1945 жылдың ұмытылмас 9 мамыр күні адамзат тарихына мәңгі енді

Әрқайсымыз үшін бұл мереке біздің батырларымыздың азаттық жолындағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің символына айналған. Жеңіс сарбаздары еліміздің тағдырын шешті, барлық адамзат үшін лайықты өмір сүру құқығын сыйлады. Бұл күні Қазақстан да кіретін ТМД елдерінің барлық қалаларында кеңес солдаттары мен тылдағылардың ерліктерін есіне алып, соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды.

Халық үшін ұлы күн Жеңіс күні қарсаңында мәслихаттың депутаты Ирина Манжанова соғыс ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтап, зор денсаулық, амандық тіледі, ашық аспанымыз үшін, олардың батырлығы, ерлігі мен қаһармандығы үшін алғыс айтты. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін «Зерде» алғашқы ардагерлік ұйымында мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар берілді.

Бұдан басқа, депутат жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының 6636 әскери бөлімінде Отан Қорғаушылар күнін және Жеңіс күнін мерекелеуге қатысады, осы жылы бұл іс-шараны 2018 жылдың 5 мамырында өткізу жоспарланады. Екінші жыл қатар депутаттың қаражаты есебінен мерекенің қонақтарына жауынгер ботқасы ұйымдастырылады, ал әскери бөлім үшін ноутбук және басқа да естелік сыйлықтар сатып алынды.