Астана қаласының құрметті азаматтар

  Тегі, аты-жөні, туған жылы

Марапаттау сәтіндегі лауазымы, 

 құрметті атағы, жоғары 

 мемлекеттік наградалары

Құжаттың атауы, атақ берілген күні

Назарбаев
Нұрсұлтан
Әбішұлы
06.07.1940 ж.

Қазақстан
Республикасының
Президенті.

Астана қаласы мәслихатының 1998 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен Астананың Қазақстан Республикасының елордасы ретінде құрылуына, қалыптасуына және болашақты дамуына орасан қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Петру
Лучински

27.01.1940 ж.

Молдова
Республикасының
Президенті.

Астана қаласы мәслихатының 1999 жылғы 15 шілдедегі №253/43-ІІ  шешімімен Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасында достық қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлкен үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Төлегенова
Бибігүл
Ахметқызы

16.12.1929 ж.

 

КСРО халық әртісі,
КСРО және Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, Қазақ мемлекеттік
консерваториясының профессоры,
Социалистік Еңбек ері
Астана қаласы мәслихатының 1999 жылғы 19 қарашадағы № 9/2-ІІ шешімімен музыка мәдениетіне зор үлес қосқаны, жемісті оқу-педагогикалық қызметі үшін және Астана қаласының Қазақстан Республикасының елордасы ретінде қалыптасуына белсендіқатысқаны үшін Астанақаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Мәмбетов

Әзербайжан

Мәдиұлы

01.09.1932 –

17.11. 2009


«Халық Қаhарманы»,
КСРО халық әртісі,
КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік
сыйлығының лауреаты,
Қазақстан театр қызметі
одағының президенті

Астана қаласы мәслихатының 2000 жылғы 31 қазандағы №58/13-ІІ шешімімен ұлттық режиссерлік өнердің дамуына зор үлес қосқаны, жемісті оқу-педагогикалық қызметі үшін және Астана қаласының Қазақстан Республикасының елордасы ретінде қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Гельмут
Кутин
06.10.1941 ж.

«SOS – Киндердорф»

халықаралық қорының

Президенті Қазақстан

республикасының

«Достық» мемлекеттік орденімен,

Астана қаласының

10-жылдығына

медалімен марапатталған

Астана қаласы мәслихатының 2001 жылғы 21 маусымдағы №102/20-ІІ шешімімен белсенді қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Астана қаласында «SOS-отбасы типтік балалар ауылы» құрылысына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Константинос
Стефанопулос
15.08.1926 ж.

Грекия
Республикасының
Президенті

Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 26 маусымдағы № 176/32-ІІ шешімімен Греция мен Қазақстан арасныдағы достық қатынастарының дамуына зо үлес қосқаны үшін, екі мемлекет пен олардың елордаларының көп қырлы ынтымақтастығының нығаюына бағытталған жемісті қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Қуанышев
Болат
Сұлтанұлы
19.07.1939 ж.

«Мехколонна-56» ЖШС директоры,

Қазақ КСР еңбек сіңірген энергетигі,

КСРО құрметті энергетигі.

«Құмет белгісі» орденімен,

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

марапатталған

Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 26 маусымдағы №176/32-II шешіміменқаланың энергетикалық кешені, әлеуметтік саласының дамуына қосқан орасан үлесі белсенді қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Безкоровайный
Михаил
Петрович
06.05.1934 ж. -2016ж., маусым

«Целингидромаш» ӨК директоры,

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған

Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 26 маусымдағы № 176/32-II шешімімен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Мұртаза
Шерхан
28.09.1932 ж.

Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Мемлекеттік сыйлық лауреаты,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 4 қазандағы №191/35-II шешімімен Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына, оның елордасы Астананың гүлденуіне қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Бутенко
Михаил
Сергеевич
11.11.1927-
30.06.2010

 

Астана қаласы Ардагерлер
кеңесінің төрағасы

Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 4 қазандағы №191/35-II шешімімен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Гендельман
Моисей
Аронович
25.03.1913 –
03.08.2005

Сәкен Сейфуллин атындағы

Қазақ аграрлық университеті жер құрылысы

кафедрасының профессоры, ҚазақКСР

ғылымдарының еңбек сіңірген қызметкері.

Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы №207/39-ІІ шешімімен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысында, жоғары білікті мамандарды дайындауда қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» берілді.

Жолдасбеков
Мырзатай
Жолдасбекұлы

27.05.1937 ж.

 

Қазақстан Республикасы
Президент мәдениет
орталығының директоры, академик.

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 377/47-ІІІ шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Жаксыбеков
Әділбек
Рыскелдіұлы

26.07.1954 ж.

 

Қазақстан Республикасы
Президенті әкімшілігінің басшысы.

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 22/5-ІV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Галимов
Фарит
Хабибрахманұлы
11.12.1940 ж.

Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаты.

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 22/5-ІV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Ни

Владимир

Васильевич

07.01.1933 - 09.09.2010

 

«Қазақмыс» корпорациясы» АҚ
Директорлар кеңесінің төрағасы.

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 22/5-ІV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Мұсаходжаева
Айман
Қожабекқызы
15.03.1958 ж.

Қазақ Ұлттық музыка
академиясының ректоры.

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 22/5-ІV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Беджет
Пакколи
1953 ж.

«Мабетекс групп» кампаниясының
Президенті.

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 22/5-ІV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Досмұхамбетов
Темірхан
Мыңайдарұлы

 

 
 
08.03.1949 ж.

 

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі.

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 22/5-ІV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Есімов

Ахметжан

Смағұлұлы

15.12.1950 ж.


Алматы қаласының әкімі.

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 247/38- IV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Шөкеев
Өмірзақ
Естайұлы
12.03.1964 ж.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары.

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 365/49- IV шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Мамин
Асқар
Ұзақпайұлы


23.10.1965 ж.


«Қазақстан темір жолы» ұлттық

компаниясы» АҚ президенті

№ 461/65- IV шешімімен Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
  Ли Мен Бак

19.12.1941 ж.

Корея Республикасының

Президенті

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы № 480/68- IV шешімімен Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Редкокашин

Владимир

Николаевич

 

06.01.1948г.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 4 шілдедегі №59/6-V шешімімен Қазақстанның елордасы – Астана қаласының құрылуы мен дамуына қосқан қомақты үлесі және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы

15.06.1965ж.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №148/18-V шешімімен Қазақстанның елордасы - Астана қаласының қалыптасуы  мен дамуына қосқан қомақты үлесі үшін  «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы

27.06.1948 ж.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №247/36-V шешімімен Қазақстан Республикасының және оның  елордасы - Астана қаласының мәдениеті мен өнерінің қалыптасуы  мен дамуына қосқан қомақты үлесі үшін  «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Шиврина Нэля Викторовна

20.12.1955 ж.

Қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры   

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №247/36-V шешімімен Қазақстан Республикасының және оның  елордасы - Астана қаласының мәдениеті мен өнерінің қалыптасуы  мен дамуына қосқан қомақты үлесі үшін  «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Феттах Таминдже

1972 г.

АО «Sembol Insaat» АҚ  компаниясының Президенті

 Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №247/36-V шешімімен Қазақстан Республикасының және оның  елордасы - Астананың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін  «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Виктор Дмитриевич

 Буллер

25.11.1945ж.

«Стройконструкция» акционерлік қоғамының президенті

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі №406/56-V шешімімен Қазақстанның елордасы - Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан қомақты үлесі үшін

«Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Есілов Сансызбай Сейітжанұлы


18.11.1951 ж.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы 

Астана қаласы мәслихатының 2017  жылғы 23 маусымдағы №151/20-VI шешімімен Қазақстан Республикасының Елордасы - Астана қаласының өркендеуі мен дамуына қосқан қомақты үлесі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы»   атағы берілді

Кәрібжанов Жәнібек  Сәлімұлы

23.11.1948 ж.

Еңбек ардагері 

Астана қаласы мәслихатының 2017  жылғы 23 маусымдағы №152/20-VI шешімімен Қазақстан Республикасының Елордасы - Астана қаласының өркендеуі мен дамуына қосқан қомақты үлесі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы»   атағы берілді

Жак Аттали 01.11.1943 ж.

Профессор, жазушы, Француз Республикасы Мемлекеттік кеңесінің құрметті мүшесі 

Астана қаласы мәслихатының 2017  жылғы 23 маусымдағы №153/20-VI шешімімен   Халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы»   атағы берілді

Мещеряков Николай Ильич

01.12.1956 ж.

"Цесна-Банк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Астана қаласы мәслихатының 2017  жылғы 23 маусымдағы №154/20-VI шешімімен Қазақстан Республикасының Елордасы - Астана қаласының өркендеуі мен дамуына қосқан қомақты үлесі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы»   атағы берілді