Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қаулысы

Астана қаласының аумағында туристік

қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты

және үйлестіруді іске асыру

барысы туралы

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары «Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы» ММ «Астана қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты және үйлестіруді іске асыру барысы туралы» ақпаратын тыңдап, атқарушы органдар елордаға туристердің жайлы және ыңғайлы келулерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін атқарып жатқандығын анықтады.

Қалада ақпаратты үш тілде ұсынатын туристік ақпарат бекеттері бар. 100 навигациялық пилоннан және 140 жаяу жүргін көрсеткіштерінен тұратын жаяу жүргін бағдары мен навигацияның мульти тілді жүйесінің жобасы іске асырылды. Friendly Taxi жобасы тұтынушыларға қажетті тілінде қызмет ұсынады.

Елордада қызмет көрсетулер саласындағы сапаны жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Осы мақсаттарда Астана қаласының Recommended by EXPO-2017» атты Серіктестік бағдарламасы іске асырылуда, оған қонақ үй бизнесінің, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласының, көлік компанияларының объектілері қатыса отыра, заманауи туристің негізгі талаптарына сәйкестігіне бағалаудан өтеді. Қазіргі таңда 23 қонақ үй және қоғамдық тамақтанудың 39 объектісі аккредитациядан өтті.

Турситер ағынын ұлғайту бойынша қызметтер белсендендірілуде. Қытай туристік нарығымен жұмысты жақсарту үшін Chinese Friendly жобасы ашылды. Туристерді қабылдау аясында инвестициялық қаражаттар есебінен Астана қаласында тұрақты саяхат жасайтын автобус бағыттарын ұйымдастыру бойынша инвестициялық жоба іске қосылып, жұмыс істеуде. 2016 жылдың екінші жартыжылдығында саяхат жасайтын автобусты                       8 мыңнан астам адам пайдаланды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының қолайлылылығы үшін  қаланың салтанатты орындары бойынша виртуалды 3d  серуендеу мүмкіндігімен штатты түзімде жұмыс істейтін туристік welcometoastana.kz интернет – порталы және Astana Guide ұялы қосымшасы әзірленді.

Астана қаласында «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты іс-шараларды орындауды бақылау бойынша штаб құрылды.

Астана қаласының бейнесін туристік орта ретінде жылжыту, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне туристер ағынын тарту мақсатында алыс және жақын шетелдердің қалаларында көшпелі роуд-шоулар мен халықаралық және отандық туристік көрмелерге қатысты. Астана қаласының туристік нарығының субъектілері, өңірлері және шетелдік туроператорлары арасындағы ынтымақтастыққа қол қою үшін тұсаукесерлер, екі тарапты кездесулер өткізілді, байланыстар орнатылды.

2016 жылдың маусымынан желтоқсаны бойынша шекаралас ресей қалаларының жетекші туроператорлары, блогерлері және БАҚ өкілдері үшін Астана қаласына 8 ақпараттық тур ұйымдастрылып, өткізілді.

Отандық және шетелдік туроператорлар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, Мәскеу, Санкт – Петербург қалаларымен туризм саласындағы бірлескен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілді.

Бірыңғай туристік пакетті жылжыту мақсатында Ақмола облысымен жұмыс жүргізілуде, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде қонақтар үшін бірлескен бағыттар пысықталды.

Сонымен бірге, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы қалада туристік қызметті жетілдіру бойынша өткізілетін шараларға қарамастан туризмді дамытуға кедергі келтіретін проблемалар қатары бар екендігін анықтады.

Елордалық хостелдер мен қонақ үйлердің, олардың баға саясатының халықаралық стандарттарға сай емес проблемалары шешім шығаруды қажет етеді. Қонақ үй және мейрамхана қызметтеріне бағаның өте жоғары  болуы кіру туризмін, оның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде, ұйымдастыру бойынша туристік фирмалардың жұмысында қиындықтар тудыруда.

Туристік индустрияның қызметін көрсетуінің жеткіліксіз біліксіз түрде ұйымдастыру және кадрлар дайындаудың төмен деңгейі елордада, саонымен қатар жалпы теріс пікір тудырады. 

Астана қаласы бойынша туристік саяхатты ұйымдастыру және жаяу жүргін туризмін ендіру бойынша мәселелер аса үлкен назар салуды қажет етеді.

Тиісті туристік инфрақұрылымды құру үшін шағын және орта бизнес өкілдерінің назарын туризмнің кемпинг түріне аудару қажет, ол қазіргі уақытта бюджетті туризмнің тамаша нұсқасы болып табылады.

Туристерді міндетті әдістемелік қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты ұсынатын, оның ішінде елімізде және келген қаласында жүру және қауіпсіз болу шаралары туралы жаднаманы әзірлеу қажет етіледі.

Астана қаласының аумағында ақпараттық киоскілер саны жеткіліксіз. Қаланың картасында объектілердің орналасуын анықтау жөніндегі сервистік қызметтерді қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыну бойынша жұмысты жақсарту қажет.

Елордада автомобиль кептелістерін проблемалары өзекті болып табылады. Арнайы такси қызметтері операторлары арқылы жеке тасымалдаушылардың қызметін үйлестіру қажет. Такси қызметі саласында бірыңғай бағалық саясат жоқ.

Астана қаласының музейлеріне бару 16-18 жас аралығындағы балалар үшін тегін, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізілетін іс-шаралар елорда тұрғындары үшін қолжетімді болуы керек.

Талқылау қорытындысы бойынша және жоғарыда айтылғанның негізінде, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҰСЫНАДЫ:

1. Астана қаласының әкімдігіне:

- туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында туристік индустрия объектілерін салуға, көлік және инженерлік инфрақұрылымды, елордада қызметтер көрсету саласын дамытуға бағытталған қызметті белсендендіру;

- туристік индустрия объектілерінің бекітілген талаптар мен нормаларға саралау үрдістерін өткізу үшін  атқарушы органды анықтау;

- білікті қызмет көрсетуді жәнк туристік индустрия кадрларын дайындауды ұйымдастыру бойынша қызметті белсендендіру;

- қызмет көрсету саласында оңтайлы бағаларды белгілеу мүмкіндігін қарастыру. Елорда тұрғындары үшін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шегінде өткізілетін іс-шараларға қолжетімділіктерін қамтамасыз ету;

- Астана қаласының аумағында қосымша ақпараттық киоскілер қызметін ұйымдастыру және туристің жаднамасын әзірлеу мәселесін қарастыру;

- туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

- ЭКСПО-2017 дайындау және өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекетіне жәрдемдесу.

2.  «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-не «Астана қаласының Инвестцииялар және даму басқармасы» ММ бірге:

- қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызмет көрсету сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдау;

- қалалық такси қызметін Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары үшін жадынамалармен, нұсқаулықтармен, ұялы қосымшалармен жарақтандыру;

- қонақтарды саяхатқа шығару сапасын көтеру мақсатында кәсіби гид – саяхатты жүргізушілер мен аудармашыларды дайындауға басты назар аудару;

- туристік қызмет саласында кәсіпкерлік субъектілерін халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде қолдауды және дамытуды, сондай-ақ, туризмнің жаяу жүру түрін дамытуды қамтамасыз ету. 

3. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» ММ:

- Қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан бағыттарда қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша қоғамдық көлік саласындағы қызметті белсендендіру;

- арнайы такси қызметі операторлары арқылы жеке тасымалдаушылар қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

4.  «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ:

- Астана қаласының музейлеріне 16-18 жастағы жасөспірімдердің тегін негізде оларда тарих сабақтарын өткізумен бару мүмкіндігін қарастыру.