Мәслихаттың және оның органдарының қызметі туралы жалпы мәліметтер

Астана қаласының мәслихаты. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй. Тел: 8 (7172) 55 66 31. e-mail.maslihats@rambler.ru
________________________________________
Мемлекеттік мекеменің қызметі туралы жалпы мәлімет:

Астана қаласының мәслихаты жергілікті өкілеттік орган бола тұрып, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрекет жасай отыра, қала халқының ерік-қалауын білідіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отыра оның жүзеге асырылуына қажетті шараларды анықтайды, олардың орындалуын бақылайды. Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен бес жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады. Мәслихат заңды тұлға құқықтарына ие болмайды. Мәслихат өз қызмет бабының шегінде жоспарларды, Астананы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітеді, қалалық бюджетті бекітіп,оның атқарылуын бақылайды, жер және әкімшілік-аймақтық орналастыру мәселелерін реттеуді іске асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының нормаларын, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына әрекет жасасады. Мәслихат өз өкілдігін қалалық мәслихаттың, сессия төрағасының және мәслихат хатшысының, қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты комиссиялары арқылы сессияларда іске асырады. 

Сессия – мәслихат қызметінің негізгі түрі. Сессия заңға сәйкес жылына төрт реттен кем өткізілмеуі тиіс. Алайда қажет болған жағдайда депутаттардың немесе қала әкімінің бастамасымен шақырылатын мәслихаттың кезектен тыс сессияларының өткізілуі заңмен қарастырылады. Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған: 

- бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөнінде; 

- заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөнінде; 

- құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде 

- әлеуметтік– мәдени даму мәселелері жөнінде. 

Маңызды және қоғамдық мәнді мәселелерді талқылау мақсатында тұрақты комиссияларға депутаттардың, атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен көпшілік тыңдаулар өткізіледі. Сонымен қатар комиссия мәслихат шешімінің, қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды іске асырады. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және өз қызметі жөнінде жылына бір реттен кем есеп бермеуі тиіс. Депутаттардың тұрғылықты жер халқымен жұмыс істеуіне негізгі көңіл бөлінеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары императивті мандатқа ие және өз аумағының сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап тұруға, оларды мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімінің орындалуы жөнінде әрдайым хабардар етуге міндетті. Депутаттар тұрғылықты жер сайлаушыларын қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп отырады, өздеріне түскен үндеулерді қарастырады. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу тәртібі, сұрақтар енгізу және оларды қарастыру, мәслихат органдарын сайлау және құру және басқа да ұйымдастырушылық рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат регламентімен анықталады.