2019 жылғы 24 сәуірде Ақылбек Күрішбаевтің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті

Сессияның күн тәртібі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің лауазымына тағайындауға келісу мәселесі қарастырылды.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов "Байқоңыр" ауданы әкімінің  лауазымына Асқар Есіловтің кандидатурасын ұсынып  депутаттардың  қолдауын сұрады. Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бір ауыздан қолдады.

Асқар Сансызбайұлы Есілов 1979 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Орал мемлекеттік заң академиясын және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты. Астана қаласы және ҚР Бас прокуратурасы жүйесінде,  "Бейбітшілік 2002" ЖШС директоры қызметінде, "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ департаменттерінің директоры және директор орынбасары болып қызметтер атқарған. 2016 жылдан бері Алматы ауданы әкімінің орынбасары болды.