Астана қаласы мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

Астана қаласы мәслихатының

2016 жылғы 8 желтоқсандағы

89/13-VI 

шешімімен бекітілді

Алтыншы шақырылымның Астана қаласы мәслихатының

2017 жылға арналған жұмыс жоспары

р/с №№

Мәселенің атауы  

Қарастыру мерзімдері

І. Мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін мәселелер

1.

-  Астана қаласында құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі бойынша шаралар туралы.

- қалалық мәслихаттың әлеуметтік – мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі  

I тоқсан

2.

- Елордаға инвестициялар тарту стратегиясын қалыптастыру және өңірлік инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы.

 - Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының атқарылған жұмыс туралы есебі.

- қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

II тоқсан

3.

- Астана қаласының халқына алғашқы медициналық – санитарлық және жедел медициналық көмек көрсету жағдайы және шаралары туралы.

- Астана қаласы әкімінің елорданың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі.

- қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.  

III тоқсан

4.

- елордада экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы және шаралары туралы.

- Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2017 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі.

- құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.  

IV тоқсан

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия

5.

Білім басқармасының мектепке дейінгі балалар мекемелерінде есепке алу және орындарды бөлу туралы жұмысы туралы.  

I тоқсан

6.

Тұрғын үй басқармасының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу тәртібін ұйымдастыру жөнінде жұмысы туралы.

II тоқсан

7.

Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасының өткізілген конкурстардың ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы. 

III тоқсан

8.

Денсаулық сақтау басқармасының қала азаттамарының еңбекке жарамсыздық парақтары мен уақытша жұмысқа жарамсыз туралы анықтамаларды беру, ұзарту, жабу, сақтау және есепке алу ережелерін сақтауды бақылауды іске асыру жөніндегі жұмысы туралы. 

IV тоқсан

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

9.

Қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй бизнесі саласында кәсіпорындар ұсынатын қызметтер сапасы мен қызмет көрсету деңгейінің жағдайы туралы.

I тоқсан

10.

 

«Астана қаласының аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру тәртібі және шарттары туралы  қағиданы сақтау туралы» тұрақты комиссиялардың 2016 жылғы 23 қазандағы біріккен отырысы қаулысының орындалу барысы туралы.

II тоқсан

11.

- «Астана қаласында автомобиль жолдарын дамыту және ұстау мәселелері жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі №50/9-VI шешімінің орындалу барысы туралы.

- «Астана қаласының пәтер иелері кооперативтерінің қызметін жетілдіру туралы» тұрақты комиссияның 2016 жылғы 27 қазандағы қаулысының орындалуы туралы.

II тоқсан

12.

Астана қаласы базарларының жағдайы  және «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасын іске асыру туралы.

III тоқсан

13.

Әлеуметтік объектілер, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын жақсарту бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы.

IV тоқсан

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

14.

Тексеру комиссиясының және Қаржы басқармасының жергілікті бюджет қаражатын басқару мен пайдалану тиімділігін көтеру жөніндегі жұмысы туралы.

I тоқсан

15.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының елорданың уақытша инфрақұрылымын құруда қала құрылысы саясатын іске асыру бойынша жұмысы туралы.

II тоқсан

16.

«Жол картасы 2020» бизнесін қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

III тоқсан

17.

Астана қаласының коммуналдық меншігін басқару тиімділігі туралы.

IV тоқсан

Әлеуметтік – мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

18.

Астана қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы және перспективалары туралы.

I тоқсан

19.

Қаланың мекемелерінде тегін кәсіби – техникалық оқытуды ендіру туралы.

I тоқсан

20.

Жергілікті атқарушы органдардың Астана қаласының әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымы объектілеріне мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жетуі мен кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

II тоқсан

21.

Жетім балаларға, ауыр аурулармен ауыратын балаларға, патронатты және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде атқарушы органдардың жұмысы туралы.

III тоқсан

22.

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының тұрмыстық зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысын ұйымдастыру туралы.

IV тоқсан

III. Төмендегі тақырыптарға көпшілік тыңдаулар:

23.

Астана қаласының аумағында туристік қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді іске асыру барысы туралы.

I тоқсан

24.

Астана қаласында Иттер мен мысықтарды серуендету мен ұстау қағидасын сақтау туралы.

I тоқсан

25.

Астана қаласында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту жағдайлары және перспективалары туралы.

II тоқсан

26.

«Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары полицияларының учаскелік инспекторларының қаланың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмысы туралы.

II тоқсан

27.

Отбасы мен қоғамда мәдени және гендерлік қатынастарды қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнінде атқарушы органдардың жұмыс туралы.

III тоқсан

28.

Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары.

IV тоқсан

IV. Депутат күні

29.

Денсаулық сақтау мекемелерінде «Smart Astana» ақылды қала жобасын ендіру жөнінде атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру туралы.

I тоқсан

31.

Астана қаласының шеткі аумақтарын дамыту жағдайы және перспективалары туралы.

III тоқсан

30.

Елорданы дамыту бағдарламасын іске асыру туралы.

II тоқсан