Досаев Уалихан Маратұлы

№18 сайлау округі

Досаев Уалихан Маратұлы1971 жылғы 28 шілдеде Целиноград қаласында дүниеге келді, қазақ. Білімі жоғары. 1990 жылы Целиноград автомобиль көлігі техникумын, 1995 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетін, 2004 жылы Ресей-Қазақстан заманауи гуманитарлық университетін аяқтады.

Целиноград ауданының салық инспекциясында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары, Астана қаласы Энергетика және коммугналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, «Астана су арнасы» МКК Бас директоры, «Ақтасты-Агро» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Елорда құрылыс компаниясы ЖШС басшысы.

«Ерен Еңбегі үшін» медалімен /2012/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» /2011/, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл /2015/,  Қазақстан Конституциясына 20 жыл /2015/ мерейтой медальдарымен марапатталған.

Бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты.

Үйленген, үш баласы бар.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телeфон: 87078183113

E-mail: :  v.dossayev@gmail.com