Мәслихат хатшысы

Алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы 1961 жылы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сулышоқ ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары.  

1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығы бойынша бас экономисі қызметінен бастаған. 1982 жылдан 1984 жылға дейін Кеңес армиясы қатарындағы міндетін атқарды. 1984 жылдан 1998 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің тексеруші-бақылаушысы, Возвышенка аудандық Мемлекеттік салық инспекциясының бастығы және Ақмола қаласы Қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. 1998 жылдан 2016 жылға дейін «Астана қаласы Қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы және "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды.  

"Қаржы қызметінің үздігі" - 01.12.2011 ж. «Құрмет» ордені /2011/, «ІІ дәрежелі достық» ордені /2008/, «Астана» мерейтойлық медалі /2000/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі /2001/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі /2011/ мемлекеттік наградаларының иегері.

2016 жылдың 20 наурызында алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

«Нұр Отан» Партиясының мүшесі.