Қаланың ресми рәміздері

Астана қаласы мәслихатының 

2008 жылғы 06 маусымдағы 

№ 109/16-IV шешімімен

бекітілген

Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі

1-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздері

1. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы нышандарының сипаттамасы және оны пайдалану тәртібі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Елорда рәміздерінің сипатталуын және оны пайдалану тәртібін белгілейді. 

2. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасы (бұдан әрі-Елтаңба) "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген дөңгелекті білдіреді, «Бәйтерек» негізінде «құс қанаты» әшекейі орналасқан. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде «Бөрікөз» оюы, ішкі сақинасында – «көкшіл аспан» бейнеленген. Елтаңбаның сыртқы сегменті «Астана» жазуымен толтырылған (1-қосымша). 

3. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы туының ( бұдан әрі -Ту) ортасында астананың елтаңбасы бейнеленген ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы тік бұрышты жалпақты білдіреді. Астары «көкшіл аспан» түсіндегі алтын сәулелермен берілген (2-қосымша). 

2-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының елтаңбасын пайдалану тәртібі
4. Астананың Елтаңбасын дайындаған кезде 1-қосымшада келтірілген сипаттамаға және бейнеленуіне сәйкес түсі мен бейнеленуі қамтамасыз етілуі тиіс. 
Елорда Елтаңбасын талаптардан ауытқып дайындауға жол берілмейді. 
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен елорда Елтаңбасын бір уақытта орналастыру «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылады. 
6. Елорда Елтаңбасы мен одан дәрежесі бойынша төмен елтаңбаны (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) бір уақытта орналастыру Елорда Елтаңбасы алдынан қарағанда басқа елтаңбадан (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) сол жағында орналасады; елтаңбалардың (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) тақ санын бір уақытта орналастырған кезде Елорда Елтаңбасы ортасында орналасады, ал елтаңбалардың (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) жұп сандарын орналастырған кезде, екеуден артық емес – орталықтың сол жағына орналасады. 
7. Елорданың Елтаңбасы мен елтаңба дәрежесінен төменгі белгілерді (елтаңбалық белгі, геральдикалық белгі) қатар орнатқан жағдайда елорданың Елтаңбасынан көлемі бойынша кіші болмайды және басқа елтаңбалардан (елтаңбалық белгі, геральдикалық белгі) төмен орналастырылмайды. 
8. Елорда Елтаңбасының бейнелері Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың басшыларының бөлмелерінде орналастырылуы мүмкін. 
9. Елорда Елтаңбасының бейнелері Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мәжіліс залдарында орналастырылуы мүмкін. 
10. Елорданың Елтаңбасы атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің және Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың маңдайшаларында пайдаланылуы мүмкін.
11. Елорданың Елтаңбасы мемлекеттік органдардың көлік құралдарында бейнеленуі мүмкін. 
12. Елорданың Елтаңбасы қаланың көркемдік рәсімдеу, сондай-ақ қалалық жолаушылар көлігін немесе жергілікті атқарушы органның жүргізуіндегі арнайы қызметтердің көліктерін ресімдеуде пайдаланылуы мүмкін. 
13. Елорданың Елтаңбасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бланкілерін, мөрлері мен мөртабандарын дайындау кезінде пайдалана алмайды. Елорданың Елтаңбасын заңды тұлғалардың маңдайшаларында пайдалану Астана қаласының мәслихаты белгілеген жағдайда ғана жол беріледі. 

3-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының туын пайдалану тәртібі
14. Елорданың Туын шығару кезінде оның түсі мен бейнесі 2-қосымшада айтылған және келтірілген бейнеге сәйкес келуі тиіс. Елорданың Туын түрлі көлемдер мен түрлі материалдардан, сондай-ақ вымпел түрінде шығаруға жол беріледі. 
15. Осы шешімнің талаптарын бұзып дайындаған елорданың Туын мемлекеттік органдар ресми түрде, қаланың көркемдік ресімдеуде пайдалана алмайды, сондай-ақ Астана қаласының аумағында пайдаланылмайды.
16. Қазақстан Республикасының Туы мен елорданың Туын қатар орналастыру «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 
17. Елорданың Туы мен елорда туының дәрежесінен төмен туды орналастыру кезінде, елорданың Туы (оған қарап тұрған жағдайда) басқа тулардың сол жағында орналастырылады; туларды қатар тақ санмен орналастырған жағдайда елорданың туы ортада, ал жұп санмен орналастырған жағдайда тура ортаның (екіден аспайтын) сол жағында орналастырылады. Елорданың Туы мен елорда туының дәрежесінен төмен туды орналастыру кезінде, елорданың Туы көлемі бойынша кіші болмайды және басқа тулардан төмен орналастырылмайды. 
18. Астана Туы: 
Астана қаласы әкімдігінің;
Астана қаласы мәслихатының; 
Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдар; 
Астана қаласының ішкі істер органдары; 
Астана қаласының білім беру мекемелері; 
Астана қаласының өзге де мемлекеттік органдарының ғимараттарына мемлекеттік және қалалық мереке күндері көтерілуі мүмкін. 
19. Елорда Туын осы бапта көрсетілген ғимараттарда, сонымен қатар, ғимараттардың қасбеттерінде орналасқан тутұғырларда (мачталарда) орналастыруға жол беріледі. 
20. Елорда Туы орналасқан мемлекеттік және қалалық мереке күндері ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардың ғимараттарында (ғимарат қасбеттерінде орналасқан тутұғырларда (мачталарда), тұрғын үйлерде ілінуі мүмкін. 
21. Елорда Туы Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласында мемлекеттік органдар өткізетін ресми кездесу және басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде көтерілуі (орнатылуы) мүмкін. 
22. Елорда Туы ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар және азаматтар өткізетін салтанатты іс-шараларды өткізу уақытында көтерілуі (орнатылуы) мүмкін. 
23. Қаралы күні тутұғырда (мачтада) көтерілген елорда Туы тутұғырдың (мачтаның) биіктігінің жартысына дейін түсіріледі. 
24. Елорда Туы Астана қаласының құрметті атағына берілетін белгілерге және наградаларға, Астана қаласының мемлекеттік органдарында ерекше белгілерде бейнеленуі мүмкін. 
25. Елорда Туы (жалауша түрінде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мереке және Астана қаласының мереке күндері қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігінің сыртын ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.