2010 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласы мәслихатының депутаттарынан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған жұмыс тобы Тұрғын үй құрылысының 2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы...

«Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қамтамасыз етудің жай-күйі мен шаралары туралы» мәселесі қаралатын Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясына дайындық мақсатында, 2010 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласы мәслихатының депутаттарынан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған жұмыс тобы Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан тұрғын үй кешендері мен сол жағалаудағы № 5 қала құрылысы кешеніне барып қайтты. 

Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан 2010 жылға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша объектілерге барған кезде, жұмыс тобы бірқатар тұрғын үй кешендерінің мемлекеттік комиссиясының бекітілген актісі  бар  екенін атап өтті. ««Корпорация Астанастройинвест» ЖШС мердігер ұйымымен № 14, 15, 16, 17 лоттарында әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Астана қаласының Құрылыс басқармасы және мердігер ұйымдардың басшылары жұмыс тобына тапсыруға дайын пәтерлерді көрсетті, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы хабардар етті. 

640 пәтер тапсырылуы күтіліп отырған № 5 қала құрылысы кешеніне барған кезде, Құрылыс басқармасы жұмыс тобына аталған объектілердің құрылысы бойынша графиктен 6 айға кешіктірілгенін, сонымен қатар тұрғын үй кешеніне магистраль желілері жүргізілгенін және қазіргі уақытта терезе блоктарын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Астана қаласы Құрылыс басқармасының өкілдері осы құрылыс объектілерінің ағымдағы жылдың соңына дейін тапсырылады деп депутаттарды сендірді. 

Жұмыс тобының аралап шығу бойынша белгіленген ескертулер мен ұсыныстар тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісінде және қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.