Астана қаласы мәслихатының 2013 жылға арналған жұмыс Жоспары

Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы «6» желтоқсандағы
№ 103/11-V шешімімен
бекітілген

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

Астана қаласының мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Астананың мәртебесі туралы» заңдарына, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Астана қаласын 2011-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

Астана қаласының мәслихаты халықтың еркін білдіріп және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, атқарушы органдармен, барлық меншік нысанындағы шаруашылық етуші субъектілермен, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен өзара қарым-қатынаста бола отырып, келесілерге бағытталған іс-шараларды орындау бойынша шараларды қабылдайды:

- елорданы әлеуметтік-экономикалық дамытудың деңгейін алдағы уақытта арттыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, өндіріске жоғары тиімділікті инновациялық технологияларды енгізу, шағын және орта бизнесті және жалпы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;

- қалалық бюджеттің қалыптасуына, орындалуына, бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау шараларын белгілеу;

- қалалық мәслихаттың құзыретіне жатқызылған елордада заңдылық және құқық тәртібін нығайту, заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

- азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін сақтау және орындау;

- қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бағдарламаларды іске асыру;

- қалалық мәслихат депутаттарының құқықтық және ақпараттық-талдау қамтамасыз ету деңгейін, депутаттық корпустың норма шығармашылығы жұмысының тиімділігін арттыру.

Көзделген іс-шараларды іске асыру үшін 2013 жылы келесі мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр:

Қалалық мәслихаттың сессияларында:

- Астана қаласында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы;

 - Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. 

I тоқсан 2013 ж.

- Елордада шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың жай-күйі мен шаралары туралы.

- Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

II тоқсан 2013 ж.

- Қаланың денсаулық сақтау жүйесін «Саламатты Қазақстан – 2015» бағдарламасына сәйкес дамыту туралы.

- Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

III тоқсан 2013 ж.

- Астана қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы.

- Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

IV тоқсан 2013 ж.

Бұрын қабылданған шешімдер, сессияларда айтылған сыни-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпаратты сессия қарауына тұрақты енгізу.

II. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістерінде:

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне жастарды шақыруды ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы.

I тоқсан

- Астана қаласының халқын, шаруашылық ету объектілерін табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйі мен алдағы уақытта жетілдіру шаралары туралы.

II тоқсан

- Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттандыру басқармасының мұрағат ісі мен құжаттандыруда бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жұмысы туралы. 

III тоқсан

- Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №87/11-V «Астана қаласының Ішкі істер департаментінің елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстылықты алдын-алуды күшейту жұмысы туралы» шешімінің орындалуы туралы.

IV тоқсан

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Сәулет және қала құрылысы басқармасының елорданың заманауи инфрақұрылымын құруда қала құрылысы саясатын іске асыру бойынша жұмысы туралы.

I тоқсан

- Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 44/5-V «Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы» шешімінің орындалуы туралы.

IІ тоқсан

- Атқарушы органдардың кәсіпкерлік субъектілерімен Астана қаласында азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзара қарым-қатынасы туралы.

IIІ тоқсан

- Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Бизнес-2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» 2012 жылғы 26 сәуірдегі қаулысын орындау туралы.

IV тоқсан

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Астана қаласының шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмысы туралы.

I тоқсан

- Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Қаржы басқармасының Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді тиімді басқару бойынша жұмысы туралы» 2012 жылғы 15 маусымдағы қаулысының орындалуы туралы.

II тоқсан

- Жер қатынастары басқармасының Астана қаласының аумағында жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жұмысы туралы.

III тоқсан

- Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 68/9-V «Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.

IV тоқсан

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Ішкі саясат басқармасының этникааралық және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысы туралы.

I тоқсан

- Тұрақты комиссияның 2012 жылғы 9 тамыздағы «Білім басқармасының Астана қаласының кәсіптік-техникалық мекемелерінде жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша жұмысы туралы» қаулысының орындалу барысы туралы.

II тоқсан

- Тілдерді дамыту басқармасының «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жұмысы туралы.

III тоқсан

- Қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының Астана қаласы халқының дене тәрбиесі және спортпен бұқаралық айналысуды ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы.

IV тоқсан

Тұрақты комиссиялардағы көпшілік тыңдаулар:

Барынша маңызды және қоғамдық мәнді мәселелерді талқылау барысында көпшілік тыңдаулар тұрақты комиссиялардың кеңейтілген мәжілістері нысанында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен көпшілік тыңдауларды өткізу:

- Сауда саласында халыққа сервистік қызмет көрсету деңгейі және ұсынылатын қызметтердің сапасы туралы.

I тоқсан

- Көші-қон полициясы басқармасының қала халқына қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан

- Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауы туралы.

III тоқсан

- Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының елордада экологиялық жағдайдың жай-күйін жақсарту және оны алдағы уақытта сауықтыру шаралары бойынша жұмысы туралы.

IV тоқсан

Депутаттардың құқықтық оқуы:

Депутаттардың құқықтық білімі деңгейін арттыру мақсатында, білікті мамандарды тартумен, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін оқу бойынша құқықтық оқу, семинар-кеңестер өткізу:

- Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың «Халықты жұмыспен қамту» заңына сәйкес құзыреті туралы.

I тоқсан

- Жергілікті өкілдік органдардың «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлікті тиімді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау үшін қолайлы жағдайларды жасаудағы рөлі туралы.

II тоқсан

- Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асырудағы өкілеттері.

III тоқсан

- Елорда мәслихатының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер қатынастарын реттеу саласындағы өкілеттері.

IV тоқсан

«Депутат күндері»:

«Депутат күндерін» департаменттер мен басқармалар басшыларының қаланы дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру барысы туралы есептерімен өткізу:

- Астана қаласындағы бірінші кезектегі объектілердің құрылысы жоспарларын іске асыру бойынша жұмысы туралы.

I тоқсан

- Астана қаласы аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі туралы.

II тоқсан

- Тұрғын үй инспекциясы басқармасының тұрғын үй қорының техникалық жай-күйін және көп пәтерлі үйлерде орын-жай меншік иелерінің ортақ мүлкін қамтамасыз ету, оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды қолданыстағы нормативтік және жобалау құжаттарына сәйкес уақытылы орындау бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан

- Астана қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жұмысы туралы.

IV тоқсан