Астана қаласы мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

 

Астана қаласы

мәслихатының

2017 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 229/25-VI шешімімен

бекітілді

 

Астана қаласы мәслихатының алтыншы шақырылым мәслихатының
2018 жылға арналған жұмыс жоспары

 

Р/б

№№

Мәселенің атауы

Қарау мерзімі

 

I.Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер

 

1.

-Астаналық білім беру жүйесінің жай-күйі мен перспективалары туралы.

 

- қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

I тоқсан

2.

-елорда халқының жұмыспен қамтылуының жай-күй мен оны қамтамасыз ету шаралары және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар ұйымдастыру туралы.

 

  • Астана қаласының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.

 

  • Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының атқарылған жұмыс туралы есебі.

 

- қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

II тоқсан

3.

- Жергілікті атқарушы органның елорданың көлік жүйесін жаңғырту шеңберінде халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі қызметі туралы.

 

- Астана қаласы әкімінің еллрданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі.

 

- қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қауымдастықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

 

III тоқсан

4.

- Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы.

 

- Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2018 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі.

 

- Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің 2018 жыл бойынша қызметі туралы.

 

- қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

 

- Астана қаласының алтыншы шақырылым мәслихатының 2019 жыл бойынша жұмыс жоспары туралы.

 

IV тоқсан

II.Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және қауымдастықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

5.

«Астана қаласында құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы шешімінің іске асырылу барысы туралы

I тоқсан

6.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін босату жұмыстарын ұйымдастыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы.

II тоқсан

7.

«Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ тұрақты сақталатын және жеке құрам бойыншақұжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы және Астанақаласының кәсіпорындары мен мекемелерінде мұрағаттық құжаттардың пайдаланылуын ұйымдастыру.

III тоқсан

8.

Астана қаласының аумағындағы жұмылдыру дайындығының және аумақтық қорғанысының жай-күйі туралы

IV тоқсан

 

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссия

 

9.

Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары қызметінің тиімділігін арттыру және жандандыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы.

I тоқсан

10.

Астана қаласында халыққа сауда қызметін көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша коммуналдық базарлар мен сауда орталықтарының жай-күйі мен қызметі туралы.

II тоқсан

 

11.

«Әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы» 2017 жылдың 2 қарашасындағы тұрақты комиссия қаулысының орындалу барысы туралы.

III тоқсан

12.

Астана қаласында инфрақұрылым, абаттандыру, көгалдандыру жүйелерінің жай-күйі және оларды дамыту жөніндегі шаралар туралы.

IV тоқсан

 

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

13.

Астана қаласын санитарлық тазалауды және абаттандыруды дамытуға бағытталған бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша аудиторлық іс-шаралар мен шараларды іске асыру туралы.

I тоқсан

 

 

14.

Атқарушы органдардың өнеркәсіп-азаматтық объектілерді жобалау және салу үшін жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі саудалар (конкурстар, акциондар) өткізу жөніндегі жұмысы туралы.

II тоқсан

 

15.

2.«Астана қаласында фотобейнетіркеу және бейнеталдау аппараттық-бағдарламалық кешенін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» 2017 жылдың 20 шілдесіндегі Астана қаласы мәслихаты шешімінің іске асырылу барысы туралы.

III тоқсан

 

16.

«Елордаға инвестиция тарту бойынша өңірлік инвестициялық саясатты іске асыру және стратегия құру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы» 2017 жылдың 20 қыркүйегіндегі Астана қаласы мәслихаты шешімінің іске асырылу барысы туралы.

IVтоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

17.

Елордадағы мектептерде денсаулық сақтауды дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы.

 

I тоқсан

18.

«Астана қаласының халқына алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық жәрдем көрсетудің жай-күйі және шаралары туралы» 2017 жылдың 23 маусымындағы Астана қаласы мәслихаты шешімінің іске асырылу барысы туралы.

II тоқсан

19.

«Отбасы мен қоғамда мәдени және гендерлік қатынастарды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар өткізу бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы» 2017 жылдың 23 мамырындағы мәслихаттың көпшілік тыңдауларының ұсынымдарын орындау барысы туралы.

III тоқсан

20.

Қалалық әлеуметтік-мәдени сала мекемелері мен ұйымдарында «Астана – ақылды қала» смарт-жобасын іске асыру шаралары туралы.

IV тоқсан

 

III. Тақырыптар бойынша көпшілік тыдаулар:

21.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша атқарушы органдардың қызметі туралы.

I тоқсан

22.

Астана қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы.

II тоқсан

23.

Тұрғын үй қорын басқару, ұсынылатын қызметтердің сапасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында халықтың құқықтарын қорғау бойынша атқару органының қызметін жетілдіру туралы.

III тоқсан

24.

Астана қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша атқару органының қызметі туралы.

IV тоқсан

 

IV. Депутаттар күні

25.

2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы.

I жартыжылдық

26.

«Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы.

II жартыжылдық