Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдау.

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы.

 сәуір 2012 жыл

- Қаржы басқармасының Астана қаласының коммуналдық меншігінде болатын мемлекеттік активтерді тиімді басқару бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан

- Энергиямен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңі жұмысына дайындығы туралы.

IIIтоқсан

- Қалада сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің жай-күйі мен оны жақсарту шаралары туралы.

IV тоқсан

Қалалық мәслихаттың шешімдерімен бекітілген міндетті ережелерді орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру, оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытылы әзірлеуді бақылау.

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын тұлғалармен әлеуметтік-медициналық іс-қимылдары бойынша жұмыстары туралы.

сәуір 2012 жыл

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту жөніндегі жұмысы туралы.

II тоқсан 

- Білім басқармасының қаланың кәсіби-техникалық мекемелеріне жоғары білікті кадрларды оқыту және дайындауда индустриалды-инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысы туралы.

III тоқсан 

- Астана қаласының балалар және басқа мамандандырылған мекемелерінде баланың құқықтары, еркіндігі мен заңды мүдделерін сақтау және қорғаудың жай-күйі мен шаралары туралы.

IV тоқсан

Тұрақты комиссиялардағы жария тыңдаулар:

Барынша маңызды және қоғамдық мәнді мәселелерді талқылауда атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен, тұрақты комиссиялардың кеңейтілген мәжілістері нысанында жария тыңдауларды өткізу:

- Астана қаласының тұрғын үй қорының жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық салада халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы және Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін жұмысы туралы.

IІ тоқсан

- аудандар әкімдерінің аппараттары мен пәтерлер меншік иелерінің кооперативтерінің (орын-жайлар) қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық күтіп-ұстауды жақсарту жөніндегі жұмысы туралы.

III тоқсан

- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қаланың автожолы желісін және тұрақты инфрақұрылымы объектілерін дамыту және кеңейту жөніндегі жұмысы туралы.

IVтоқсан

Депутаттарды құқықтық оқыту:

Депутаттардың құқықтық білімі деңгейін арттыру мақсатында, тоқсан сайын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін оқу бойынша құқықтық оқыту, білікті мамандарды тартумен семинар-кеңестер өткізу:

- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттарының қызметін ұйымдастыру;

- мәдениет саласындағы жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың «Мәдениет туралы» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыреті туралы.

Iтоқсан

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы.

IIтоқсан

- Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың тұрғын үй заңнамасына сәйкес өкілеттері.

IIIтоқсан

- Жергілікті бюджетті және стратегиялық жоспарларды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастыру және бекіту тәртібі туралы.

IV тоқсан

«Депутат күндері»:

«Депутат күнін» департаменттер мен басқармалар басшыларының қаланы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, жоспарларын іске асыру барысы туралы есептерімен өткізу:

- «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қала халқының медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жай-күйі мен шаралары туралы.

IIтоқсан

- Астана қаласының «Электронды әкімдік» бағдарламасы шеңберінде халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қолжетімділігі мен сапасы туралы.

IIIтоқсан

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасын сақтау жөніндегі жұмысы туралы.

IV тоқсан

Ұйымдастыру іс-шаралары:

Мәслихат депутаттары сайлаушылармен ұдайы байланыс жасап отырады, оларды қалалық мәслихаттың жұмысы туралы тұрақты хабардар етеді, қоғамдық көзқарасты зерттейді және атқарушы органдарға ұсыныстар мен мәселелерді енгізеді, бекітілген графикке сәйкес сайлау округтерінде азаматтарды қабылдауды жүргізеді.

Мәслихат аппараты қалалық мәслихаттың, оның депутаттарының қызметі, өткізілген іс-шаралар мен тұрақты комиссиялардың мәжілістері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялайды және веб-сайтқа орналастырады.

Осы мақсатта мәслихат депутаттарының жұмысында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет. Екі айда бір рет «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің редакцияларымен бірлесіп «Депутат күні» айдарының шығарылымы ұйымдастырылатын болады.