2010 жылдың 16 қыркүйегінде Н.И. Мещеряковтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісінде «Ішкі істер департаменті жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі мектеп инспекторларының жұмысы туралы» мәселесі қаралды.

Депутаттар Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Б.Х. Бейсеевтің және Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ә.Т. Бимендинаның ақпаратын тыңдады.

Талқылау барысында жасөспірімдердің қылмыстылық жай-күйі қоғамда алаңдаушылықты туындатқандығы атап өтілді. Жыл басынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеуден және оқытудан жалтарғаны үшін  әкімшілік кодекстің 111-бабы бойынша 176 ата-ана жазаға тартылды, оның ішінде 13 ата-ана ата-аналар құқығынан айырылды. Кәмелетке толмағандар үшін бұқаралық-мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылмауы жасөспірімдердің құқық бұзушылықтар жасауы үшін маңызы аз емес фактор болып табылады.

Тұрақты комиссия Астана қаласының Ішкі істер департаменті мен  Астана қаласының Білім басқармасына жасөспірімдер қылмыстылығы оперативтік жағдайын тұрақтандыру, әлеуметтік нашар отбасылармен алдын-ала жұмыс жүргізу тиімділігін арттыру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыздығын төмендету, қиын өмір жағдайына тап болған балаларға психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету  үшін шаралар қабылдау ұсынылды.