Мәслихат аппаратының Ережесі

 Астана қалалық мәслихатының

2001 жылғы « 4 »мамыр

№ 95/18-II

шешімімен бекітілген

«Астана қалалық мәслихатының аппараты» 

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Астана қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «мәслихат аппараты») «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына сәйкес мәслихат пен оның органдарын құқықтық, материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз ету, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету үшін ұйымдастырылған.
2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме болып табылады, заңды тұлға құқықтарын иеленеді, өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте шоты бар.
Мәслихат аппараты, егер ол заңнамаға сәйкес өкілетті болса азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға да құқылы.

4. Мәслихат аппаратының құрылымы мен қызметккерлерінің штаттық саны «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қалалық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық мәслитаттың хатшысы мәслихат аппаратының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады.
5. Заңды мекен-жайы: 473000 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, С.Сейфуллин көшесі, 44.
6. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
7. Қысқартылған атауы – «Астана қалалық мәслихатының апппараты».
8. Мәслихат аппаратының құрылтайшысы мемлекеттік орган құру туралы шешім қабылдайтын қалалық мәслихат атынан мемлекет болып табылады.
Мәслихат аппаратының құрылтайшы құжаттары оны құру туралы заңнама актісі мен осы Ереже болып табылады.
9. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

2. Мәслихат аппаратының функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

10. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қалалық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпаратты-аналитикалық және материалды-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциясын жүзеге асырады.
11. Мәслихат аппараты мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) оның регламентіне сәйкес мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын жүргізуді дайындау және ұйымдастыру-техникалық жұмысын қамтамасыз етеді.
2) депутаттарды шешімдердің жобаларымен және сессияның және тұрақты комиссиялар отырысының қарауына енгізілген мәселелер бойынша басқа да материалдармен қамтамасыз етеді.
3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлейді, қалалық мәслихаттың қызметі туралы есептер даярлайды.
4) депутаттарға мәслихат шешімдерінің жобасын және тұрақты комиссиялардың қорытындыларын дайындауға жәрдемдеседі.
5) мәслихат депутатттарына өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттардың сауалдарының, ұсыныстары мен ескертулерінің дер кезінде қаралуына және жүзеге асырылуына бақылау жасайды.
6) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда айтылған ұсыныстары мен ескертулерін есепке алады және қорытады, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар әзірлейді және олардың орындалуына бақылау жасайды.
7) сессияның, тұрақты комиссиялар отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелердің алдын-ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар қорытындыларының сапалы дайындалуы мәселелерінде көмек көрсетеді.
8) сессия жұмысына және тұрақты комиссиялардың отырыстарына кеңесіп дауыс беру құқығымен қатысады.
9) қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес әділет органдарында нормативтік-құқықтық актілерді тіркеуге дайындайды.
10) қалалық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді.
11) қалалық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының таратылуын қамтамасыз етеді.
12) сессиялардың және мәслихаттың және оның органдарының басқа отырыстарының хаттамасын, стенограммаларын жүргізеді.
13) іс қағаздарын жүргізеді.
14) оған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және қалалық мәслихаттың шешімдерімен жүктелген басқа да функцияларды орындайды.
13. Мәслихат аппаратының құқықтары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қалалық мәслихаттың негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті құқықтар белгіленеді.

3. Мәслихат аппаратының мүлкі

14. Мәслихат аппаратының оперативтік басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған мемлекет берген мүлкінен құралады әрі негізгі және айналым қорларынан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның теңгерімінде көрсетілетін басқа мүліктен тұрады.
15. Мәслихат аппаратының мүлкі комммуналдық меншікке жатады.
16. Мәслихат аппараты оған бекітілген мүлікті иеліктен алуға немесе басқа да тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
17. Мәслихат аппаратына мүлікті заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру

18. Мәслихат аппараты мәслихат хатшысының тікелей басшылық етуімен жұмыс істейді.
19. Мәслихат хатшысы мәслихат аппаратының жұмысын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және қалалық мәслихаттың регламентіне сәйкес ұйымдастырады және басшылық етеді, мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты болады.
20. Осы мақсатта мәслихат хатшысы:
1) мәслихат аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен құзыретін белгілейді.
2) заңнамаға сәйкес мәслихат аппаратының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар белгілейді.
4) өкімдерге қол қояды.
5) мәслихат аппаратының шығындар сметасын қалыптастырады және атқарады.
6) мемлекеттік және басқа да ұйымдарда мәслихат аппаратының өкілі болады.
7) заңанамаға және нормативтік актілерге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату 

21. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.