Новости

Астаналық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері отырыста құқық қорғау органдарының жол жүру қауіпсіздігінің профилактикасы бойынша қызметін және қаланың басқа да өзекті мәселелерін

21.06.16 Халық қалаулылары сондай-ақ Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың жол жүру қауіпсіздігінің профилактикасы мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады.  

Сансызбай Есиловтың төрағалық етуімен Астана Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

14.06.16 Отырыс барысында кеңес мүшелері қалалық мәслихат пен қала әкімінің мұқтаж жандардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, мұрағат құжаттамасына, Астана қаласы аумағында жануарларды ұстау ережелеріне, дін қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығына қатысты шешімдерін талқыға салды.

Қалалық мәслихат депутаттары астаналық ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлімшелеріне барып, тәртіп сақшылары жұмысының ерекшеліктерімен танысты.

10.06.16 Бірінші кезекте депутаттар  «Есіл» ауданының ішкі істер басқармасының учаскелік пункттерінің біріне жол тартты. Мұнда ұсталғандарды, тәртіп бұзушыларды, нашақорларды және басқа да есепті тұрған тұлғаларды алып келеді – олардың әр қайсысына тағайындалған уақыт болады және олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Астаналық мәслихат депутаттары «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың объектілеріне баруды аяқтады.

08.06.16 Астаналық кәсіпорындарға барудың екінші күнінде депутаттар үш объектіде болды. Олардың біріншісі – бронды дөңгелекті машиналарды құрастыру бойынша зауыт  «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС. Объект өткен жылдың аяғында қорғаныс машина жасау саласындағы «Казахстан инжиниринг» ұлттық холдингімен  «Paramaunt Group» оңтүстік африкалық компаниямен бірлесіп ашылды және пайдалануға берілді.  

Астаналық мәслихат депутаттары Астананың Индустриалдық саябағында орналасқан өндірістік объектілердің бірқатарына барып қайтты, және олардың жұмысымен танысты.

07.06.16 Астанадағы индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрақты қарастыру жоспарланған Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде, халық қалаулылары «Астана – жаңа қала» арнайы эконимикалық аймағы аумағында әрекет ететін машина жасау, жеңіл және әскери өнеркәсіптің отандық өнімдерінің өндіріс технологиясымен танысты.

Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында 2016-2018 жылдардағы қалалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар

03.06.16 Астана қаласының 2016-2018 жылдардағы бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы астаналық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумаев баяндап берді.

Астаналық мәслихаттың VI шақырылымының 4 кезектен тыс сессиясы өтті

27.05.16 Күн тәртібіне шамамен 10 мәселе қойылған, оны депутаттар бірауыздан мақұлдаған.  Астананың 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасының қорытындысы туралы отырыс барысында астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин айтып берді.  Бағдарлама бес негізгі стратегиялық бағыттан құралды: экономиканы, әлеуметтік саланы, инфрақұрылым кешенін, экологияны және мемлекеттік басқаруды дамыту. Баяндамашының сөзіне сәйкес оны жүзеге асыру Астана қаласына  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша аймақтар арасында көшбасшы орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Астаналық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

20.05.16 Тұрақты комиссияның қарастыруына екі мәселе ұсынылды. Астананың 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі туралы депутаттарға астананың экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумаев айтып берді.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында 2015 жылғы астана бюджетінің игерілуі туралы есепті талқылау басталды

20.05.16 Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы барысында Астананың 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы тыңдалды және талқыға салынды.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша отырысы өтті

16.05.16 Комиссия мүшелерінің қарастыруына 2 мәселе ұсынылды. Астаналық жастар саясаты басқармасының басшысының м.а. Ербол Рыспаев жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және оларды астананың қоғамдық өміріне араластыру  бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Астана қалалық мәслихатының хатшысы Жанат Нурпиисов соғыс ардагерлерін келе жатқан Ұлы жеңіс күнімен құттықтады.

09.05.16 Мәслихат хатшысы 1942 жылы соғысқа аттанған Рауза Ширвановаға құттықтап барды. Соғыс жылдарында ол радист және телеграфист болып қызмет еткен. 1945 жылы Рауза Ахметовна сержант дәрежесінде әскерден босатылған және 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, И.В.Сталин атындағы алғыс хатпен марапатталған.

Сансызбай Есіловтың төрағалық етуімен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті

09.05.16 Кеңес мүшелерінің қарастыруына Астана қаласы әкімдігінің нормативті-құқықтық актілерінің 4 жобасы ұсынылған.

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысында астананың экологиялық жағдайын және мемлекеттік органдар жүргізіп отырған табиғат қорғау шаралары талқыланды

02.05.16 Мәслихаттың  «Қаладағы экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша атқарушы органдардың қызметі туралы» мәселе бойынша мәслихат сессиясының нұсқауларын орындау барысы туралы баяндаманы депутаттар алдында астананың табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Сакен Исаев оқыды.

Астаналық мәслихаттың 3 кезектен тыс сессиясы болып өтті

29.04.16 Депутаттарға қарастыруға бір ғана мәселе ұсынылған. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алумен байланысты жер телімдерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім-шарттар жобасын келісу туралы астаналық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов баяндады.

Астаналық мәслихат қаланың кәсіподақ орталығымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды

22.04.16   Кездесу барысында мәслихат депутаттары мен қалалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері пікір алмасты және ортақ түрде шешімін табуы тиісті қала тұрғындарының өзекті мәселелерін атап көрсетті.

Есилов Сансызбай Сейтжановичтің төрағалық етуімен Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

18.04.16 Кеңес мүшелерінің қарастыруына қала экономикасы, көлік инфрақұрылымы, агроөнеркәсіптік кешен, астанадағы қоғамдық көлік және ғимараттарды қайта құру мен қайта жобалауға байланысты 15 маңызды мәселе ұсынылған. 

Қалалық мәслихаттың VI-шақырылымының екінші кезектен тыс сессиясы болып өтті

15.04.16 Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов «Астана қаласының тұрғындарының жекелеген санаттарына атаулы күндер мен мереке күндері қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» баяндама оқыды.

Астаналық мәслихатта семинар-жиналыс өткізіліп, мұнда алтыншы шақырылымның қайта сайланған депутаттарына олардың құқықтары, міндеттері және жұмыс сипаттары түсіндірілді

11.04.16 Мәслихат депутаты Жанат Нурпиисов айтып кеткендей, өткен сайлау алды кампаниясы барысында сайлаушылардан көптеген мәселелер, өтініштер мен арыздар келіп түскен, олардың шешімін табу халық қалаулыларының жұмысының негізгі өзегі болуы керек. Бұл жағдайда оларды үлкен жауапкершілікпен қарастыру қажет.

Астаналық мәслихатта семинар-жиналыс өткізіліп, мұнда алтыншы шақырылымның қайта сайланған депутаттарына олардың құқықтары, міндеттері және жұмыс сипаттары түсіндірілді

11.04.16 Мәслихат депутаты Жанат Нурпиисов айтып кеткендей, өткен сайлау алды кампаниясы барысында сайлаушылардан көптеген мәселелер, өтініштер мен арыздар келіп түскен, олардың шешімін табу халық қалаулыларының жұмысының негізгі өзегі болуы керек. Бұл жағдайда оларды үлкен жауапкершілікпен қарастыру қажет.

Астана қ. Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

04.04.16 Кеңестің қарастыруына 10 сұрақ қойылды.