2010 жылдың 27 қыркүйегінде А.К. Байгенжиннің төрағалық етуімен Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Мынадай мәселелер қаралды:

1. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және мектепте тамақтандыру индустриясын дамыту жөніндегі шаралары туралы

2. Қалалық  мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияcының 2010 жылғы 2 наурыздағы «Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына мереке және атаулы даталарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының орындалу барысы туралы 

Астана қаласы Білім басқармасының «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және мектепте тамақтандыру индустриясын дамыту шаралары туралы» ақпараты тыңдалды, тұрақты комиссиямен қалалық атқарушы органдардың Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін мектепте тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша ұтымды шараларды қабылдайтындығы атап өтілді.

2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қалалық бюджеттен 440 млн. теңге бөлінді, сөйтіп бастауыш сыныптардың оқушылары 100 % тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Білім басқармасының «2010-2011 оқу жылына арналған Астана қаласы білім беру мекемелерінде мектепалды және бастауыш сыныпта оқитындар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» бұйрығы шығарылды. Қаланың 65 жалпы білім беретін мектебінде ыстық тамақпен барлығы 41442 бала қамтылды. Тегін ыстық тамақпен 32045 бала қамтамасыз етілсе, оның ішінде, 953 аз қамтамасыз етілген отбасының балалары (100%) болып табылады. Бір баланы тегін тамақтандыру құны 2010 жылғы қаңтар айынан бастап 197 теңгені құрайды. Сонымен қатар, 66 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.

Оқушыларға толық тамақтандыруды ұсыну үшін жағдайларды жасау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жаңа оқу жылында 44 оқу орнының асханаларына жабдықтар және арнайы жиһаздар сатып алынды, 17 орта мектепте асханалардың жөндеуі жүргізілді, оның ішінде 6-ында тамақтанатын залдың алаңдары кеңейтілді. Қосымша жиһазды сатып алу есебінен қалалық мектептердің бірқатар асханаларында отыратын орын саны ұлғайтылды.

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуына бақылау жүзеге асырылады. Мектептің ас әзірлейтін бөліктері санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің ережелері мен нормаларына сәйкес жарақтандырылған. Ас әзірлейтін бөлікке түсетін ас өнімдері «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттары қоса жүреді.

Астана қаласы бойынша ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізілді, оның нәтижелерінен білім беру мекемелерінде ыстық тамақпен тамақтандыруды қамту көрсеткішінің жақсарғандығын көруге болады.

Мектепте тамақтандыру индустриясын қалыптастыру және дамыту мақсатында, мектеп асханаларын жаңарту бойынша шаралар қабылдануда. Жылдан-жылға типтік асханалар мен жұмыс орындарын цехтық бөлумен асхана буфеттерінің саны көбейіп келеді, шикізат өңделеді, дүмбіл өнімдер өндіріледі, тағамды типтік өңдеу жүргізіледі, түскі ас таратуға дайындалады және шығарылады.

Ас үлесін жақсарту үшін түрлі тағамдар жасалады, биологиялық құнды заттарға балалардың физиологиялық қажеттіліктерін ескере отырып, екі апталық ас мәзірі жасалады, бұл тағамның қажетті химиялық құрамы мен нәрлілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес келеді.

Елордалық білім беру мекемелерінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жеке кәсіпкерлермен және ЖШС басшыларымен тиісті жұмыс жүргізіледі.

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мектеп білім беру мекемелерінде балаларды толық тамақтандырумен қамтамасыз ету индустриясын қалыптастыру үшін әлеуметтік тамақтандыру комбинаттарын салу қажеттілігін атап өтіп, қалалық атқарушы органдарға мектепте тамақтандырудың отандық индустриясын қалыптастыру және дамыту бойынша мәселені шешу жолдары мен өлшемдерін анықтау керектігін ұсынды.

Екінші мәселе бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияcының 2010 жылғы 2 наурыздағы «Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына мереке және атаулы даталарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының орындалу барысы туралы» ақпараты тыңдалды. Тұрақты комиссия бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерінің жиынтығын тарату түрінде әлеуметтік көмек көрсету өзінің маңыздылығын жоғалтқандығын атап өтті. Аудандық әкімдіктердің көптеген өтініштерін ескере отырып, Астана қаласы мәслихаты әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2010 жылғы 2 наурыздағы қаулысы негізінде, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы азық-түлік өнімдері жинықтығын беруді және мерекелік асты ұйымдастыруды мерекелік даталарға 3000 теңгеге тіркелген көлемде ақшалай төлемдермен ауыстыруды ұсынады. Қалалық атқарушы органдарға  аталған мәселені қалалық мәслихаттың сессиясына қарауға енгізу ұсынылды.