Новости

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

16.08.19 Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласындағы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы бұл жолы "Кәсіпкерлік секторды дамыту мен қолдау, Нұр-Сұлтан қаласындағы шағын және орта кәсіпкерліктегі әкімшілік кедергілерді жою туралы" сұрақты талқыға салу форматында өтті.

Кәсіпкерлік мәселелері мәслихат депутаттарының бақылауында

16.08.19 Елорда мәслихатының хатшысы Жанат Нурпиисов апта сайын өтетін азаматтарды кезекті қабылдауында жеке кәсіпкер Кайрат Мендыгалиевті қабылдады. Мендыгалиев жүгінген мәселе-боулинг кешендері үшін тіркелген салық ставкасының төмендеуі. 

Елордалық мәслихатта тұрақты комиссиялардың көпшілік тыңдаулары өтті

07.08.19 2019 жылдың 7 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелері, өткізілетін көпшілік тыңдауларында Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Әшірбекұлы Кишкашбаевтың баяндамасын тыңдады.

Мәслихат хатшысы "Южный" және "Рассвет" гараж кооперативтерінің иелерімен қайта кездесті

02.08.19 Ағымдағы жылдың 1 тамызында мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нұрпейісов азаматтардың жеке қабылдауында "Южный", "Рассвет" гараж кооперативтері иелерінің және "Комплект Фонд-2011" ЖШС өкілдерінің бастамашыл тобын қабылдады.

Астана мәслихатында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй нысандарын жобалаудың сапасы талқыланды

31.07.19 31 шілде күні Жүнісов Сәрсембектің төрағалығымен өткен тұрақты комиссия отырысының астаналық мәслихатында құрылыс, экология, транспорт, сауда-саттық және тұрғын үй коммуналдық шаруашалық мәселелері сөз етілді.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.

18.07.19 Мәслиxаттың заң, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының кезекті отырысында полиция және астананың білім басқармасы тарапынан кәмелеттік жасқа толмағандар арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.

Мемлекеттік қызметкердің салтанатты ант қабылдауы

11.07.19 2019 жылдың 11 шілдесінде астана мәслихатында мемлекеттік қызметкер Халелова Эльмира Егизековнаның ант беру рәсімі өтті. Салтанатты антты «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ жетекшісі Б.А.Ахметжанова қабылдады.

Мәслихат депутаттары мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңызды әлеуметтік жобасы «Паралимпиадалық жаттығу орталығы мен мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға арналған «Тарлан» мұз айдыны қызметін ұйымдастыру» жайын талқылады

11.07.19 Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында «Паралимпиадалық жаттығу орталығының»  және «Тарлан» мұз айдынының қызметінің тиімділігі талқыланды.

Елордада Құрметті азаматтар саны көбейді

05.07.19 Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С.Көлгіновтың ұсынысы бойынша мәслихаттың 53 сессиясында Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласының дамуы мен өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, белсенді Мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қосқан үлесі үшін Жанбыршы Есетұлы Нұркенов пен Надежда Михайловна Петуховаға "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылданд

Астаналық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

02.07.19 Кезектен тыс сессияның жұмысы барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімі лауазымына кандидат Берік Оралұлы Жәкеновты таныстырды.

Туризм дамуының тақырыбы мәслихат сессиясында талқыланды

27.06.19 Мәслихаттың кезекті сессиясы максималды жүктелу режимінде өтті. Сонымен, сессияда 17 мәселе қаралды, оның негізгісі "Нұр-Сұлтан қаласындағы туристік қызмет және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы" мәселе бойынша депутаттар Астана қаласы әкімінің орынбасары Бектұрова Малика Ерланқызы баяндама жасады.

24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласында болған қайғылы оқиға

27.06.19 Қала тұрғындарының ауыр жағдайы мен азабы бірде-бір қазақстандықты бей-жай қалдырмады. Астаналық мәслихаттың депутаттары да шет қалмады, олар қайғылы оқиғаның бірінші күнінен бастап барлық қазақстандықтармен бірге алаңдаушылық танытты.  Елордалық мәслихат депутаттары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударды.

Депутаттық корпустың астана әкімімен кездесуі

25.06.19 25 маусымда, астаналық мәслихат депутаттарының, жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын бірлесіп анықтау мақсатындағы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуі өтті.

Мәслихаттың кезекті сессиясын дайындау шеңберінде

14.06.19 «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру барысы туралы» мәселелер қарастырылатын «Нұр-Сұлтан» қалалық мәслихатының кезекті сессиясын дайындау аясында мәслихат депутаттары астана қонақтарын елдің бас қаласымен таныстыру үшін Туристік агенттіктер өткізетін шолу экскурсияларының маршруты бой

Қалалық мәслихатта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен кезектен тыс сессия өтті

13.06.19 Мәслихат депутаттары өз өкілеттігі шеңберінде, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі лауазымына Көлгінов Алтай Сейдірұлының кандидатурасын тағайындауға келісім берді.

Тұрақты комиссияның отырысы өтті

06.06.19 Алғаш рет мәслихаттың тұрақты комиссиясының алдында қалалық қалпына келтіру Басқармасының бастығы Бұғыбаев Аржан Мелсұлы бюджет, экономика, өндіріс және өнеркәсіп мәселелері бойынша есеп берді.

Бейбіт уақытта да ерлікке орын бар

05.06.19 Бүгін біз өткен соғыстардың қаһармандары туралы көбірек айтамыз, батыл іс-әрекеттерді адамдар тек қаһарлы соғыс уақытында жасайды деп есептейміз. Бірақ жақында №1 автобус паркінің жиырма үш жасар жүргізушісі Әлібек Бақдәулеттің батырлық әрекеті бейбіт уақытта да ерліктің орны бар екенін және біздің арамызда жанқиярлық адамдар тұратынын көрсетті.

Қалалық мәслихат депутаттары 2018 жылғы астана бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекітті

30.05.19 Кезектен тыс сессия аясында қалалық мәслихат депутаттары Қалалық қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев ұсынған 2018 жылғы  Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің орындалуы туралы есепті бекітті. 2018 жылдың бюджеттік саясаты қаланы дамыту бағдарламасы мен бюджеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған.

2018 жылғы астана бюджетінің атқарылуы туралы есепті мәслихаттың тұрақты комиссияларында талқылау аяқталды

17.05.19 Мирас Шекеновтің төрағалығымен тұрақты комиссияның кезекті бірлескен отырысы өтті, онда депутаттар 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік саладағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде бюджетті ңатқарылуы туралые септі тыңдады.

Мәслихаттың тұрақты комиссиясында 2018 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті талқылау басталды

16.05.19 Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында 2018 жылғы қалалық бюджеттің пайдаға асырылуы талқыланды. Экология, құрылыс, сауда және тұрғын үй-коммуналдық қатынастары саласындағы жобалардың қаржылық мәселелері жайлы басқарма басшылары мен ревизиялық комиссия төрағасы баяндады.