Ауыл шаруашылығы басқармасының елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар бойынша жұмысы туралы

28.10.2016

Тұрақты комиссия

қаулысы  

Ауыл шаруашылығы басқармасының

елорданың азық-түлік қауіпсіздігін

қамтамасыз ету және азық-түлік

тауарларына бағаны тұрақтандыру

жөніндегі шаралар бойынша жұмысы туралы

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Г.Т. Ермолдинаның «Ауыл шаруашылығы басқармасының елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар бойынша жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап, талқылай отыра, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы атқарушы органдар елорданың  азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Астана аумағында азық – түлік жолағын құру және қала халқын сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша нысаналы іс-шаралар жүргізіп жатқандығын анықтады.

Қазіргі таңда елорда халқын қамтамасыз ету үшін Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және алыс және жақын шетелдерден тамақ өнімдерін тасымалдау дұрыс жолға қойылды.

Қала халқын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Астана қаласының агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің жалпы саны – 72, оның ішінде 9 ұн өндіру кәсіпорны, 41 нан пісіретін, 5 шұжық өнімдерін шығаратын, сүт өнімдерін шығаратын -1, 8 көкөніс сақтау қоймасы, бір жылыжай кешені, 2 ауыл шаруашылығы өнімдері, 5 сауда – логистикалық орталық.

Азық – түлік жолағының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жергілікті тамақ өнімдерін өндірушілер үшін қаланың ішкі нарығына еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі, азық – түлік жолағы тауар өндірушілері үшін сауда объектілерінде ретро-бонустар және өзге де қосымша жинақтар алынып тасталды. Елорданың тауар өндірушілері жер учаскесін ұсынудан және өндірістік инфрақұрылымнан бастап өндірілген өнімді өндіруге дейін жан-жақты көмек және қолдау көрсетті.

Тамақ өнімдерін сақтау бойынша жобаларды іске асыруға көмек көрсету және қолдау бойынша іс-шаралар іске асырылады. Елорданың аумағында 8 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді, жалпы сақтау көлемі 42,8 тоннаны құрайды. Оларға  «СЗЦ «Астана-Агро» ЖШС, «Целинсельмаш Астана» ЖШС, «AstanaFood Storage» ЖШС, «Астана-Агро-АА» ЖШС, «Картофель и овощи» ЖШС, «Amal A 2009» ЖШС, «Агро Нива» ЖШС, «Arul Communication» ЖШС жатады. 9 көкөніс сақтау қоймасы салынуда және жобалануда, жалпы сақтау көлемі – 34,5 мың тонна.

Күштілігі жылына 1700 тонна жылыжай кешені жұмыс істейді. Күштілігі жылына 7000 тонна 3 объекті жобалануда және өнім беруі жылына 4800 тонна 2 объекті салынуда.

Делдалдық аймақтар санын төмендету мақсатында қалада 5 сауда – логистикалық орталық ашылды. Олар «Астық - Логистик» көлік – логистикалық орталығы, жалпы алаңы 24 000 шаршы метр жылы және суық түрде сақтау В+ сыныпты қойма орындары, жалпы сыйымдылығы 46,510 шаршы метр  «ContinentalLogistics» ЖШС қойма орындары, алаңы 10 000 шаршы метр «Даму Логистик» ЖШС қойма орындары, құрғақ түрде сақтау қоймалары, ет, балық сақтау үшін тоңазытқыштар, 4 сауда павильоны, логисткалық орталық, автомобиль базары, сауда – ойын – сауық орталығы енетін «Алаш Центр» КБЖО, А сыныбындағы қоймалармен жарақтандырылған 120 мың шаршы метр логистикалық орталық, сақтау алаңы 7 мың шаршы метр «Мир Круп» ЖШС. 

Азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы баға құрау мәселесі болып табылады. Тамақ өнімдеріне бағаны тұрақтандыру және өндірушілер бағаларымен азық – түлікті жеткізу қарастырылған сауда – экономикалық қатынастарды іске асыру үшін Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарымен келісімге және меморандумға қол қойылды. 

Осы келісімдерді іске асыру барысында ағымдағы жылдың шілдесінде Алматы және Қызылорда облыстарынан қант пен ұн тасымалдау ұйымдастырылды. 2016 жылыдң сәуірінен қазаны бойынша 75 апта сайынғы жәрмеңке өткізілді, шамамен 1391 тонна өнім өндірілді, оның ішінде ет пен ет өнімдері – 321 тонна, сүт өнімдері 25 тонна, көкөніс 943 тонна, қант 30,5 тонна және шамамен 43,5 тонна өзге тауарлар.   

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шегінде «Жігерлі өңірлер-жігерлі Қазақстан» атты Өңірлер күндерін өткізуде. Осы Өңірлер күнінде ағымдағы жылдың 3 қыркүйегі жағдайы бойынша облыстардың қатысуымен 10 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, оларда 3998 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.

Сонымен бірге, елорданың азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы шешілмеген проблемалар мен мәселелер бар екендігін анықтады. Жеке алғанда, тамақ өнімдеріне бағаның өсуі себептерінің бірі мерзімінде қаржыландырмау, тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау саласында инвестициялық жобаларды пайдалануға беру мерзімдерін сақтамау болып табылады. Жүргізілген баға мониторингі кейбір тамақ өнімдеріне бағаны төмендетуді реттеуге мүмкіндік бермейді, нәтижесінде әлеуметті маңызды азық – түлік тауарларына бағаның өсуіне жол беріледі, сапасыз өнімдерді іске асыру фактілері орын алуда.

Өнімдерді өндіру, сақтау, қайта өңдеу және қолдану бойынша объектілерге инфрақұрылымды дамыту, оларды электрмен, кәрізбен, жолдармен және өзге де қызмет көрсету жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері баяу қарқында жүргізілуде. Мысалы, «Целинсельмаш» ЖШС, «Astana Food Storage» ЖШС, «Кунанбаев» ЖК, «Arul Communication» ЖШС, «Абдинуров» ЖК, «Сага-Астана» ЖШС және ИП «Жуанышпаев» ЖК, «Алиев» ЖК салынып жатқан жылыжай кешендеріне кіреберіс жолдары мен коммуникациялар салынбаған.

Астананың азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметті маңызды тауарларға бағаны тұрақтандыру, әкелінген тауарларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында елордада тұрақтандыру қоры жұмыс істейді, ол қазіргі уақытта жұмыс істемейді.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. «Ауыл шаруашылығы басқармасының елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар бойынша жұмысы туралы» ақпарат назарға алынсын.

2. Астана қаласының әкімдігіне экономиканың орнықты өсуіне қол жеткізу үшін және елорданың азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өнімдер шығаруға және сапасын көтеруге, перспективалы технологиялық өнімдерді іздеуге, әзірлеуге және ендіруге отандық кәсіпорындарды белсенді түрде қолдау және ынталандыру, жаңашыл технологияларды қолданумен тамақ өнімдерінің ішкі саудасын дамыту бойынша іс-шараларды жалғастыру ұсынылсын.  

Жер учаскелерін бөлу және дайын өнімдерді өндіруге дейін инфрақұрылым жүргізу бойынша отандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету бойынша жұмысты белсендендірсін, Астана қаласының аумағында азық-түлік жолағына қатысушы тауар – өндірушілерінің елорданың азық – түлік нарығына қол жеткізуін қамтамасыз етсін.

3. Ауыл шаруашылығы басқармасына, «Астана» ӘАК ҰК» АҚ-на қаланың мүдделі кәсіпорындарымен және ұйымдарымен, сауда саласындағы кәсіпкерлерімен бірге қалаға өнім жеткізу көлемін ұлғайту, оның сапасын көтеру үшін отандық өнім өндірушілермен елордалық кәсіпкерлердің ынтымақтастығын әрі қарай жайластыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.  

Әлеуметті маңызды азық – түлік тауарларына баға құрау қимасында сауда және азық – түлік базарларының жұмыстарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауды бақылауды күшейтсін.

Делдал аймақтарды қысқарту мақсатында қалада сауда – логистикалық жүйені кеңейту бойынша жұмысты белсендендірсін.

Тамақ өнімдеріне бағаны тұрақтандыру, елорданы отандық өнім өндірушілердің азық-түлігімен толық қамтамасыз ету және заңсыз сауда орындарын жою үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесін жалғастырсын.

4. Автомобиль жолдары басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірге көкөніс сақтау қоймасын және жылыжай кешенін салу және оларға инженерлік желілер, кіреберіс жолдарын, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін салуды аяқтау, жылыжай желісін салу бойынша жобаларды мерзімінде қаржыландыру шараларын қабылдасын. 

5. Ауыл шаруашылығы басқармасына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен бірге «Азық – түлік қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ет – сүт өнімдерін жеткізуге бақылауды іске асыру ұсынылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі А.Ф. Кимге жүктелсін.

Тұрақты комиссия төрағасы                                                     М. Шекенов