Астана қаласы мәслихатының алтыншы шақырылымының 2016 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс Жоспары

24.06.2016      41/7-VI 

 

Астана қаласы мәслихатының

2016  жылдың екінші

жартыжылдығына  арналған

жұмыс жоспары туралы

         Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

         Қоса берілген Астана қаласы мәслихатының алтыншы шақырылымының 2016 жылдың екінші жартыжылдығына  арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                     М. Шекенов

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                 Ж. Нұрпейісов 

Астана қаласы мәслихатының

2016 жылғы 24 маусымдағы

№ 41/7-VI  шешімімен

бекітілді

Астана қаласы мәслихатының алтыншы шақырылымының 2016 жылдың

екінші жартыжылдығына арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ  

Мәселенің, іс-шараның атауы

Қарастыру мерзімдері

І. Қалалық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін мәселелер:

- Астана қаласында автомобиль жолдарын дамыту және ұстау мәселелері жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы.

III  тоқсан

- Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы.

- Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2016 жылы жасалған жұмыс туралы есебі.

IV тоқсан

II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер:

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

-         Дін басқармасының дәстүрлі емес діни ағымдарды таратумен күрес жөніндегі қызметі туралы.

III тоқсан

- Астана қаласында қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде құқық қорғау органдары қабылдайтын шаралар туралы.

IV тоқсан

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы.

III  тоқсан

- Ауыл шаруашылығы басқармасының елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы.

IV тоқсан

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:  

- Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын сақтау туралы.

IІІ тоқсан

- Қаланың энергетика кешенінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысына дайындығы туралы. 

III  тоқсан

- Астана қаласында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты жандандыру жағдайы және шаралары туралы.

IV тоқсан

Әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

- Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастырудың мемлекеттік саясатын іске асыру жағдайлары және шаралары туралы.

III  тоқсан

- Мәдениет басқармасының кітапханалардың, мұрағаттар мен мұражайлардың мәдени мұраларын сақтау жөніндегі жұмысы туралы.

III  тоқсан

- Білім басқармасының өсіп келе жатқан ұрпақтың патриотизм және рухани дамуын қалыптастыру жөніндегі жұмысы туралы.

IV тоқсан

Тұрақты комиссиялардағы көпшілік тыңдалымдар:

- Астана қаласының аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру тәртібі және шарттары туралы ережені сақтау туралы.

III тоқсан

- «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шегінде жұмыссыздықты төмендету және халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу жөніндегі жұмыс жағдайы туралы.

IV тоқсан

«Депутат күні»:

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджетті қалыптастырудағы және бекітудегі жергілікті өкілетті органдардың құзіреті туралы.

III тоқсан

-  Мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру туралы.

IV тоқсан

______________________________