Данбаева Гульнар Аманжоловна

№ 5 cайлау округі

Данбаева Гульнар Аманжоловна  1964 жылғы 28 қаңтарда Целиноград қаласында (Астана қ.) туды. 1985 жылы экономист мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтады.

1993-1998 жылдар аралығында «Сәулет» ЖШС директоры, 1998-2006 жылдары «Хаят» ЖШС директоры болды.

2006 жылдан бастап «Астана» корпоративтік қорының директоры лауазымын атқарды.

«2000 жылғы үздік кәсіпкер» атағына ие.

Мынадай мемлекеттік наградалары бар: «Құрмет» ордені /2013/, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «10 жыл Астана» /2008/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» /2011/, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл /2015/ Қазақстан Конституциясына 20 жыл /2015/ мерейтой медальдары.

Тұрмыста, қызы бар.

Төртінші және бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

Тел: 30-52-80

87013616904- помощник

E-mail: gulnar_64@mail.ru