Касенов Гайдар Кабдуллаевич

№21 сайлау округі

Касенов Гайдар Кабдуллаевич 1976 жылғы 20 маусымда Ақмола облысы Атбасар ауданының Мариновка ауылында дүниеге келді. 1998 жылы инженер-механик мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетін, 2002 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, 2004 жылы Челябинск мемлекеттік агроинженерлік университетін (аспирантура), 2011 жылы Алматы қаласының Халықаралық бизнес академиясын  Open University (UK) аяқтады. Іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастады. «Астана-финанс» БАҚ маманы, «Астана Газ Сервис» БАҚ сату бөлімінің бастығы, «Астана қаласының орталы газбен қамтамасыз ету» ЖШС директоры, «ЕВРАЗИЯ-CENTRAL LTD» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары – Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары, әкімі болды. 2008-2015 жылдар кезеңінде «Қазтеміртранс» АҚ басқарма мүшесі, корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті, «Көлік қызметтерінің орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2015 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласы «Нұр Отан» партиясының Алматы аудандық филиалының төрағасы.

Экономикалық ғылымдарының  кандидаты. 

Дзюдо күресі бойынша ҚСРО СШК.

«10 жыл Астана» мерейтой медалімен марапатталған /2008/.

Үйленген, үш баласы бар.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

Телефон: 36-36-33  

E-mail: gaidark@mail.ru