Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары

1. Қалалық мәслихат сессиясында экономикалық реформа, қаржы және салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жоспарлары мен бағдарламаларымен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.

2. Қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша жоспарлар мен бағдарламалар жобалары, қала бюджеті, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша тұжырым жасайды, олардың орындалуы туралы есептерді тыңдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.

3. Материалдарды қарастырады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қарыз алу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

4. Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясынан елорда бюджетінің атқарылуы жөніндегі мәселелер бойынша өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұрайды және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне өткізілген бақылаудың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдарын қарайды.