Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қаулысы

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қаулысы

 

Астана қаласы                                                                           27 тамыз 2015 жыл   

 

Астана қаласында «Бизнестің жол картасы-2020»

бағдарламасын іске асыру туралы

 

         «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру туралы» мәселені (бұдан әрі - Бағдарлама) көпшілік тыңдалымда қарап, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жаңа бизнес бастамашылықты қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасау, Астана қаласында кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп отыратындығын анықтады.

         2010-2015 жылдар кезеңінде республикалық бюджеттен бағдарламаны іске асыруға 11,7 млн. теңге бөлінді. Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі жалпы өңірлік өнімде 58,8 пайызды құрайды. Шағын және орта бизнес саласында елордада 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, салықтық түсімдердің 67 пайызы олардың үлесіне тиесілі. Бағдарлама шегінде қолдау тапқан кәсіпкерлер 8 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтады, қосымша шамамен 4 мың жұмыс орны құрылды.

          Астана қаласының Үдемелі индустриялық даму жөніндегі Үйлестіру кеңесі Бағдарламаны іске асырған сәттен бастап 2015 жылдың 1 тамызы жағдайы бойынша жалпы сомасы 83,8 млрд. теңгеден астам сомаға 470 жобаны, оның ішінде 415 жобаның пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша несиелік желісінің жалпы сомасы 18 млрд. теңгеден жоғары, 38 жобаның өндірістік инфрақұрылымын дамыту бойынша 2,7 млрд. теңге сомасына (электрмен жабдықтау, жолдарды жөндеу, кәріз, сумен жабдықтау, жобалық – сметалық құжаттаманы және мемлекеттік сараптаманы әзірлеу) мақұлдады.

         Салалық қимада өңдеуші өнеркәсіп жобалары 30 пайызды, қызмет көрсету саласы – 70 пайызды құрайды. Өңдеуші өнеркәсіп секторында бейметалл минеральды өнімдер, тамақ өнімдерін, қағаз бен қағаз өнімдерін, резина және пластмасса бұйымдарын өндірудегі жобалар алда. Өңдеуші өнеркәсіпте шағын және орта бизнестің жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қор елордада 44 жобаны қаржыландырды.

         Көлік қызметтері саласында 140-тан астам жоба қолдау тапты. Қала бағыттарын пайдалану үшін 11 автобус паркі 250 жаңа автобус сатып алды, жеке кәсіпкерліктің 120-дан астам субъектісі такси мен жүк тасымалдау қызметтерін ұсыну үшін 500-дан астам автомашина сатып алды.     

         Қонақ үй бизнесін, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы бизнесті қолдау және дамыту бойынша шаралар қабылдануда.      

Бағдарламаның «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» деген төртінші бағыты шегінде «Бизнес кеңесші», «Іскери байланыстар», «Назарбаев Университетінде топ-менеджментті оқыту» жобалары бойынша 3800-ден астам адам оқытылды.

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тегін негізде «бір терезе» түзімінде бизнесті жүргізуді ақпараттық және кеңестік қолдау бойынша қызмет көрсетулер кешенін көрсетті. Қазіргі таңда 9 мың клиентке, оның ішінде 2,5 мың жеке кәсіпкерлік субъектілеріне шамамен 12 мың қызмет көрсетілді.

Шағын және орта бизнеске қосымша қолдау көрсету және дамыту үшін қала әкімдігі «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірге «Астана қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» және ««Astana - ZhasStarT» жастар кәсіпкерлігін дамыту» бағдарламаларын іске асыру басталды.

Берілген несиелерді нысаналы пайдалануды бақылауды жүргізу, мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау және кепілдендіру шарттарына мерзімінде қол қою мақсатында Үйлестіру кеңесінің отырыстарында үйлестірушілердің, өңірлік Қаржылық агенттің, екінші деңгейлі банктердің Бағдарлама шегінде жасалған жұмыстар туралы есептері тыңдалады.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды белсендендіру үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар, Ашық есік күндері өткізіледі. 

Сонымен бірге, қолданылып жатқан шараларға қарамастан кейбір проблемалар бар. Бұл халықты қолданыстағы Бағдарлама туралы дұрыс ақпараттандырмау, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері арасында оны іске асыруда өзара әрекеттің болмауы.

Өңдеуші және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға аса мән берілмей отыр. Сонымен, өңдеуші өнеркәсіптегі жобалар 27,5 пайызды ғана құрайды, жеңіл өнеркәсіпте тек қана бір кәсіпорын - «Ютария Itd» ЖШС өндірістік – инновациялық компаниясы жұмыс жасайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, жұмыссыз азаматтарды Бағдарламаға барлық қолда бар қолдау құралдарын қамтумен тарту бойынша жеткіліксіз жұмыс жүргізілуде. Тартылған жұмыссыз азаматтар туралы нақты мәліметтер және олардың жалпы өңірлік өнімдегі үлесінің объективті бағалауы жоқ.

Жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерді оқыту сапасын әрі қарай көтеру, қызметтер көрсету саласында бизнесті дамыту және кеңейту мәселелері зерделеуді қажет етеді.

         ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қаланы дайындауға қатысуға қызметтер көрсету саласында жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша шоғырландырылған жұмыстар жоқ.

         Жоғарыда айтылғанның негізінде, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҰСЫНАДЫ:

1.  Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлік қызмет саласындағы мүдделі кәсіпорындармен және ұйымдармен бірге:

-                     Индустриялық – инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстарды белсендендірсін және елордалық кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шегінде мемлекеттік қолдау алуға тең тұрғыда қол жеткізуді қамтамасыз етсін;

-                     жаңа бәсекеге қабілетті өндірісті қолдау, экономиканың басымды секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті іске асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдер көлемдерін ұлғайту бойынша шаралар қабылдасын;

-                     Бағдарламаны іске асыру тиімділігін көтеру және соңғы нәтижелерге қол жеткізу үшін шағын және орта бизнес субъектілерін барлық қолдағы бар қолдау құралдарын қамтумен мемлекеттік бағдарламаға қатысуға тарту бойынша жұмыстарды күшейтсін, жаңа инвестициялық жобаларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасасын;

-                     жеңіл өнеркәсіпті және қызмет көрсетулер саласындағы бизнесті дамыту және кеңейту бойынша кәсіпкерлер арасында ақпараттық – насихаттау жұмыстарын белсендендірсін;

-                     кәсіпкерлікті ақпараттық – сараптамалық қамтамасыз ету үшін бағдарлама қатысушыларды мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша іс-шараларды жалғастырсын. 

  1.  Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Бағдарламаның іс-шараларын орындауда мемлекеттік мекемелердің өзара келісу әрекеттерін қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында тұрақты негізде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына жұмыссыз адамдардың қатысуы мониторингін іске асырсын.
  2. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Энергетика басқармасы мақұлданған жобалардың мерзімінде іске асырылуына, өңдеуші өнеркәсіпте, құрылыста жобаларды субсидиялауға назар сала отыра, Бағдарлама бағыттары бойынша іс-шараларды белгіленген мерзімде аяқтау бойынша жұмыстарды белсендендірсін.  

4. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Астана қаласы бойынша Кәсіпкерлер  палатасымен, «Астана қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалымен бірге:

- екінші деңгейлі банктерді, жеке сектор қаражатын экономиканың шикізат секторларына инвестициялық жобаларды тарту тәжірибесін жалғастырсын;

- жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге бизнесті жүргізуде қызметтік қолдау көрсету, олардың дайындық деңгейін көтеру бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысын белсендендірсін.

 

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                          С. Есілов