Куришбаев Ахылбек Кажигулович

№ 6 сайлау округі

Куришбаев Ахылбек Кажигулович  1961 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласында туды, қазақ, білімі жоғары. 1983 жылы агрохимия және топырақты зерделеу мамандығы бойынша Ауыл шаруашылығы институтын аяқтады. 

Еңбек жолын Талғар ауданаралық арнайы щаруашылық бірлестігі комбайнерінің көмекшісі, Алматы облысы Талғар ауданы Шынгелді орта мектебі интернатының тәрбиешісі ретінде бастады. Аспирантураны аяқтағаннан кейін кіші ғылыми қызметкер, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ғылыми қызметкер, Алматы облысының жер өңдеу ҚазҒЗИ директорының орынбасары, Ақмолы облысының Шортанды ауданында А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҚазҒЗИ директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Вице-Министрі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылым департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болды.

2011 жылдың қазанынан бастап – «С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеті» АҚ басқармасының төрағасы (ректоры).

Мемлекеттік наградалары бар. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» /2006/, «Құрмет» ордені /2012/. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» /2011/, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»/2015/, Қазақстан Конституциясына 20 жыл /2015/, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл /2015/ мерейтой медальдарымен марапатталған.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдарының академигі. А.И. Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты /2001/.

Бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты. Үйленген, екі баласы бар.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпорын мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

Тел: 31-75-47, 38-87-66

E-mail:  agun.rector@gmail.com