Ақтөбе облысында қаза тапқан Өзбекстанның 52 азаматын еске алуға арналған Ботаникалық бақта ағаштар отырғызудың салтанатты рәсімі өтті

2018 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасында Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ниязходжаев Саидикрам Пархатұлы мырзаның қатысуымен осы жылғы қаңтарда Ақтөбе облысында мезгілсіз қаза тапқан Өзбекстанның 52 азаматын еске алуға арналған ағаштар отырғызудың және ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Астана қаласының мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов ашылу салтанатында сөз сөйлеп, осы қайғылы оқиғаға байланысты біздің өзбек бауырластарымыздың қайғысына біз шын жүректен ортақтасамыз, - деді.

Біздің халықтар ортақ түбірімен, сан ғасырлық бірлескен тарихымен, көршілік және өзара көмек дәстүрлерімен тығыз байланысты.

Бүгін ағаштар отырғызып және ескерткіш тақтасын орнатып, біздің халықтар арасындағы үлкен және көп қырлы достық төсеміне біз тағы бір жіпті қоса өреміз.

 

Бұл достық барлық салаларды және екіжақты ынтымақтастықтың бағытын қамтиды, және жыл сайын ол күштірек нығаюда.

Біздің бауырластық байланыс тереңдігінің айқын куәлігі осы жылдың наурыз айында екі мемлекеттің басшыларымен ашылған, Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізу болды.

 

Біз жергілікті деңгейде де тығыз қызмет істейміз. Ташкент және Астана алғашқы серіктес қалалардың бірі болып табылады. 1998 жылдың 30 қазанында екі астананың басшылары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.

Астанада өзбек диаспорасы 10,5 мың адам бар деп есептейді және қаланың қоғамдық өміріне белсенді рөл атқарады.

 

Астана қаласының мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов тұрақты сындарлы ынтымақтастығы мен өзара түсіністігі үшін Қазақстан Республикасында Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ниязходжаев Саидикрам Пархатұлы мырзаға және Елшіліктің ұжымына алғыс білдіріп, оның құрметті және жауапты жұмысына Елші мырзаға табыс, ал бауырлас өзбек халқына – амандық және одан әрі өркендеу тіледі.