Мәслихат аппаратының бастығы

Ахметжанова Бақыт Амангелдіқызы, 1972 жылы туған, білімі жоғары, С.Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық институтын тарих және неміс тілі мұғалімі, ҚазТұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтады. Жастар ісі, туризм және спорт комитетінің төрайымы, Ақмола облысы Атбасар қаласы Атбасар аудандық әкім аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін: Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Қазақстан халқы шағын ассамблеясы хатшылығының атқарушы органының әлеуметтік – саяси бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық және қаржылық – шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік коореспонденция секторының жетекші маманы, ұйымдастыру – бақылау бөлімінің қызметтік коореспонденцияның өтуі мәселелері жөніндегі бас маманы, кеңсе меңгерушісі, кеңсе басшысы.

Лауазымдық міндеттері: қалалық мәслихаттың, тұрақты комиссиялар мен аппарат қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар кешенін басқару. Қалалық мәслихат аппаратын басқару. Қалалық мәслихат регламентің орындауды бақылау, сессияларды, тұрақты комиссиялардың мәжілістерін, жиналыстарды, семинарларды және қалалық мәслихаттың басқа шараларын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, Аппарат туралы Қағиданың және оның жұмыс регламентінің орындалуын бақылау.   Қалалық мәслихаттың және оның аппаратының перспективтік және ағымды жоспарларын дайындау, қалалық мәслихат қызметі мәселелері бойынша басқарушылық және нормативтік сипаттағы құжаттардың орындалуын шапшаң бақылау, тұрақты комиссияларға, аппарат қызметкерлеріне практикалық көмек беру және ұйымдық-бұқаралық жұмыстар түрлерін жетілдіру.  Нормативтік-құқықтық актілердің, мәслихат шешімдерінің және басқа басқарушы құжаттардың орындалуын бақылау.

Қалалық мәслихаттың сессияларын, тұрақты комиссиялардың мәжілістерін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық шараларды дайындауды және жүзеге асыруды басқару, сессия материалдарын (анықтамаларды, жобаларды, баяндамаларды, қосымша баяндамаларды, шешімдерді) дайындау. Нормативтік-құқықтық актілерді қолданыстағы заңға сәйкес тіркеу,  сессия шешімдерін дайындап тіркеу, хаттамаларын жазуды қамтамасыз ету. Сайлау  округтеріндегі қызметтерін ұйымдастыру үшін депутаттарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды басқару, олардың сайлаушылар алдында дер кезінде есеп берулерін және оларды қалалық мәслихаттың қызметі жөніндегі мәлімет материалдарымен қамтамасыз ету, депутаттарға көмек ретінде квартал сайын шығатын ақпараттық бюллетенді шығаруды ұйымдастыру. Қалалық мәслихат сессияларында айтылған депутаттардың ұсыныстары мен сын ескертулерін орындау жұмыстарын ұйымдастыру. Азаматтардың шағымдары мен арыздарын қарауды бақылау. Депутаттар оқуын, аппарат қызметкерлерінің семинарларын, мәжілістерін дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету. 

Депутаттардың халық алдында есеп беруін ұйымдастыру. Аппаратта, тұрақты комиссияларда іс қағаз жүргізу, құжаттарды есепке алып сақтау, оларды мемлекеттік сақтауға тапсыру жұмыстарына әдістемелік басқаруды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңдық актілері жөнінде анықтама- ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру. Мәслихат аппаратының кадрларын іріктеп алу және орналастыру.  Кадрлар және жеке құрам жөнінде іс қағаз жүргізу.  Анықталған бағаланған талаптарға сәйкес қызметшілерді конкурстық сұрыптаудан өткізуді ұйымдастыру, Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы Ережесін, мемлекеттік қызметпен байланысты шектеулерді сақтауды бақылау, Азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарау, оларға ақпараттық материалдар мен тұжырымдамаларды дайындау. Депутаттар  сайлауын дайындау және өткізу, сайлау комиссияларын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Қалалық мәслихат хатшысы қойған басқа өкілеттіктерді іске асыру.