Гаипов Зулфухар Султанович

№ 9 сайлау округі

Гаипов Зулфухар Султанович  1965 жылғы 3 қазанда туды. 1993 жылы әлеуметтік-саяси пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады.

Еңбек қызметін оқытушы ретінде бастады, содан соң Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік универистетінде деканның орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ғылым және білім саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының Көлік және коммуникациялар колледжінің директоры болып жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының білім үздігі.

Саяси ғылымдарының докторы, доцент.

«Ерлігі үшін» (За мужество) медалімен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

 

 

Телефоны: 50-40-18

E-mail: z-lenger@mail.ru