Энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы жөніндегі шаралар туралы

Тұрақты комиссияның

2016 жылғы 14 шілдедегі

қаулысы  

Энергетика саласындағы инвестициялық

жобаларды іске асыруға бөлінген

бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы

жөніндегі шаралар туралы

Энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы жөніндегі шаралар туралы ақпаратты тыңдап және талқылап, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы Энергетика басқармасы елорданың жылуэнергетикалық қауіпсіздігін дамытуға және арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша нақты жұмыс өткізетінін айтып өтті.

Ағымдағы жылы «Жылуэнергетикалық жүйені дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша Энергетика басқармасына республикалық бюджеттің нақтылануын ескере отырып, 23 526,4 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылды. «ЖЭО-1 қайта жаңарту» жобасын іске асыру шеңберінде және станцияның ескірген құрал-жабдығын қайта жаңарту жолымен жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттыру үшін № 3, 5, 7 қазандық агрегаттарын, № 2 турбоагрегатын ауыстыру, қосалқы объектілерді салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды.

Жылу қуаттылығының тапшылығын жою үшін және жылу және электр энергиясындағы қаланың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «ЖЭО-2 қайта жаңарту және кеңейту» жобасы іске асырылуда, бұнда қуаттылығы 240 МВт 2 турбоагрегатын, 2 энергетикалық және 2 су жылытатын қазандықтар орнату, ЖЭО-2 әрекеттегі құрал-жабдықтарын қайта жаңарту қарастырылды.

«Астана қаласында ЖЭО-3 салу» жобасын іске асыру шеңберінде 5 387,2 млн. теңге бөлінді, барлық қосалқы объектілері мен көлік-инженерлік инфрақұрылымы бар қуаттылығы 480 Гкал су жылытатын қазандық салу көзделеді.

«Жылумен және сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін қайта жаңартуға және салуға несие беру» жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттің есебімен 20 000,0 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Қолданыстағы магистральдық жылу желілерінің тозуын төмендету, бар және перспективалы аудандарды сенімді жылумен қамту, жерүсті жылу магистральдарын жерасты энергетиканы басқару жолымен елорданың сәулеттік бейінін жақсарту үшін «Қолданыстағы магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту» жобасы іске асырылуда.

Тұтынушыларға жылу энергиясын үздіксіз және сапалы жеткізу үшін, қолданыстағы кіші станциялардың қуаттылығын және ұяшықтардың санын ұлғайту үшін «Астана қаласында 10/0,4 кВ Рп, ТП, КТП қайта жаңарту» жобасы шеңберінде жыл сайын таратушы және трансформаторлық кіші станциялардың құрал-жабдығын ағымдағы және күрделі жөндеу өткізіледі. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен «Шығыс өнеркәсіп ауданы» кіші станциясының, ұзақтығы 3,4 км магистральдық жылу трассасының құрылысы өткізілді, 70 кВ 7 таратушы бекеттер, 7,5 кабельдік арна, 19,1 км жол, 23,4 км су құбыры, 22,4 км тұрмыстық және 33,5 км нөсер арнасы салынды.

«Жаңа жол», «Самал», «Әуежайт-Жаңа» 2 кезегі, «Тұран», «Бәйтерек» трансформаторлық кіші станцияларды, 4 және 5 енгізілім жылу магистральдық желілерді қайта жаңарту және салу жұмыстары жүргізілді.

КЛ-110 кВ «Әуежай-Жаңажол», «Олимп-Жаңажол», «Әуежай-Сол жағалау» және «Олимп-Сол жағалау» салынуда.

«Астана қаласында жаңа коммуналдық базарды электрмен қамту» жобасының шеңберінде «Керамика» кіші станциясында 1 секция бойынша трансформаторларды ауыстыру, ОРУ-110 кВ құрал-жабдығын – айырғыштарды, кернеу трансформаторларын, разрядниктерді ауыстыру, жерге тигізу контурын қайта құру, найзағайдан қорғау құралын, релелік қорғау және автоматика құралын монтаждау, таратушы кіші станцияларды орнатумен коммуналдық базарға дейін кабельдік арнасын және КЛ-10 кВ салу жүзеге асырылды.

Энергетика басқармасы қала аудандары әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп иесі жоқ жылу және электр желілік объектілерді анықтау бойынша іс-шаралар өткізеді. Осындай объектілерді коммуналдық меншікке және пайдаланушы ұйымдардың балансына беру мақсатында оларды әділет органдарына есепке қою және тіркеу үшін тізім коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына жіберіледі. Трасформаторлық кіші станцияларды және темір жолынан электр таратушы желілерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Энергетика басқармасы «Астана - Жылутранзиті» АҚ  бірлесіп тұрақты түрде халықпен, пәтер иелері кооперативтерімен жылумен қамтуды есепке алу жүйелерін орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысын өткізуде.

Қаланың жылуэнергетикалық кешенінің кәсіпорындарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 2016 жылы «Электрмен қамту», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы қаланы жылумен қамтуды дамыту және жақсарту бойынша қабылданған шараларға қарамастан, жылу және электр желілерінің тозуы көкейтесті болып қалғанын айтып өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша үлкен сомалар бір қолға беріледі, бұл ақшаның қайтарылмауына әкеліп соғуы мүмкін.

Иесіз жылу және электр желілерін қаланың коммуналдық меншігіне және пайдаланушы ұйымдарға беру мәселелері баяу шешіліп жатыр.

Егжей-тегжей жоспарлау және елорда аумағында құрылыс салу жоспарларының бекітілген жобалары тұрақты түзетілетіндіктен жекелеген инвестициялық жобалардың іске асырылу мерзімі ауыстырылуда.

Жоғарыда жазылғанның негізінде, қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. «Энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы жөніндегі шаралар туралы» ақпарат назарға алынсын.

2. Энергетика басқармасына, қаланың мүдделі мемлекеттік мекемелері және жылуэнергетикалық кәсіпорындары қаланы жылумен қамтудың сенімділігін арттыру, елорданың жылу энергиясындағы өсіп жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін белгіленген мерзімде энергетика саласында инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға мүмкіндік тудыратын іс-шараларды енгізу бойынша жұмысты жандандырсын.

3. Энергетика басқармасына, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына мүдделі мемлекеттік органдармен, қаланың жылуэнергетикалық кешендерімен бірлесіп бюджет қаражатын тиімді жоспарлауды және пайдалануды қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде инвестициялық жобалардың іске асырылуына талдау және мониторинг өткізіп отырсын, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің дамытудағы басымдықтарды айқындауы үшін шара қабылдау, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді бекіту ұсынылсын.

Желілердің тозуын төмендету мақсатында тұтынушылардың өсіп жатқан жүктемелерін ескерумен, жылумен, электрмен қамтудың жаңа желілерін жобалау және салу бойынша іс-шараларды жалғастырсын.

4. Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу, энергетика басқармасы елордада коммуналдық мүлікті құру және есепке алу және оларды әрі қарай ұстау мақсатында, объектілерді пайдалануға беру мерзіміне және атқарылған жұмыстың сапасына ерекше назар аудара отырып, инженерлік-коммуникациялық желілерді, иесіз объектілерді пайдаланушы ұйымдарға уақтылы беру бойынша қосымша шаралар қабылдау ұсынылсын.

Тұрақты комиссия

төрағасының орынбасары                                                                 З. Шибкенов