24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласында болған қайғылы оқиға

Қала тұрғындарының ауыр жағдайы мен азабы бірде-бір қазақстандықты бей-жай қалдырмады. Астаналық мәслихаттың депутаттары да шет қалмады, олар қайғылы оқиғаның бірінші күнінен бастап барлық қазақстандықтармен бірге алаңдаушылық танытты.  Елордалық мәслихат депутаттары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударды. Мәслихат депутаты Қайырлы Таукен қаланың сауда кәсіпорындары қауымдастығының кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, азық-түлікпен, зардап шегушілерге арналған киіммен гуманитарлық көмек көрсетті. Депутат Қарақат Абден, Нұр Отан партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау Кеңесінің мүшесі ретінде қайғылы оқиға орнына шықты.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, зардап шеккендерге тез арада сауығып кетуін тілеп, барлық қазақстандықтарды қаладағы өмірді қалпына келтіру үшін күш-жігерді біріктіруге және зардап шеккендерге қалыпты өмірге оралуға көмек көрсетуге шақырады.