Мемлекеттік сатып алу

Ашық  конкурс туралы хабарландыру

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11 мекенжайында орналасқан, электронды мекенжайы maslihats@rambler.ru , сайт – maslihat.astana.kz лоттар бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, олардың саны, техникалық ерекшелігі, қызметтерді көрсету орны және мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабындағы біліктілік талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

Конкурстық құжаттама пакетін 2012 жылдың 26 наурызына дейінгі күнді қоса алғанда сағат 10.00-ге дейінгі мерзімде Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 219-кабинеттен алуға болады. 

Конкурстық құжаттама пакеті тегін ұсынылады.

Әлеуетті жеткізушілер конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді Астана қаласының мәслихатына (мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 219 кабинет) ұсынылады (жолданады).

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2012 жылдың 26 наурызы сағ. 10.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерімен конверттер барлық әлеуетті жеткізушілердің қатысуымен 2012 жылдың 27 наурызында сағат 11.00-де Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 219-кабинет мекенжайы бойынша Астана қаласының мәслихаты аппаратында ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы келесі телефон арқылы алуға болады:  8 (7172) 556636.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы                                                                                                                    С. Есілов

 

 

Басып шығару
Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсын сүйемелдеу бойынша және Астана қаласы мәслихатының компьютерлік және шеткері жабдығына қызмет көрсету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жеткізушілермен ұсынылған конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу
ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсын сүйемелдеу бойынша және Астана қаласы мәслихатының компьютерлік және шеткері жабдығына қызмет көрсету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру
Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсын сүйемелдеу бойынша және Астана қаласы мәслихатының компьютерлік және шеткері жабдығына қызмет көрсету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың қорытындысы туралы ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсын сүйемелдеу бойынша және Астана қаласы мәслихатының компьютерлік және шеткері жабдығына қызмет көрсету бойынша қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы