2012 жылдың 17 қыркүйегінде Астана қаласы мәслихатының депутаттарын құқықтық оқыту өтті

Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде, 2012 жылдың 17 қыркүйегінде Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есіловтің төрағалық етуімен «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың тұрғын үй заңнамасына сәйкес өкілеттері» тақырыбына депутаттарды құқықтық оқыту өтті.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттерін Астана қаласы бойынша әділет департаменті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы Жанат Қазболдинов түсіндірді.

Тұрғын үй заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметтерін жүзеге асыру қызметі туралы Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының бастығы Серік Оспанов ақпарат жасады.

Құқықтық оқыту барысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтарды есепке қою және тұрғын үй беру есебінен шығару және тұрғын үй беруге қатысты мәселелер талқыланды. Қалалық мәслихаттың депутаттары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді өткізу мәселелеріне жауап алды.