Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылғы маусым - 2017 жылғы қыркүйек кезеңі бойынша ЕСЕП

 

                                                                 Астана қаласы мәслихатының

34 сессиясында қарастырылды

                                                          2018 жылдың 28 маусымы

                                                           

Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың маусымы бойынша  есебі

 

Астана қаласы мәслихатының алтыншы шақырылымдағы бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың маусымы бойынша  есебі.

Тұрақты комиссия құрамына Шибкенов Зейнулла Рахымұлы,  Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Бекишев Есенжол Түскенұлы, Ким Алмаз Феликсович, Батпенов Саят Нұрланұлы.

 Тұрақты комиссия қызметі қолданыстағы заңнамаға, Астана қаласы мәслихатының Регламентіне және перспективалық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде тұрақты комиссия 6 отырыс өткізді және 7 мәселені қарастырды.

Тұрақты комиссия комиссия қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде алдағы жылдарға арналған елорда бюджетін дайындауға және бекітуге негізгі назарды аударады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес «Астана қаласының 2018-2020 жылдрға арналған бюджеті туралы» шешім жобасы тұрақты комиссия мен «Нұр Отан» партиясының бірлескен және бөлек отырыстарында қарастырылды, бұл жерде депутаттар қаланың әлеуметтік – эконоимкалық даму болжамымен, жалпы өңірлік өнімнің негізгі көрсеткіштерімен, салық және бюджетке өзге де түсімдер жоспарларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Бюджетті нақтылау барысында депутаттар өз сайлаушыларының еркін білдіре отыра, басты назарды білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салу, әлеуметтік көмек көрсету, халықты жұмыспен қамту, көлік, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым, аулаларды ішкі орамдық абаттандыру және өзге де көптеген мәселелерге аударды.   

Талқылау қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламала әкімшілері бюджеттік бағдарламалар қимасында қосымша қажеттілікке өтінімдер берді. Қала әкімдігі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген 88 631,0 млн. теңгеден артық сомадағы қосымша қажеттілігінің 41 860,0 млн. теңгеден астамы мәслихаттың тұрақты комиссиялары талқылағаннан кейін мақұлданды. Бұл Білім басқармасының, Ішкі саясат басқармасының, Астана қаласы әкімі аппаратының, Дене тәрбиесі және спорт басқармасының, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасының, Денсаулық сақтау басқармасының, Жолаушылар көлігі басқармасының, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдері аппараттарының, Инвестициялар және даму басқармасы өтінімдерінің бөлігі. Автомобиль жолдары, Құрылыс, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, Сәулет және қала құрылысы басқармаларының, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің бюджеттік өтінімдері мақұлданбады.

Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының қосымша қажеттілігі өтінім берілген 503,0 млн. теңге сомасының 236,0 млн. теңге сомасында мақұлданды.

Сондай-ақ, депутаттар жүйелі негізде көтеріліп отырған мәселелерге назар аударды. Олар білім беру мекемелерінің олардың пайдалануға бергеннен кейінгі жинақталмауы, коммуналдық шаруашылық объектілерінің, қаланың жылжымайтын мүлкінің жаңадан пайдалануға берілген объектілері мен өзге де объектілерінің коммуналдық меншікке мерзімінде берілмеуі, білім беру мекемелеріне кіреберіс жолдардың болмауы, ішку аулалық аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, аумақтарды санитарлық ұстау және өзге де мәселелер.

Тұрақты комиссия депутаттары өткен жылғы бюджеттің орындалуына басты назар аударды.

«Астана қаласы бюджетінің 2017 жылы орындалуы туралы есепті бекіту туралы» мәселе тұрақты комиссияның жеке және бірлескен отырыстарында белсенді түрде талқыланды, Астана қаласының Қаржы басқармасының баяндамасы және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының есебіне қорытынды тыңдалды.

2017 жылғы бюджеттің орындлауы жөніндегі есепті қарастыру кезінде 2017 жылғы бюджеттік саясат Астана қаласының Даму бағдарламасында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталғандығы анықталынды. 

Кіріс бойынша жоспардың артық орындалғанына және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражатты толық көлемде игергендеріне қарамастан проблемалар қатары бар.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты стратегиясы жоқ.

Сонымен, Тізбеден 13 жоба алынып тасталған және қосымша 113 жаңа жоба енгізілді, бұл стратегиялық құжаттардың қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсерін тигізеді.

Анықталған кемшіліктерге квазиимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын капиталдандыру және жобалардың қаржылық – экономикалық негіздемелерін іске асыру кезінде жол беріледі. 

         Ұзақ уақыт бойы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне даму мақсаттарына бөлінген және қазынашылық орагының бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қаражат (8 247,8 млн. теңге) бойынша мәселе шешімін таппауда, яғни шамамен 400,0 млн. теңге 5 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай отыр.

         Жергілікті атқарушы органның қарызы ұлғайды және жыл басына 118,2 млрд. теңгені құрады.  

Бюджетті жоспарлаудағы кемшіліктер салдарынан бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық қарыздары көлемдерінің ұлғаюы байқалады, нәтижесінде бюджет параметрлері оның орындалуының соңғы кезеңдерінде өзгеріп, бөлінген бюджеттік қаражаттың мерзімінде игерілуіне және дебиторлық қарыз көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

Дебиторлық қарыздың аса көп бөлігі Құрылыс басқармасына тиесілі – 14 424 179,7 мың теңге немесе 30,6%, Коммуналдық шаруашылық басқармасы – 9 201 714,8 мың теңге немесе 19,5%, Автомобиль жолдары басқармасына – 9 085 562,6 мың теңге немесе 19,2%.

Олардың қалыптасу себептері өзгеріссіз – олар аванстық төлемдер, келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы, сот шешімдері және т.б.

Басқармалар мен департаменттердің басшылары анықталған бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды мерзімінде жою жауапкершіліктерін көтерулері, ал тексеру комиссиясы өз құзіреті шегінде олар берген ұсынымдарды әкімшліердің орындамағандықтары үшін олаға аса қатаң шаралар қабылдаулары қажет.

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру және коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында «Астана қаласының Коммуналдық мүлігін басқару тиімділігі туралы» мәселе қарастырылды.

Мәселені қарастыру барысында тұрақты комиссия Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасының жұмысында бухгалтерлік есепті жүргізу, түгендеу, қауіпсіздік техникасын сақтау және теңгерімде бейінсіз активтердің болуы қиасында проблемалар қатары бар екендігі анықталынды.

Жылжымайтын мүлікті тіркеуде заң бұзушылықтар бар, Әділет департаментінің мәліметтер базасында тіркеу материалдарын түзету бойынша жұмыстар (меншік иелерінің атаулары, алаңдар) жүргізілмеген.

Құқық беру құжаттарының болмауы салдарынан тұрғын үйлік емес орын-жайлардың көп бөлігі әділет органдарында тіркелмеген.

Тұрақты комиссия қаланың коммуналдық меншігіне жаңадан енгізілген объектілерді, инженерлік – коммуникациялық желілерді оларды кейіннен пайдаланушы ұйымдарға берумен беру бойынша тиісті бақылаудың жоқтығы анықталынды. 

Қарастыру қорытындысы бойынша басқармаға тиісті ұсынымдар берілді.

Бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігін қала аудандары әкімдерінің аппараттары Астана қаласын санитарлық тазалау және абаттандыруды дамытуға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды іске асыру жөніндегі аудиторлық іс-шаралар мен шараларды іске асыру туралы» мәселені талқылау барысында қарастырылды.

Талқылау барысында депутаттар «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің ақпараттарын тыңдады.

Жұмыстарды/қызметтерді іске асырудың және оларды бағалаудың бірыңғай әдістемесінің болмауы елорда аудандарының қимасында жинау алаңының бірлігіне есептегенде бюджет шығындары көлемдерінің әр түрлілігіне әкеліп соғады.

Аудандар әкімдері аппараттарының төмен сапада жоспарлауы 2016 жылы 2016-6020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының «Аумақтарды көгалдандыру алаңын ұлғайту» индикаторына қол жеткізуге мүмкіндік тудырмады, ал «Жөндеуді қажет ететін аула аумақтары үлесінің төмендеуі» индикаторы бойынша мәліметтердің болмауы оған қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермеді.   

Сондай-ақ, Тексеру комиссиясы ағымдық бюджеттік бағдарламалар аясында қаланың аудандары әкімдері аппараттарының жобалық – сметалық құжаттаманы әзірлемей және авторлық және техникалық қадағалауды жүргізбей күрделі сипаттағы жұмыстарды жүргізгендіктерін анықтады.

Аудандар әкімдері аппараттары қызмет көрсететін 400-ден астам көше, 50-ден артық саябақ, скверлер, субұрқақтар және көпірлер олардың теңгерімінде есепке алынбаған.  

        Бюджеттік қаражатты пайдалану басымдылығын анықтау тәсілдерін белгілеу әдістемесі және аудандардың, орамдардың аумақтарын абаттандыру, қаланы мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, сонымен қатар, әлеуметті маңызды іс-шараларға безендіру тұжырымдамасы жоқ. 

     Тұрақты комиссияда Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары басқармасының және Активтер мен мемлекеттік сатып алулар басқармасының өндірістік – азаматтық мәндегі объектілерді жобалау және салу үшін жер учаскелерін жалға алу құқығы немесе жер учаскелерін сату бойынша сауда жасау (конкурстар, аукциондар өткізу) туралы есебі қарастырылды.

Талқылау барысында депутаттар атқарылған жұмыстарға қарамастан проблемалы мәселелер қатары бар екендігін анықтады.

Елордадағы аса өзекті проблема барлық қажетті инженерлік коммуникациялармен жабдықталған бос жер учаскелерінің болмауы болып табылады.

Қала әкімдігіне алақол сатып алушылардың жеке тізбесін оларды екінші саудаға жібермеу мақсатында жасауға мүмкіндік беретін қолданыстағы заңнама нормасы жоқ.

Инвестициялық тартымсыздықтан жеңімпаздар сату – сатып алу келісімшартын жасағаннан кейін және толық төленгеннен кейін өз міндеттерін орындаудан бас тартады.

Қала шетіндегі жер учаскелеріне деген сұраныс аз.  

 

Мәслихат регламентіне сәйкес комисси сессиялар қабылдаған шешімдер мен комиссиялардың қаулыларының орындалуына бақылауды жүргізеді.

Сонымен, «Астана қаласында бала бақшалар салу және пайдалануға беру» мемлекеттік –жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» және «Астана қаласында  аппараттық – бағдарламалық фотобейнетіркеу және бейнеталдау  кешенін құру және пайдалану»  мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» шешімдері бақылауда.

Сондай-ақ, орындалуы тұрақты комиссияның бақылауындағы барлық қабылданған қаулылар тұрақты комиссияның бақылауында.

Депутаттар сессиялардың жұмыстары мен тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысумен қатар, қала әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңестерінің, қалалық және ведомствоаралық комиссиялардың мүшелері бола отыра, елорданың әлеуметтік – экономикалық өміріне тікелей қатысады.  

Тұрақты комиссия мүшелері өздерінің сайлау округтерінде нақты жұмыстар жүргізеді, сайлаушыларды қабылдайды, азаматтардың өтініштері мен жүгінулерін қарастырады, тиісті ведомстволарға сұратулар мен хаттарды уақытында жіберіп отырады. Қорытындылай келе, комиссия мүшелеріне  белсенді және жемісті еңбектері үшін, комиссияға енгізілетін мәселелерді белсенді түрде талқылағандары және қалалық мәслихат сессиялары мен комиссия жұмыстарына белсенді қатысқандықтары үшін алғыс айтқым келеді.