Астана қаласы мәслихатының 2014 жылға арналған жұмыс Жоспары

Астана қаласы мәслихатының

2013 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 205/28-V шешімімен

бекітілген

 

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

 

Астана қаласының мәслихаты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, өкілдік билік органдарының қызметін реттейтін басқа заңнама актілерін басшылыққа алады.

Мәслихаттың негізгі мақсаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, халықтың еркін білдіру, оларды іске асыру үшін қажетті шараларды анықтау дәне бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

 

Қалалық мәслихаттың сессияларында қаралуға арналған негізгі мәселелер:

 

- Қаланың қоғамдық көлігі жұмысының жай-күйі мен оларды жақсарту шаралары туралы.

 

 - Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

 

I тоқсан 2014 ж.

- Елорданың энергетика кәсіпорындарының жай-күйі мен оларды дамыту және қызметінің тиімділігін арттыру шаралары туралы.

 

 

- Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

II тоқсан 2014 ж.

 

- Астана қаласында орта және кәсіптік білім берудің жай-күйі мен оларды дамыту болашақтары туралы.

 

- Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі есебі.

 

III тоқсан 2014 ж.

- Астана қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы.

 

- Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және көпшілікпен жұмыс жасау жөніндегі есебі.

IV тоқсан 2014 ж.

 

 Мәслихаттың сессияларында бұрын қабылданған шешімдер, айтылған ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпаратты сессия қарауына тұрақты шығару.

 

 

II. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістерінде:  

 

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- «Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын-алудың» 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалуы туралы.

I тоқсан 2014 ж.

- Астана қаласында балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан 2014 ж.

 

- Дін істері жөніндегі басқарманың діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысы туралы.

III тоқсан 2014 ж.

- Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және қала кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту бойынша жұмысы туралы.

 

 IV тоқсан 2014 ж.

 

 Қажеттілігіне қарай заңдылық, құқық тәртібін сақтау мәселелерін, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттарын қалалық мәслихаттың қарауына енгізу.  

 

 

 

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

 

- Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы «Елордада шағын және орта бизнестің жай-күйі мен оларды қолдау және дамыту шаралары туралы» шешімін іске асыру барысы туралы.

I тоқсан 2014 ж.

 

- Қаржы басқармасының бюджеттің орындалуы және Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан 2014 ж.

 

- Сәулет және қала құрылысы басқармасының қаланың құрылыс салу бас жоспарын іске асыру тәртібі бойынша жұмысы туралы.

 

III тоқсан 2014 ж.

 

- «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақты әкімшіліктендіру басқармасының елорданың Индустриалды паркін дамыту бойынша жұмысы туралы.

 

IV тоқсан 2014 ж.

 

         Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрақты комиссия мәжілісінде Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларының қорытындыларын тоқсан сайын қарастыру.

 

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Кәріз-тазалау құрылғыларын қайта жөндеу және Талдыкөл жинақтағышын жою бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы.

I тоқсан 2014 ж.

- Қала аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау және тазалықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша шаралары туралы.

II тоқсан 2014 ж.

 

- Астана қаласында «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

III тоқсан 2014 ж.

- Тұрғын үй инспекциясы басқармасының Астана қаласының тұрғын үй қоры мен кондоминиум объектілерін күтіп-ұстау ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы.

IV тоқсан 2014 ж.

 

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

 

- Білім басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының балалар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша демалыстарын ұйымдастыру жұмысы туралы.

I тоқсан 2014 ж.

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Астана қаласында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» мәслихаттың шешімін орындау бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан 2014 ж.

 

- Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу және оларды елорданың экономикалық өміріне тарту бойынша қызметі туралы.

III тоқсан 2014 ж.

 

- Астана қаласындағы туристік қызметтің жай-күйі мен оны дамытудың шаралары туралы.

 

IV тоқсан 2014 ж.

 

Тұрақты комиссиялардағы көпшілік тыңдаулар:

 

 Барынша маңызды және қоғамдық мәнді мәселелерді талқылау барысында көпшілік тыңдаулар тұрақты комиссиялардың кеңейтілген мәжілістері нысанында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен көпшілік тыңдауларды өткізу:

 

- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қаланың көше-жол желісін дамыту және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы.  

I тоқсан 2014 ж.

 

- Елорданың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы туралы.

II тоқсан 2014 ж.

- 2020 жылға дейінгі перспективасымен Астана қаласының шеткері аймақтарын орташа кезеңді мерзімге дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы.

 

III тоқсан 2014 ж.

- Астана қаласында халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы.

IV тоқсан 2014 ж.

 

 «Депутат күндері»:

 

- Мүгедектер мен халықтың тұрмысы төмен жіктерін әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

I тоқсан 2014 ж.

 

- Қаланың атқарушы органдары мен қоғамдық бірлестіктерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша бірлескен жұмысы туралы.

II тоқсан 2014 ж.

 

- Құрылыс басқармасының Астана қаласында пайдалануға берілетін әлеуметтік, мәдени және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы.

III тоқсан 2014 ж.

 

- Мәдение басқармасының Астана қаласының тарихи-мәдени мұраларын сақтау және дәріптеу бойынша жұмысы туралы.  

IV тоқсан 2014 ж.

 

 

 

_____________________________________