Батпенов Саят Нұрланұлы

№3 сайлау округі

Батпенов Саят Нұрланұлы 1986 жылғы 18 наурызда туды. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2008 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, 2013 жылы Ресей СІМ Мәскеу мемлекетік халықаралық қатынастар институтын аяқтады.

Қаржы және қаржылық құқық; Экономика; «Халықаралық мұнайгаз бизнесі» Іскерлік әкімшілендіру (МВА) мамандықтарына ие. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.

Еңбек қызметін 2006 жылы заңгер; жетекші заңгер; «Цеснабанк» АҚ елордалық филиалының заң бөлімінің бастығы ретінде бастады. Солтүстік-Каспи жобасы департаментінің менеджері; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Өкілетті органы Техникалық тобының менеджері (Атырау қаласына және Ұлыбританияның Лондон қаласына жоба операторының кеңсесіне іссапарға жіберілген қызметкері) болып жұмыс істеді.

«Холдинг Алиби» ЖШС инвестициялық департаментінің директоры. 2014 жалдың мамыр айынан 2017 жылдың желтоқсан айынан «Холдинг Алиби» ЖШС инвестициялық директоры.

2017 жылдың желтоқсан айынан  қазіргі кезде Астана қаласының ХБ «Федерация триталон» бас хатшысы.

Үйленген, төрт  бала асырап отыр.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі.

 «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

 Телефон: 87015338007

 E-mail: s.batpenov@gmail.com