Новости

Сайлаушыларды не толғандырады

17.02.17 «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 1-сайлау округінің депутаты, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат  Ғазизұлы Нұрпейісов, «Сарыарқа»  ауданы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Вячеслав Сергеев, қалалық құрылымдардың өкілдері азаматтарды қабылдад

Депутат А.Ж.Табулдинамен кездесу

15.02.17 Депутат Алтыншаш Табулдина №8 сайлау округінде сайлаушылармен, еңбек ұжымымен Н.Назарбаевтың Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті бөлу мəселесі туралы арнайы үндеуін талқылау үшін жəне Ел Президентінің Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөнінде бірнеше кездесу өткізді.

Еңбек ұжымында кездесу

15.02.17 Астана қаласы мəслихатының депутаты Е.Т. Есенжолов "Астана Агродор" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Сайлаушылармен кездесу

15.02.17 Бүгін астаналық мәслихат депутаты Абден Қарақат өз округінің тұрғындарымен кездесу өткізді, оның барысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауы талқыланды.

Медицина қызметкерлерімен кездесу

10.02.17 № қалалық ауруханада Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау мақсатында кездесу өтті. Президент жолдауының негізгі қағидаларын талқылауға мәслихат депутаты А.Ф.Ким қатысты. Тыңдаушылар ерікті түрде Жолдаудың бас басым міндетімен танысып шықты.

Сайлау округтерінде депутаттардың Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруі жалғасын тауып отыр.

10.02.17 Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі қағидаларын  түсіндіру мақсатында № 45 орта мектеп ұжымы алдында астаналық мәслихат депутаты Абден Қарақат Жақсылыққызы сөз сөйледі.

Депутат Зауре Гинаятовна Жусупова өзінің сайлау округінде бірқатар кездесулер өткізді

10.02.17 Ел Конституциясына енгізілген түзетулерді талқылау бойынша сайлаушылармен болған алғашқы кездесу «Астана» телеарнасының мәжіліс залында өтті.

Мәслихат депутаты "Астана-Жылутранзит" АҚ еңбек ұжымымен кездесті

10.02.17 21-сайлау округінің депутаты Ғайдар Қабдоллаұлы Қасенов "Астана-Жылутранзит" АҚ еңбек ұжымына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді.

Медициналық қызметкерлер Президенттің Жолдауын талқылады

09.02.17 Депутат А.Ф. Ким «Қалалық №7 емхана» медициналық қызметкерлері ұжымында Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылауға қатысты.

6636 әскери бөлімінің мерейтойы

09.02.17 6636 әскери бөлімінің өзінің құрылғанына 56 жыл толған мерейтойын атап өтті. Әскерилерді мерекесімен құттықтауға басқа бөлімдер командирлері мен ардагерлер келді. Астана қаласы мәслихатының депутаты Манжанова Ирина Рихардовна да қалыс қалмады.

Депутаттардың сайлау округтарында Президент жолдауын талқылау басталды

08.02.17 Мәслихат депутаттары М.Е. Тулеутаев және А.Б. Аюпов Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын  Астана қаласы әкімдігінің «Онкологиялық орталығы» еңбек ұжымында талқылауға қатысты. Депутат М.Е.

Жұмысшы мамандықтарына тегін оқытады

07.02.17 Астана қаласының мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында депутаттар қала мекемелерінде тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу және Астана қаласының білім беру мекемелеріне ат беру мәселелерін қарастырды.

Астаналық мәслихат депутаттары Президент жолдауын талқылауға қатысты

04.02.17 Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының міндеттерін жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыста Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің жолдауында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бес негізгі басымдықты анықтағанын және олар экономикалық дамудың жаңа үлгісін қалыптастырып, елдің дүние жүзіндегі 30 алдыңғы қатарл

Туристік Астана...

31.01.17 Астана қаласының мәслихатының тұрақты комиссиясының мәслихат хатшысы Нурпиисов Жанаттың төрағалығымен өткен бірлескен отырысында Астана қаласының аумағындағы туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен үйлестіру мәселесі қарастырылды.

Мемлекет басшысының сөзін депутаттар қолдады

30.01.17 Астаналық мәслихатта ағымдағы жылы 28 қаңтарда қалалық мәслихаттың заң, құқықтық  тәртіп және қоғаммен жұмыс бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Гайдар Касеновтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер енгізу мәселесін талқылау бойынша отырыс болып өтті.

Адам мәселесі - басты міндет

26.01.17 «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қоғамдық филиалында Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нуприисов азаматтарды қабылдады. Қабылдауға алты адам жазылған. Тұрғындар тұрғын үй мәселелерінің шешімін табуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін, әлеуметтік көмек көрсету және басқа да мәселелердің шешімін табу үшін көмек сұрады.

Астананың кішкентай тұрғындарына арналған бала бақшалар

24.01.17 Шайдаров Мажит Зейнулловичтің төрағалығымен өткен Астана қаласының мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының  отырысында астанадағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту жағдайы мен перспективалары мәселелері қарастырылды.

Астананың қоғамдық тамақтандыру объектілері депутаттардың назарында

23.01.17 Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде Жунусов Сарсембек Ендибаевичтың төрағалық етуімен қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй бизнесі саласындағы мекемелер ұсынатын қызметтердің қызмет көрсету деңгейі мен сапасының жағдайы жайлы мәселе қаралды.

С.Е.Жунусовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

19.01.17 Астаналық мәслихат депутаты Оралов Асхат Раздыковичтен мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түсті, - деп хабарлады қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Иглик Жалбиров.

Астананың қоғамдық кеңесі кәсіптік белсенділер алдында есеп берді

17.01.17 Астана қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Мейрамбай Оралов Астана кәсіптік орталығының Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысып, 2016 жылғы Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы есеп берді.