1 қыркүйек – Дүниежүзілік білім күні

Дүниежүзілік білім күні – бірінші қыркүйек күнін тарих дәл осылай белгіледі, өйткені мектеп қана балаларды өткенде, ересектерді болашақта біріктіретін қоғамдық институттардың негізгілерінің бірі ретінде осы күні ғаламшар ел-жұртының түгелдейін біріктіреді.

Білім күні – мектеп табалдырығын алғаш аттап отырғандар үшін ең көптен күткен күн. 1 қыркүйек күні мектептерде, дәстүрге сай, салтанатты шеру өтеді. Бұл барлығына да – жас ұрпаққа, олардың ата-аналарына да – ерекше күн, себебі мектеп және студенттік шақта иеленген білімнен маңыздырақ не болуы мүмкін!!!

Жаңа оқу жылына дайындық кезін жетелеп жүретін толқу да бәріне таныс. Солай болуы заңды да! Алда жаңа оқу жылы, жаңа білім, жаңа әсерлер және жаңа тәжірибе. Мектеп бізге әркімнің болашағында маңызды орын алатын білім береді, адамгершілікке баулиды. Мектеп ұйымының маңыздылығын асыра мадақтау қиын – ол әрбіреуіміздің мінез-құлқымызды қалыптастырады, ұстаздардың ықпалы арқасында баланың дарыны мен қабілеттілігі ашылады. Мектепте алғаш достық пен естеліктері өмір бойы жадыда сақталатын фантастикалық сезім – алғашқы махаббат бастан өтеді. Бірақ сол уақытта, мектеп жылдары – ауыр да, жауапты уақыт. Ұлы Абай атамыз айтқандай, «Білімге, ғылымға ұмтыл. Анасы  туған баласын сүйгендей, ғылымды сүю керек. Сонда ғылым да саған да солай жауап қайтарады. Адам болу үшін, халқыңа пайдаң тию үшін оқыңдар. Білім – талан-таражға салынбайтын байлық».

Кейбір отбасылар баланы мектепке жинағанда қиындыққа тап болатынын түсіне отырып, бала мерекеге жайдары көңіл-күймен, шаттықпен барсын деген оймен, «Мектепке жол» жобасының аясында маслихат депутаты Манжанова Иринаның атынан жыл сайын жетім балалар, көп балалы, аз қамтылған отбасыдағы балаларға материалды көмек көрсетіледі.

Жаңа оқу жылына «Астана қ. №55 орта мектебі» ММ оқушыларына кеңсе тауарлары мен сөмкелер, «№33 бастауыш мектеп - балабақша» ММ Комплексінің оқушыларына – мектеп киімі, аяқ киім және тағы да басқа қажет тауарлар.

Оқу процессінің материалды-техникалық жабдықтарының жақсаруы үшін депутат Астана қ. №55 мектебіне проектор мен интерактивті тақтаны сыйға тартты.