Ким Алмаз Феликсович

№24 сайлау округі

Ким Алмаз Феликсович 1971 жылғы 22 қазанда туды. Алматы қаласында экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын аяқтады.         

«Бахус Трейдинг» компаниясы» ЖШС, «Теміртас-2» АҚ, «Темірбетон» АҚ, «Бахус-Астана» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап «Бахус-Орталығы» ЖШС бас директоры.

Мемлекеттік наградалары бар. «Құрмет» орденімен /2013/,  Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «10 жыл Астана» /2008/,   «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» /2011/, Қазақстан Конституциясына 20 жыл /2015/, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл /2015/ мерейтой медальдарымен марапатталған.

Төртінші және бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты.

Үйленген, үш ұлы бар.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» сараптама тобының өңірлік кураторы.

 

Телефон: 38-75-75, 38-97-97

E-mail: zhanna.izt@mail.ru

Басылым:

  1. Медицина қызметкерлерімен кездесу