Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары

1. Қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген құрылыс, қаланың бас құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану, көлік, халыққа сауда және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін көрсету, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлем мөлшерлемесі жобалары жөніндегі мәселелерді қарап, қорытынды береді.

2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жеңілдіктерді белгілеу, жер қатынастарын реттеу  жөнінде ұсыныстар енгізеді.

3. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары және бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған өзге де міндетті Қағидаларды әзірлеуге қатысады.