Анонсы предстоящих мероприятий маслихата города Нур-Султан

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы

2019 жылғы 16 қазанда сағат 16. 00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік көшесі, 11, 220 кабинет) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізіледі.

Күн тәртібі:

1.«Елордада көлік жүйесін жандандыру аясында халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жергілікті атқарушы органныңқызметі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі шешімінің орындалу барысы туралы.

Баяндамашы: Солтамбеков Нұрлан Қожахметұлы – «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы.

Қосымша баяндамашы: Игенбердинов Бекмырза Қайргелдіұлы – «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына!

2019 жылдың 29 қазанында өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының қоғамдық тыңдалымының қарауына «Нұр-Сұлтан қаласындағы фото-бейнетіркеу және бейнежаңалықтар аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы, Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшаларды салу және пайдалануға беру туралы»  мәселе енгізіледі.

Қоғамдық тыңдалымының қарауына енгізілетін мәселе бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз болса, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты аппаратына 556635, 556636 телефондарына немесе maslihat_org@mail.ru  поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Нұр-Сұлтан қаласы

Мәслихатының хатшысы                                                               Ж. Нұрпейісов