Астана қаласы мәслихатының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары

11.12.2014          316/45-V

 

Астана қаласы мәслихатыны 2015  жылға арналған жұмыс жоспары туралы

 

Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Қоса берілген Астана қаласы мәслихатының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

 

 

Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы                                                                        З. Шибкенов

 

 

Астана қаласы мәслихатының хатшысы                                                                    С. Есілов

 

 

Астана қаласы мәслихатының

                2014 жылғы 11 желтоқсандағы

                № 316/45-V шешімімен

                бекітілген

 

 

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылға арналған

ЖҰМЫС  ЖОСПАРЫ

 

Мәселенің, іс-шараның атауы

 

 

Қаралу мерзімі

 

 

  I. Қалалық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін мәселелер

 

- Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етудің және оны елорданың қоғамдық өміріне қатыстырудың жай-күйі мен шаралары туралы.

- Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

I тоқсан

- Атқарушы органдардың қалада экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы.

- Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

II  тоқсан

- Астана қаласында Қазақстан Республикасының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың  2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.

- Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

 

III  тоқсан

- Астана қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы.

- Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

IV  тоқсан

 

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

 

 

Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

- Астана қаласының Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының елорда аумағында көші-қон процестерін реттеу жөніндегі жұмысы туралы.

I тоқсан

- Қаладағы азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы.

II  тоқсан

- Жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы.

III  тоқсан

- Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және  балалардың қадағалаусыз бен панасыз қалуының алдын  алу жөніндегі қызметі туралы. 

IV  тоқсан

 

Экономика, бюджет, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

- Елордада «Индустриялық - инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы.

I тоқсан

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуы туралы есебі.

II  тоқсан

- Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен түсімін болжауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

III  тоқсан

- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік мұқтаж үшін жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.

IV  тоқсан

 

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

- «Қаладағы қоғамдық көлік жұмысының жай-күйі және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 217/31-V шешімінің орындалу барысы туралы.

I тоқсан

- Астана қаласында «Колжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы.

II  тоқсан

- Елорда аумағында  Иттер мен мысықтарды ұстау ережелерінің сақталуы туралы.

III  тоқсан

- «Елордадағы энергетика кәсіпорындары қызметінің жай-күйі және оны дамыту мен тиімділігін жоғарылату жөніндегі шаралар туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 245/36-V шешімінің орындалуы туралы.

IV  тоқсан

 

 

Әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлмалар басқармасының Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысы туралы.

I тоқсан

- «Астана қаласында орта кәсіптік білім берудің жай-күйі және оны дамыту перспективалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі  № 280/40-V шешімінің орындалу барысы туралы.

II  тоқсан

- «Саламатты Қазақстан - 2015» бағдарламасына сәйкес қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту туралы» мәслихаттың 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 173/23-V шешімін орындау жөніндегі жұмыс туралы.

III  тоқсан

- Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсету сапасы туралы.

IV  тоқсан

 

Тұрақты комиссиялар өткізетін көпшілік  тыңдаулар

 

- Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық барысы және1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы  қатысушыларының есімін мәңгілік сақтау жөніндегі жұмыс туралы. 

I тоқсан

- Сәулет және қала құрылысы басқармасының қала аумағында қала құрылысы мен сәулет қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылау жөніндегі жұмысы туралы.

II  тоқсан

 

- Астана қаласында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының іске асырылуы туралы.

III  тоқсан

- Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйі және оны қолдау мен дамыту жөніндегі шаралар туралы.

IV  тоқсан

 

«Депутат күндері» 

 

- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Астана қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысы туралы.

I тоқсан

- Білім басқармасының Астана қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жұмысы туралы.

II  тоқсан

- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Астана қаласында шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі жұмысы туралы.

III  тоқсан

- «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» бағдарламасы шеңберінде хадыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы.  

IV  тоқсан