Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы ШЕШІМІ Астана қ. № 1/1-17 25.01.2017ж.

Астана қаласының № 20 сайлау округі бойынша шыққан депутаттың орнына қалалық мәслихаттың депутатын сайлауды тағайындау туралы

Астана қаласының № 20 сайлау

округі бойынша шыққан депутаттың

орнына қалалық мәслихаттың депутатын

сайлауды тағайындау туралы

Астана қаласы № 20  сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутатының өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101 және 113-баптарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1. Астана қаласының №  20 сайлау округі бойынша шыққан депутаттың орнына  қалалық мәслихаттың депутатын сайлау 2017 жылдың 26  наурызына тағайындалсын.

2.  Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2017 жылғы 9 ақпанда басталып, 28 ақпанда аяқталады, тіркеу 10 наурызында аяқталады деп белгіленсін.

3. Астана қаласының №  20 сайлау округі бойынша шыққан депутаттың орнына қалалық мәслихаттың депутатын сайлауды өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың қоса берілген күнтізбелік жоспары бекітілсін.

    Қалалық сайлау

    комиссиясының төрағасы                                                             И.Жалбіров

    Қалалық сайлау

    комиссиясының хатшысы                                                              В. Пытьева