Есенжолов Еркегалий Темиргалиевич

№25 сайлау округі

Есенжолов Еркегалий Темиргалиевич 1960 жылдың 28 қыркүйегінде дүниеге келді. 1982 жылы «Ауыл шаруашылығын электрофикациялау» мамандығы бойынша Целиноград ауыл-шаруашылығы институтын аяқтады.

«Электроуралмонтаж» трестінің инженері, Теңгіз «Сельхозэнерго» РП бас инженері болып жұмыс істеді. «Сельхозэнерго» РП директоры, Теңгіз аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының орынбасары, Вишневка аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Красноозерный» совхозының директоры, Ақмола облысының Атбасар және Есіл аудандарының әкімі лауазымдарын атқарды. 2004-2006 жылдары Ақмола облысының әкімі болды. 2007-2013 жылдары «Астанастройэнерго» ЖШС директоры, Астана қаласының «ҚТЖ ҰК КТТ» АҚ президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2013-2015 жылдары «Трест Средаэнергомонтаж» АҚ Астана қаласында ЖЭО-2, ЖЭО-3 құрылысын ұйымдастырушы жөніндегі бас директордың орынбасары, Астана қаласының Құрылыс басқармасының ЖЭО-3 «Центрказэнергомонтаж» АҚ филиалының директоры, «Центрказэнергомонтаж» АҚ бас директоры болып жұмыс істеді.

«Астана-Энергия» АҚ басқармасының төрағасы.

Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі. Мынадай мемлекеттік наградалары бар: «Құрмет» ордені /2002/, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» /2005/,   «10 жыл Астана»/ 2008/ мерейтой медальдары.

Үйленген, екі ұлы бар.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

 

Телефоны:  92-60-59

E-mail: ae@astana-energy.kz

Басылым:

  1. Еңбек ұжымында кездесу