Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі мен қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебтері

Астана қаласы мәслихатының

                                                                                  2017 жылғы 23 маусымдағы

                                                                                  20-інші сессиясында

                                                                                  қаралған

 

 Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының 2016 жылғы 25 наурыздан 2017 жылғы маусым аралығында атқарған жұмысы туралы есебін назарларыңызға ұсынуға  рұқсат етіңіздер.

Тұрақты комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, қалалық мәслихаттың Регламенті мен болашақ жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңдарына сәйкес, жергілікті полиция қызметінің бастығы жылына екі рет жергілікті полиция қызметі туралы өкілетті орган алдында есеп беріп тұрады.

Өткен сессияларда жергілікті полиция қызметі бастығының есебін талқылай отырып, депутаттар мен сессия қатысушыларын қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысы, қоғамдық тәртіпті сақтау, көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтың алдын-алуды күшейту, терроризмге қарсы алдын-алу іс-қимыл шараларын жетілдіру, қала аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне назар аударды.

Сессияда қабылданған шешімде депутаттар мен қала тұрғындарының ұсыныстары ескерілді. Қаланың даму бағдарламасының мақсатты индикаторларына жету, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берілген.

«2011-2015 жылдарға Астана қаласының даму Бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі» мәселесін қарап, комиссия Бағдарлама іс-шараларының жүзеге асуы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша астананың аймақтар арасында көшбасшылық орын алуына мүмкіндік бергенін атап өтті.  Астананы әлемдегі 50 «ақылды» қалаларының тізіміне кіргізу жұмысы да жандануда. ТКҚЖ (Тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі) жобасы аясында қауіпсіз қалада 348 бақылау камерасы, 96 бейнебақылау тіркегіштер жұмыс жасауда, осы камералардың көмегімен 4 мыңнан астам әкімшлік құқық бұзушылықтар тіркелді.

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиженің көрсеткіштері жетілмеген, «жол-көлік оқиғасының саны» халық саны мен халықтың автомобилизациялануының өсуі себебінен болып отыр.

Комиссия отырысында: қала әкімінің аппараты, ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, ішкі саясат басқармасы, дін істері жөніндегі басқармасынан  бюджеттік   бағдарлама    әкімгерлерін     шақырумен       «2015-2016 жылдарға астана бюджетінің орындалуы» мәселесі қаралды.

  Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар ескертулер жасады, сондай-ақ, бөлінген бюджеттік құралдарды толық игеру мақсатында жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау қажеттілігіне назар аударды.

Комиссия отырыстарда басшылардың есебін тыңдап, тиісті қаулылар қабылдайды.

  Есепті кезеңде тұрақты комиссия отырыстарында: қаланың ішкі істер департаментінің бастығы, жергілікті полиция қызметінің бастығы, білім беру басқармасының, дін істері жөніндегі басқарманың, тұрғын үй басқармасының басшыларының есептері тыңдалды.

Тұрақты комиссиямен 23 отырыс өткізілді, оның 5 жоспарлы, екеуі көшпелі, 33 мәселе қаралды.

Қалада діни ахуалды тұрақтандыру жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан, дін туралы заңнаманы бұзушылық өсіп барады. Бұл жөнінде «Астана қаласының дін істері жөніндегі басқарманың дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуымен күрес бойынша жұмысы туралы» мәселені қарауда депутаттар атап өтті. Діни сауаттылықтың төмендігі радикалды топтың өз адамдарға өз діни сенімдерін таратып, түрлі діни ағымдарға тартуына бірден-бір себепші болады. Дәстүрлі емес радикалды ағымдарды ұстанатындардың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайы төмен тобынан, жастар мен мигранттар болып келеді.

  Астана тұрғындары арасында шетелде теологиялық дайындау курстарында оқып келген студенттердің дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттап жүрген фактілері кездеседі.

Мешіттерде егде жастағы кісілердің адамдардың намаз оқуына қолайсыз жағдай туғызған фактілері кездеседі.

 Кейбір діни сенімдегі жас азаматтар жастарды радикалды ағымдарға үгіттеу үшін мешітті пайдаланады.

Тұрақты комиссияның бастамасымен қалалық мәслихаттың сессиясында «Астана қаласында құқық тәртібін қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы» мәселе қаралды.

Осы мәсле бойынша сессияға дайындық кезінде депутаттар қаланың ішкі істер департаментінің  бірқатар бөлімшелерін аралап, жұмыстарымен танысып, полиция бөлімшелерінің басшыларымен кездесіп, шешілмеген мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Депутаттар шұғыл басқару Орталығында, көші-қон полициясы басқармасында, «Сарыарқа» аудандық ІІБ, кинологиялық қызмет Орталығында болып қайтты (слайдта).

  Сонымен қатар, депутаттарға ІІБ заманауи полиция техникасының үлгілерін көрсетті. Астаналық саперлар жұмыс жасайтын жабдықтарды, жедел әрекет ету мобильді техниканы, қару-жарақ қоймасын, заманауи полиция қызметкерінің жабдықтарын да көрсетті.

  Шұғыл басқару Орталығына қала аумағындағы 800 камерадан ақпарат түседі. Қаладағы көше қиылыстарында 508 камераның көмегімен тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі, 125 камера қоғамдық орындарда, 63-үй аулаларында орнатылған.

  Кинология қызметінің орталығында 46 маман мен 36 кинолог 55 итті үйретуде. Қызметтік иттер тек шұғыл қызмет барысындағы дағдылы жұмыстарды жасап, есірткіні табу, жарылғыш заттарды, оқ-дәрілерді табуда ғана қолданылмайды. Қазір олардан барлаушылар мен шабуылдаушыларды дайындауда.

  Ішкі істер басқармасын аралау қорытындысы бойынша ІІБ барлық бөлімшелерінің, аудан әкімдерінің, қала департаменттері мен басқармаларының, ПИК қауымдастығының, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өткізілді.        Дөңгелек үстелде ішкі істер басқармасында болған және аралау кезінде анықталған қаланың құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысында кездесетін мәселелер талқыланды.

  Сессияда мәселені талқылау барысында депутаттар қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау, жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыру, қызметкерлерді даярлау сапасын арттыру және елорданың құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық жадықталуын жетілдірудің жаңа нысандарын әзірлеу және қолдану бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.

Алайда, қылмыстық ахуалға әсер ететін тұрақсыздандырушы факторлардың бірі болып көші-қон процестерінің жоғары деңгейі мен заңды және заңсыз еңбек мигранттарының ағынының ұлғаюы.

Кезбелер, қараусыз қалғандар мен тыйылмайтын пәтер ұрлығы қала тұрғындарын алаңдатуда.

Елордалық құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жеткілікті түрде шешілмеген. Сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін қызметкерлерді қызметтік ғимаратпен қамтамасыз ету мәселелері шешілген жоқ. 1906, 1946 және 1976 жылдардағы ғимараттар  стандарттарға сәйкес келмейді. Есіл ауданының ішкі істер бөлімі жергілікті бюджеттен жалға алынған екі коттеджде орналасқан, онда аудандық әкімшілік, ювеналды полиция қызметкерлері және телімдік инспекторлар бар. «Сарыарқа» ауданының ішкі істер бөлімі екі бөлек ғимараттарда жұмыс істейді, олар пайдалануға жарамсыз деп танылды. Қалада және аудандарда жергілікті полиция телімдеріне ғимарат беру туралы мәселелер шешілмеген.

Құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастырудағы өзекті мәселелердің бірі кадрлардың тұрақсыздығы және қызметкерлердің, әсіресе телімдік инспекторлардың жетіспеушілігі. Мұның себебі әлеуметтік мәселелер. Осылайша, елордалық екі мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын үйге, 1500-нан астам қызметкерлердің балалары - балабақшадағы орындарға мұқтаж. Полиция қызметкерлері қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру, санаторлық-курорттық емдеу, коммуналдық қызметтер мен жалға берілетін тұрғын үйді төлеу үшін жергілікті бюджеттен өтемақы түрінде әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етілмеген.

            Қабылданған шешімде депутаттар мен қала тұрғындарының ұсыныстары ескерілді және нақты ұсыныстар берілді. Астана қаласы мәслихатының бұл шешімінің орындалуын бақылау тұрақты комиссияға жүктелді.

Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі - белгілі бір аймақтағы немесе мемлекеттегі жалпы өмір сүру деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

Астана қаласының әкімдігі, атап айтқанда, тұрғын үй басқармасы, Қазақстан Республикасында осы көрсеткішті арттыру мақсатында, 2005 жылдан бастап ағымдағы кезеңге дейін мемлекеттік және салалық тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырғандықтан, бағдарлама құралдары соңғы он жыл ішінде тұрғын үйді іске қосуды едәуір арттырған.

Апаттық жағдайдағы үйлерде тұратын азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және елорданың келбетін жақсарту үшін апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу және олардан азаматтарды қоныс аудару бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Астана қаласында 2013 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде 117 апатты үй бұзылып, 1570 пәтердің тұрғындары қоныс аударылды.

            Тұрақты комиссия тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардың өтініштерінің саны әлі де жоғары екендігін атап өтті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 2 мыңнан астам адам жеке қабылдауда болып, 16 960 өтініш келіп түсті, соның ішінде 475-і елорда әкімдігінің сайтынан алынды.

Тұрғын үй қорының нарығындағы ұсыныстарға барлық азаматтардың қолы жете бермейді.

Тұрақты комиссияда қаралатын  маңызды мәселелердің бірі «Мемлекет мүддесі үшін алынатын жер телімдерін алып қоюына байланысты жер телімі не басқа жылжымайтын мүліктердің өтемін төлеп алу  туралы шарттардың жобаларын келісу туралы» болып табылады. Бөлінген қаржыландыру көлемі бойынша балабақшаларды, мектептерді, жолдарды, автожолдарды, автотұрақтарды, саябақтарды, алаңдарды, инженерлік желілерді салу үшін жер учаскелерін босату бойынша жұмыстар жүргізілді.

            Есепті кезеңде 12 отырыс өткізілді, жалпы сомасы 10 млрд. 663 млн. теңгеге 643 келісім-шарт жобасы қаралды. (біз бұл үдерісті тоқтатпауға тырысамыз, кейде бір отырыста 100-120 меншік иесіне дейін қабылдаймыз).

Тұрақты комиссия өз жұмысында мәслихат қабылдаған шешімдерде қолданыстағы заңнаманың сақталуына көп көңіл бөледі, мониторинг жасап, нәтижесі бойынша қабылданған шешімдерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

            Тұрақты комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес бұзғаны үшін  әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту бойынша Ережелерді әзiрлеуге қатысады.

            Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиямен бірлесіп, жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын аббаттандыру және қаланың су объектілерінде жалпы суды пайдалану ережесін қарады.

Әзірлеушілер Ереженің жобасын уақытында депутаттарға қарауға ұсынбаған жағдайда, тиісті мәселелер пайда болады.

 Мәселен, сессияда бірнеше рет ескертулерден кейін ғана жасыл кеңістікті күтіп ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын аббаттандыру ережелері бекітілді.

  Дегенмен, әділет департаменті тіркеуден бас тартты. 2016 жылғы желтоқсанда Қағидалар сессияның қарауына қайтадан енгізілді, бірақ Үлгілік қағидаларға сәйкес келмегендіктен тіркелмеді.

Осындай жағдай қаланың су объектілерінде суды жалпы пайдалану ережелерімен қайталануда.

            Сондай-ақ, әзірлеушілер қала аумағында әрекет ететін қолданыстағы Қағидаға уақтылы өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді:

- Астана қаласының тұрғын үй-азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау Қағидасы

- Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы

- "Астана қаласының  құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы.

            Атқарушы органдар аталған ескертулерді назарға алып, жоғарыда аталған Қағидаларды мәслихатқа ұсыну жөнінде шаралар қабылдайды деп сенеміз.

            «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде жұмыс жасау, атқарушы органның жанындағы түрлі комиссияларға депутаттардың қатысуы да маңызды жұмыс түрлері болып табылады.

Әрбір депутат үнемі азаматтарды қабылдауды жүргізеді, сайлаушылармен кездеседі, сондықтан олардың күнделікті қажеттіліктерін жақсы біледі, оларды бақылауда ұстайды.

Тұрақты комиссия мүшелері Е.Б. Сыдықов, М.Е.Тулеутаев, З.Г.Жусупова, Г.А..Данбаева, К.К.Таукен  астаналық мәслихаттың барлық іс-шараларына белсене қатысады, «Астана ақшамы», «Кешкі Астана » газеттеріне және теледидарға шығады.

            Сонымен қатар, басқа да тұрақты комиссиялардың депутаттары тұрақты комиссия отырыстарына белсенді қатысты: М.З.Шайдаров , М.Е.Шекенов, З.Р.Шибкенов, А.Б.Аюпов, Р.Ф.Умербаева, Н.И.Мещеряков , С.Н.Батпенов, А.Ж.Табулдина .

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлығына жемісті еңбектері үшін алғыс айтқым келеді. Тұрақты комиссияның мүшелері алдына қойылған міндеттерді сапалы, кәсіби және жауапты орындауға бар күш-жігерін салады.

Назарларыңызға рахмет!