Новости

Астана мәслихатының 58-кезектен тыс сессиясында 2015-2017 жылдарға арналған астана бюджетіне өзгеріс енгізілді

16.10.15  Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нурпейісов Астана бюджетіне енгізілген нақтылаулар туралы халық қалаулыларына баяндады. Оның айтуынша Астананың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсу қарқыны қаланың бас қаржы құжатының  кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысында «2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау жүйесін дамыту туралы» мәселе қарастырылған

30.09.15  Астаналық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов «2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау жүйесін дамыту туралы» мәслихат шешімін орындау бойынша баяндамамен сөз сөйледі, ол Бағдарламаны іске асыру кезеңінде астаналық денсаулық сақтау саласында 4 алғашқы медициналық-санитариялық көмек

Қалалық мәслихаттың 57 сессиясы шеңберінде депутаттар астананың тұрғын үй қорын жаңғырту, қоғамдық көліктегі жол жүру тарифтерін келісу, халықтың әлеуметтік осал жігі ішінен күндізгі оқитын студенттері үшін жеңілдіктер мәселелерін талқылады

23.09.15 Сессияның негізгі мәселесі бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов сөз сөйледі. Ол 2011 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы айтты.

Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласындағы коммуналдық жүйелерді жаңғырту мен дамыту, энерготиімділікті арттыру мәселелері «дөңгелек үстел» барысында талқылады

18.09.15 Халық қалаулылары астаналық мәслихаттың кезекті сессиясы шеңберінде бар проблемалар мен алдағы жоспарлар туралы білу үшін үстел бойына ТКШ жаңғырту Бағдарламасы әкімшілерін, мердігерлерді, КСК төрағаларын, энергетиктер мен басқа да коммуналдық қызметтердің өкілдерін жинады.

Астана мәслихатының депутаттары кезекті сессияға дайындық шеңберінде Астана қаласындағы тұрғын үй қорын жаңғырту барысымен танысты

10.09.15 Халық қалаулылары жөндеу жұмыстарының қаншалықты сапалы жүріп жатқанын білу үшін екі үйге барды. Бөкейхан көшесі бойынша 30-үйдің жұмысы аяқталған десек те болады. Мұнда электрсымын, су құбырларын, жылу желілерін ауыстырып, энерготиімді терезелер орнатылды.

Мәслихаттың 56 кезектен тыс сессиясы өтті, оның шеңберінде халық қалаулылары астананың 2015-2017 жылдарға арналған бюджетінің өзгерістерін қарады

10.09.15 Астаналық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейсов әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуында жағымды көрінгенін көрсете отырып, еліміздің бас қаласының бюджетіндегі өзгерістер туралы айтты.

Мәслихат хатшысы Сансызбай Сейтжанұлы Есіловтің төрағалық етуімен қалалық мәслихатта өткен жария тындауда қала депутаттары «Бизнестіңжолкартасы 2020» бағдарламасын іске асыруды талқылады

27.08.15 Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Әлия Қожабаева депутаттарға астанада«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылып жатқаны туралы айтты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай қалалық мәслихаттадепутаттарды және Астана қаласының Құрметті азаматтарынмерейтойлық медальдармен салтанатты марапаттау өтті

27.08.15 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылқтынығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауғаелеулі үлес қосқаныүшін,сондай-aқ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметiне тұлғалар осы медальдармен марапатталды.

Қалалық мәслихатта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлжан Қарағұсова мен Татьяна Яковлеваның қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті

19.08.15 - Елдегі экономикалық ахуал дереу шаралар қабылдауды талап етеді. Ресей рублінің, қытай юаньінің құнсыздануы, Қырғызстанмен шекараның ашылуы бюджетке кіріс әкелетін отандық өндірушілер үшін қосымша қиындық тудырды.

Қалалық мәслихат депутаттары Мирас Шекеновтің төрағалық етуімен құрылыс, экология, көлік, сауда, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысында Астана аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидаларын талқылады

19.08.15 Астаналық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Құрманғалиев халық қалаулыларын ведомство әзірлеген Астанада иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидаларын сақтаумен таныстырды.

Кезекті сессияға дайындық шеңберінде және білім деңгейін арттыру мақсатында мәслихат хатшысы С.С.Есіловтің төрағалық етуімен депутаттарды құқықтық оқыту өткізілді.

14.08.15 "Өркен қала" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры Қахармен Жазин мәслихат депутаттарын 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасымен таныстырды.

А.К.Байгенжиннің төрағалық етуімен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

14.08.15 Халық қалаулылары "Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ төрағасының міндетін атқарушы Мейрамбек Ахметовтің "Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарында өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдары туралы" баяндамасын тындады.

Қалалық мәслихатта Н.И. Мещеряковтың төрағалық етуімен заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

12.08.15 Астана қаласының ішкі істер департаменті Әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Бахытжан Малыбаев халық қалаулыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жай-күй мен шаралар туралы айтты.

В.М.Досаевтің төрағалық етуімен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

21.07.15 Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты түсімдерін тиімді болжау мен болжамдауды қамтамасыз ету бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жұмысы және елдің бас қаласының бюджетін қалыптастыру туралы басшы орынбасары Гүлнәр Жүсіпова айтып өтті.

Астана мәслихатының 55 кезектен тыс сессиясы болып өтті

17.07.15 Әкімдіктің ұсынысы бойынша сессияның қарауына бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне кейбір функцияларды беріп, бірнеше басқармаларды қайта құрылымдау арқылы Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын өзгерту туралы мәселе шығарылды.

Астана қаласында мәслихаттың 54-ші сессиясы өтті

24.06.15 Күн тәртібіндегі «Қалада қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарушылық органдардың қызметі туралы»бірінші мәселе бойынша астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов сөз сөйледі.

Мәслихат хатшысы Сансызбай Сейтжанұлы Есіловтің төрағалық етуімен қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу мәселелері қалалық мәслихатта «дөңгелек» үстелде талқыланды.

19.06.15 Астана қаласының Табиғиресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділбек Сәрсембаев хабарлағандай жыл өткен сайын астананың экологиялық ахуалы нашарлауда.

Депутаттар «Қалада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарушы органдардың қызметі туралы» кезекті сессияның негізгі мәселесін дайындау шеңберінде астана қалдықтарын көму және кәдеге жарату объектілерінде болды

18.06.15 «Астана Эко-Полигон НС» МКК директорының міндетін атқарушы ЮсупКелигов депутаттарды қалдықтарды көмудің ескі қалалық полигонымен және ағымдағы жылдың аяғында іске қосылатын қатты тұрмыстық қалдықтарды көму үшін жаңа полигонның екінші ұяшығының құрылысымен таныстырды.

Депутаттар«Қалада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарушы органдардың қызметі туралы» кезекті сессияның негізгі мәселесін дайындау шеңберінде ТЭЦ-2 барды.

17.06.15 «Астанаэнергосервис» АҚ басқармасы төрағасыСауырбайЕсжановжәне «Астана-Энергия» АҚ басқармасытөрағасыМақсатЕрдембековхалық қалаулыларын ТЭЦ-2 қондырғыларымен таныстырды. Атап айтқанда, депутаттар ТЭЦ-2 сағатына120 Мегаватт номиналды қуаты бар бесінші агрегат, келесі азда енгізілетін салынып жатқан жетінші Е550қазандық агрегаттары жұмысын қарады.